Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жазғы ауа райын қазақтар қалай болжаған: "тоғыс" туралы не білесіз

Опубликовано:

Сары гүлдер
Жаздағы әдемі гүлдер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Көшпелі тіршілік кешкен қазақ халқы даланың сырын жақсы меңгерген. Жаз жайлауда, қыс қыстауда өмір сүрген қазақ айналасына қарап ауа райын болжай білген. Қазақтар жазғы ауа райын қалай болжаған? Осы мақаламыздан қызықты мәліметтер оқи аласыздар.

Қазақ халқы ауа райын қалай болжаған?

Ерте кезеңде сайын даланы мекен еткен әрбір қазақ алда болатын ауа райын болжай білген. Бұл сөзімізге тұздық ретінде el.kz сайтында жарияланған "Ежелгі қазақтар ауа райы мен табиғат апатын қалай болжаған?" сұхбатын негізге алып көрсек. Сұхбатта белгілі этнограф, фольклоршы Болат Бопайұлы қазақ халқының ауа райын болжауына қатысты мынадай пікір білдірген:

Халық арасында арнайы аспан жұлдыздарының орын алмасуына қарап, ай қабағы мен күн дидарының құбылуына бағып әр күнгі, әр аптадағы, әр айдағы, әр жылдағы ауа райының өзгерісін бақылап, қай уақытта жауын-шашын болады, қай кезде қалың қапсағай қар жауып, боран соғып, қатты күн суытып, сақылдаған сары аяз келетінін біліп, оны малшы қауымға күн ілгері мәлімдеп, болатын алапаттардан сақтануға шақырып отырды. Сол білімнің негізінде малшылар қауымы алдында жайылып жүрген қазынасы болған малын апатқа ұшыратып алмай, байлықтарын балқытып, көңілдерін шалқытып ұстай білді.

Қазақ халқы ұшқан құсқа, атқан таңға, батқан күнге, аққан суға, ауған бұлтқа, жымыңдаған жұлдылға, қорадағы малға, жердегі жыбырлаған жәндікке, өскен шөпке, ұлыған итке, шақырған қоразға, жел бағытына және басқа да белгілерге қарап білген. Толып жатқан белгі бейнеге қарап ауа райын, су тасқынын, өрт апатын, қуаңшылық апатын, зілзала боларын қанық және анық біліп отырған. Мұндай төл тәжірибелер күнделікті отбасында, ошақ қасында, дастанда ұрпақтарына күнде-күнде айтылып отырғандықтан қазақтың құйма құлақ жас балалары оны қалт жібермей қағып алып, ақыл қалтасына салып алып, өзінің төл біліміне айналдырып алған.

Қазақ халқы жаздағы ауа райын табиғат құбылыстарына, жан-жануарға қарап қалай болжаған?

  • Бозторғай ұясын ойпаңға салса, жаз қуаң болады. Қыратқа салса, жаз жауынды болады.
  • Шағала ұшуын сиретсе, ауа райы өзгеріп бұзылады. Қатты шаңқылдап мазасызданса, дауыл тұрады.
  • Көбелек жерге жабысып қонса, жаңбыр жауатынының белгісі.
  • Батпақ бақалары кешкілік ұзақ бақылдаса, еретеңгі ауа райы өте жақсы болады.
  • Күн мұнартып шықса, ыстық көтеріледі. Күн қызыл шапаққа оранып батса, ертеңіне ыстық болады.
  • Үркер суға түссе, күн жауынды болады, қырға түссе, құрғақшылық болады.
  • Жылқы жазда ыққа қарап жусаса, қыс қатты болады. Ішін тартса, ауа райы бұзылады. Ал жазда қырға шығып үйездесе, қыс қатты болатының белгісі.
  • Жаңбыр сіркіреп тұрғанда тауықтар далада жем іздеп жүрсе, ақ жауын болып ұзаққа созылады.
  • Күн көзі жаз айларында бұлттанып батса, жаңбыр жауады. Бұл қыс айларында қардың белгісі.
  • Жаз айларында көк жүзі күн жеген шүберектей бозарып көрінсе, қыстың былтырғыдан да қатты болатынын білдіреді.
  • Жаз құйынды болса, қыс аязды болады.
Өрмекші торы
Өрмекшінің тоқыған торы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Түркістан Қайысбайұлының "The Qazaq Times" сайтында жарияланған "Ауа райына қатысты қазақтың халықтық болжамдары" мақаласында Үркер жұлдызына қарап ауа райын қалай болжауға болатыны жайлы айтылған:

Қазақтың есепші, жұлдызшыларның бақылауы бойынша маусым айының бірінен бастап үркер көкжиектен көтерілмейді, содан шілде айының он жаңасында көрінеді. Ал 21 шілде үркер айдың қасынан көруге болады. Үркер мен Айдың қатар көрінуін қазақ "Тоғыс" деп атайды.

Жұлдыздар көрінісі
Жұлдызды аспан бейнесі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бір жылда он рет тоғыс болады: 21 шілде, 19 тамыз, 17 қыркүйек, 12 қазан, 13 қараша, 11 жетоқсан,3 ақпан, 5 наурыз, 9 сәуір, 7 мамыр күндері.

Тоғыс кезінде Үркер мен Ай бір-бірінен алыс болса, халық тәжірибесінде: "Бұл екеуі бір-бірімен қырбай болған екен, қырсық мал мен жанға тимесе" деп қауіптенеді екен. Ал егер Үркер мен Ай жақын орналасса, шаруақор қазақ "міне екеуінің жайы жараса қалған екен, мал мен жанның жағдайы жаман болмас!" - деп отыратын болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2127123-zhazgy-aua-raiyn-qazaqtar-qalai-bolzhagan-togys-turaly-ne-bilesiz/