Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгінгі жұлдыз жорамал: 27 маусымда сізді не күтіп тұр

Опубликовано:

Жұлдыз жорамал
Жұлдыз жорамал: Unsplash

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз кейбір шешімдеріңізге өзгеріс енгізіп, күніңізді тиімді жоспарлап, денсаулыққа, қызметке қатысты пайдалы кеңестер ала аласыз.

Тоқтылар

Бүгін қоластындағы адамдармен жылы қарым-қатынаста болу ерекше маңызды. Қызметкерге жанашырлық танытып, ризашылық білдіру арқылы қолдау көрсетіңіз: бұл жұмыстағы жағымды қарым-қатынастарды нығайтады.

Бүгін иммунитетіңізге және жалпы денсаулығыңызға назар аударыңыз. Дұрыс тамақтану, дәрумендер мен антиоксиданттарға бай тағамдарды жеу арқылы иммунитетіңізді нығайтуға тырысыңыз.

Торпақтар

Мансап жолында жаңа белестерді бағындыру мүмкіндігі туады. Дегенмен осы кезеңде ұстамды болу және басқа қызметкерлердің жетістіктері есебінен тым көп амбицияларды көрсетпеу және сақтық таныту маңызды.

Отбасыңызға көңіл бөліңіз. Балаларыңызбен үстел ойындарын ойнаңыз, бірге қызық мультфильмдер көріңіз, әлем туралы қызықты кітаптар оқыңыз. Балаларыңызға жақын адамдарды өздеріңізбен бірге балалар театрына немесе балалар іс-шарасына шақырыңыз: бұл қарым-қатынасты нығайтып, жақсы көңіл-күй сыйлайды.

Егіздер

Қарым-қатынаста жағымды тосынсыйлар болуы мүмкін. Күтпеген жерде жақсы адамды кезіктіруіңіз мүмкін.

Жақындарыңыздың көңіл-күйіне түсіністікпен қарап, пікірін, таңдауын сыйлаған жөн, онымен келіспей тұрсаңыз да, айыптамауға тырысыңыз.

Шаяндар

Ас мәзіріңізге көкөніс салатын көбірек қосқан жөн. Жеңіл-желпі керіліп, созылу жаттығуларын жасауды ұмытпаңыз.

Әріптестеріңізбен қызық әрі шығармашылық тақырыпта жақсы әңгіме-дүкен құра аласыз, бірақ әңгіме үстінде сыпайы болуға, пікірін мұқият тыңдауға әдеттенген жөн.

Арыстандар

Алдын ала ойластырылмаған әрекетке бармаңыз. Достарыңызға баруға асықпаңыз, кездесуді алдын ала жоспарлаңыз. Біреуді ренжіткіңіз келмесе, кездесуден мәдениетті түрде бас тарта білген жөн.

Бүгін романтикалық көңіл күйде боласыз. Бірақ бұл сүйіктіңізден де соны талап ету керек дегенді білдірмейді, оның да көңіл күйіне, қалауына құлақ асыңыз.

Бикештер

Бүгінгі күніңіз түрлі эмоцияға толы болады, отбасыңызға жақын болуға тырысыңыз, олардың қолдауы сіз үшін шынымен маңызды болады.

Егер кәсіпті өзгертуді жоспарлап жүрген болсаңыз, бұл істі дүйсенбіден бастаған дұрыс. Жаңа жұмыс орнындағы бірінші жұмыс күні сізге оның ұнайтын-ұнамайтынын тезірек аңғаруға мүмкіндік береді.

Таразылар

Онлайн сөйлесіп жүрген таныстарыңызбен жақынырақ танысу жолын іздеңіз. Бұл жаңа байланыстар орнатуға және достықты нығайтуға мүмкіндік береді.

Күнделікті мәселелерде бүгін отбасы мүшелеріне қарсы келмеуге тырысыңыз. Олардың кеңесіне құлақ асып, шешімді бірге қабылдаған жөн.

Сарышаяндар

Балаларыңызбен түрлі ойындар ойнап, оларды бірге ойнауға үйретіңіз. Балаңыздың зейінін арттыру үшін үстел ойындарын таңдауға кеңес береміз.

Қарым-қатынаста ұстамдылық танытыңыз, асығыс әрекеттер жасамаңыз, жұбыңыздың сізге қысым көрсетуіне жол бермеңіз. Махаббатта қысымға, соның айтқанымен жүруге жол жоқ екенін ұмытпаңыз.

Мергендер

Қарым-қатынаста сүйіктіңізбен барынша ашық болыңыз, одан ішкі күйіңізді, қалауыңызды жасырмаңыз, сонда қарым-қатынаста үйлесім болады.

Бүгін жаңа іскерлік бастамалар үшін сәтті күн туып тұр. Жаңа жауапкершіліктерден қорықпаңыз, тәуекелге бел буып, қарым-қабілетіңізге иек артып, алға ұмтыла беріңіз.

Тауешкілер

Отасыңызбен болашақ жоспарларыңызды талқылаңыз. Бұл іске ес біліп қалған балаларды да араластырып, олардың ді ой-пікірін тыңдап көрген жөн.

Денсаулығыңызға көңіл бөліп, ұйқы мен тамақтану режимін ретке келтіруді ойластырыңыз. Маусымдық дәрумендерді көбірек тұтынып, таза ауада ұзағырақ серуендеңіз, бұл күш-қуатыңызды, жұмысқа деген белсенділігіңізді арттырады.

Суқұйғыштар

Біліміңізді жетілдіруге және кәсіби қарым-қабілетіңізді арттыруға көңіл аударыңыз. Әріптестермен, серіктестермен жақсы қарым-қатынас орнатуға машықтанған жөн, бұл сіздің табысты болуыңызға ықпал етеді.

Жазғы демалысыңызды пайдалы өткізу жағын ойластырыңыз. Осы уақытты пайдаланып, көптен ойлап жүрген идеяларыңызды іске асыруға болады.

Балықтар

Бүгіннен бастап өзгелерге тым жоғары талап қою әдетін азайтып, айналаңыздағы адамдардың да қалауына құлақ түріп, әңгімелесу барысында, қандай да бір жоспар құрар кезде ортақ келісімге келу жағын ойластырған жөн.

Уақытыңыздың көбі түрлі әлеуметтік желіні ақтарумен өтіп жатқан жоқ па? Осы жөнінде ойланып, соңғы іс-әрекеттеріңізді бақылап көріңіз. Жаяу жүру, созылу немесе фитнес сабағына бару сіздің денсаулығыңызға әлдеқайда пайдалы екенін ескеріңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2124693-bugingi-zhuldyz-zhoramal-27-mausymda-sizdi-ne-kutip-tur/