Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арыстан бақытты бола түсіп, Суқұйғыш байиды: 2024 жылдың шілде айына арналған қаржы жұлдызнамасы

Жарияланған күні:

Жұлдыз-жорамал
Жұлдыз-жорамал белгілері. Көрнекі сурет: pixabay.com

Меркурий, Венера және Арыстандағы Күн фонында болатын Юпитер шілдені кереғар етеді. Кейбір белгі өкілдеріне жаздың ортасы сәтті болады. Ал кімді сәттілік күтіп тұрғанын астролог Нина Хан айтып берді.

Тоқты

Skyhoroscope астрологиялық басылымы жазғандай, шілде айында Тоқтылар харизмасы арқылы кез келген әлеуметтік ортада көзге түсетін көшбасшыға айналады. Күн мен Марс 25-27 шілдеде бір-бірімен үйлесім табады, бұл белгі өкілдерінің өзін-өзі дамытуы үшін тамаша кезең.

20 шілдеде үйлесімді аспектіде болатын Марс пен Нептун Тоқтының жауынгершілік қасиетін бәсеңдетеді. Бұл сүйікті адамыңызбен арадағы қарым-қатынасыңызға оң әсер етеді. Осы айда Тоқты керемет физикалық пішінде болады. Спортпен айналысыңыз, саяхаттаңыз, жаяу жүріңіз.

Торпақ

3 шілдеде Венера мен Сатурн үйлесімді аспектіде болады. Бұл Торпаққа ақылды дос және тәлімгер табуға ықпал етеді. Бұл ресми мекемелердегі құқықтық мәселелерді шешуге қолайлы уақыт. 15 шілдедегі Марс пен Уранның Торпақта бірігуі қолайлы жағдай жасап, ескі жұмысыңызға оралуға мүмкіндік береді. Сұхбат сәтті өтеді.

Венера Сатурнмен үйлесімді аспектіде болады және 11 шілдеде Арыстанға енеді, бұл сүйікті адамыңызбен қарым-қатынасыңызды жақсартуға көмектеседі. Қиын адамдармен қарым-қатынасты тоқтатыңыз. Өзіңізден ақша үнемдемесеңіз, денсаулығыңыз қиындық тудырмайды.

Жеміс-жидектер
Жеміс-жидек сатылатын дүкен. Көрнекі сурет: pixabay.com

Егіздер

Almanac порталының хабарлауынша, Егіздер үшін шілде айы қарқынды әрі қызықты өтеді. 2 шілдеде шығармашылықпен айналыссаңыз, табыс әкеледі. 3 шілде күні қомақты қаржыға тауар сатып алу үшін қолайсыз. 8 шілде, дүйсенбі жұмыс пен мансап үшін қолайлы. Бұл күні Уранмен Венера және Юпитермен Меркурий планеталары даулы мәселелерді шешуге, ақыл-ой мен қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етеді.

20 шілдеде кикілжіңге келмеңіз, себебі бұл даудың соңы мәңгіге созылуы мүмкін. Серігіңізбен қарым-қатынаста оған назар аударып, қамқорлық, шыдамдылық танытыңыз. Ортақ мақсаттарға бірге қадам жасаңыз. Спорттық шараларды өткізіп алмаңыз.

Шаян

6 шілдеде Шаяндағы жаңа Ай және 2 шілдеде Нептун ретросының басталуы - өткен қателіктерге талдау жасайтын және алдағы күндерге сәтті жоспарлар құратын кезең. Шілдеде Шаяндарға тұрақтылық пен икемділік қажет, өйткені бұл айда уақыт тығыз. Тамыз айында ақпарат жинап, қорытынды жасаңыз.

Қатынасқа келетін олсақ, сіз жалғыз болғыңыз келеді. Егер бойдақ болсаңыз, әлеуетті серіктестердің көзінен жоғалып кетпеңіз. Кештер өткізіп, кездесулерге барыңыз. Эмоцияларыңыз бен жүйке жүйеңізге назар аударыңыз.

Арыстан

Astro-Seek басылымының астрологиялық күнтізбесіне сүйенсек, шілдеде бірнеше жеке планета Арыстан белгісінде кездеседі. Меркурий 2 шілдеде Нептунмен бірге үйлесімді аспектіде осы белгіге енеді. Көпшілік алдында сөйлеу және көшбасшылықты көрсету үшін тамаша сәт күтіп тұр.

10 шілдеде Күн Сатурнмен үйлесімде болады, демек бұл - сенімді іскер серіктес табу үшін қолайлы уақыт. 22 шілдеде Плутонға қарама-қарсы келетін Күн біраз өзімшіл етеді. Сүйіктіңізді кездейсоқ кеудеден итермеу үшін осы жағынан мұқият болыңыз. 11 шілдеде Арыстандағы Венера ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға және тамаша серікті кездестіруге қолайлы болмақ.

Лимонад түрлері
Жемістерден жасалған лимонад. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бикеш

Астролог Нина Ханның айтуынша, шілденің бірінші аптасы астрологиялық аспектілер тұрғысынан бояуы қанық оқиғаларға толы болады. Мұны мансапта және жеке қарым-қатынаста ілгерілеу үшін пайдаланыңыз. 26 шілдеден бастап Меркурий Бикешке ауысады, бұл айдың соңғы аптасын мансап жолындағы жетістіктерге жету үшін қолайлы етеді. Қорытынды жасаңыз, сыйақы алу мүмкіндігі бар.

Қарым-қатынас бойынша үйлесімділік пен қолдау бар. Сүйіктіңізбен бірге тұру үшін көшуге болады. Ұсыныс жасап, үйленіңіз. Бұл ай - жүкті болу және бала туу үшін жақсы сәт. Жан тыныштығының арқасында денсаулығыңыз жақсы болады.

Таразы

Medium әлеуметтік басылымы Таразылардың мансабы көпшіліктің назарында болатынын жазады. Алға қадам басып, өзіңізді дәлелдейтін кез келді. Қарастырылып жатқан жоба 8 шілдеде көпшіліктің назарын аударады. Дипломатиялық дағдылар кез келген командаға қосылуға көмектеседі.

Өзіне сенімділік сыйлайтын Таразылар өзгелердің назарын аудартады. Әлі бойдақ жүргендер махаббатын корпоративтік кеште кездестіреді. Әдемі ванна, дәмді тағам немесе табиғатта бір күн серуендеу сіздің қалыпты және позитивті күйде жүруіңізге көмектеседі.

Сарышаян

Elle сән журналы жазғандай, Меркурий 2 шілдеде Сарышаянның мансап секторында пайда болғаннан кейін, ол тамаша қарым-қатынас дағдыларын көрсетеді. Пайдалы байланыстар орнатылады және жаңа жобалар пайда болады. 20 шілдеден бастап Марс ғаламшары сізді шекаралар мен идеалдарды қорғауға итермелейді. Азды қанағат тұтпаңыз.

Қарым-қатынаста керісінше, өзіңізді нәзік етіп көрсету керек. Романтика қосыңыз, үйленгендеріңізге ұзақ уақыт болса да, кездесулерге барыңыз. Артық тамақтанбаңыз, өйткені салмақ қосу ғана емес, ас қорыту жүйесінде мәселелер туындау қаупі жоғары.

Әріптестер кездесуі
Әріптестер арасындағы коворкинг. Көрнекі сурет: pixabay.com

Мерген

7-8 шілде аралығында Юпитер апаттар осі деп аталатын Альдебаран мен Антарес жұлдыздарының арасындағы аймақтан өтеді. Жұмыста Стрелец өрт сөндіруге немесе тесіктерді жабуға араласпауы керек. Біз нақты, сауатты және дәл әрекет етуіміз керек.

Америкалық People апталығы атап өткендей, жаз айларында Мергендерде махаббат пен неке үшін жұлдыздардың ең жақсы үйлесімі бар. Саяхатта немесе кездесуде жақсы адамды кездестіре аласыз. Сонымен қатар Мерген мүлдем жаңа типті ұнатады. Күннен сақ болыңыз, себебі күйіп қалу қаупі жоғары.

Тауешкі

5 шілдеден бастап Сатурн Марспен үйлесімді аспектіде бола отырып, кері қозғалысын бастайды. Бұл қателіктеріңізді түсініп, қиындықтардан құтылудың ең жақсы уақыты. Жалпы жағдай жеңілдейді, бұл сізге мәселелерге тез жауап беруге мүмкіндік бермейді. Қауіпсіздікке жол бермеңіз, тамызда демаласыз.

21 шілдеде Тауешкідегі толық Ай (Бұғы ай) жігер беретін керемет күн болады. Қарым-қатынаста нәзік болыңыз және эмоцияларды көрсетуге келгенде ұстамды болыңыз. Бұл жағынан бейтарап позицияны ұстаныңыз. Егер сіз әлі де бойдақ болсаңыз, мінсіз серігіңіздің бейнесін көз алдыңызға елестетіп, ой жүгіртіңіз.

Суқұйғыш

Шілденің бірінші жартысы тұрақты табыс әкеледі. 18 шілдеде Күнмен үйлесетін Уран Суқұйғыш сипатының шығармашылық қырын ашады. Бұл жұмысыңызға оң әсер етеді. Әсіресе сүйікті хоббиімен ақша тапқандардың жолы болады.

Бойдақ Суқұйғыштар үшін шілде айы танысу, кездесу және романтика уақыты болады. Тұрақты жұптар балалармен және күнделікті тіршілікпен көбірек айналысады. Денсаулық жағдайы тұрақты жақсы. Оны нығайту үшін табиғи су қоймаларында шомылыңыз, күн астында болыңыз және көп серуендеңіз.

Теңіз жағасы
Теңізге шомылған адамдар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Балықтар

Юпитер 7-8 шілдеде Балықтарды алаңдатпайды. Позитивті көңіл-күй тіпті қиын тапсырмаларды оңай шешуге көмектеседі. Жоспар құрыңыз, өз жобаларыңызды бастаңыз немесе басқа командалардың жұмысына қосылыңыз. Шілденің соңы сізді жомарт төлемдермен қуантады.

Ерлі-зайыптылар болашақты талқылап, жоспарлар жасайды. Серігіңіздің мүдделерін ескеріңіз, сонда ешқандай келіспеушілік болмайды. Бірге демалу жаңа жұптардың қарым-қатынасын нығайтады. Күнделікті тәртіпті бұзбасаңыз, денсаулығыңыз қиындық тудырмайды.

Жаздың ортасы барлық зодиак белгісіне көптеген мүмкіндік тарту етеді. Олардың дені табысқа жетеді. Шілдеде бақытты өмір сүру үшін жұлдыздардың нұсқауына үңіліп көріңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2126964-arystan-baqytty-suquigysh-baiidy-2024-zhyldyng-shilde-aiyna-arnalgan-qarzhy-zhuldyznamasy/