Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Есіл ағады": ел астанасы туралы ең әсерлі әрі танымал әндер топтамасы (видео)

Опубликовано:

Астана қаласы
Астана қаласы. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Қазақстанның жүрегі, мәдениеті мен саясатының орталығы Астана қаласы, еліміздің мақтанышы болып табылады. Ел астанасына арналған әндер қазақтың рухани әлемін, патриоттық сезімдерін тереңдетіп, ерекше әсер қалдырады. Мақалада Астана қаласына арналған ең танымал және жүректен орын алған әндер топтамасын ұсынамыз.

"Есіл ағады"

Композитор Ахмедия Есмұхановтың әніне сөзді ақын Ғалым Жайлыбай жазған. "МузАРТ" тобының орындауындағы ән сөзі ақынның осы аттас жыр жинағына енген.

"Астанам – Ақ Ордам"

Әнін жазған сазгер Еркен Ынтықбаев 2007 жылы Астана қаласының 10 жылдығына арналған байқауында "Ақ ордам – Астанам" әні үшін арнайы сыйлыққа ие болған. Ал сөзін Иран-Ғайып жазған.

Орындаушысы Роза Рымбаева "Ел жүрегі – Астана" концертінде "Астанамыздың бұдан да ерекше көркейіп, дүние жүзіндегі ең сұлу қала болатынына мен сенемін, сіздерге де сондай сенім тілеймін", - деп таныстырған болатын.

"Астана"

Қайрат Нұртастың хит әніне айналған, елорда туралы ең танымал әндердің бірі болған бұл туындысының әнін Самат Рыспанбетов жазған. Ал ән сөзінің авторы Назгүл Бердіқожа.

"Арман қала"

Композитор Ержан Серікбаевтың "Жігіттер" тобы орындайтын "Арман қала" әні де талайдың жүрегінен орын алған туынды.

"Елімнің жүрегі"

Алтынай Жорабаева орындайтын "Елімнің жүрегі" әні де танымал. Сөзін Сараш Қоңырбаева жазған. Әні Махамбет Түгелбаевтыкі. "Елімнің жүрегі Астана" 2003 жылы "Азия дауысы" аясында ұйымдастырылған бай­қауда жүлделі орынды еншілеп, халықтың ыстық ықыласына бөленген.

"Жетісу" басылымына берген сұхбатында Жорабаева бұл әннің тарихын былай түсіндірген екен:

"2002 жылдың желтоқсан айы болуы керек, марқұм Қайрат Жәнібеков ағамыз түн жары­мында қоңырау шалып: – Кере­мет ән туып тұр. Келесің ба бір­ге қарап көрсек. Характерін сәл өзгерту керек секілді, – деді. Қарсылық танытпастан шақыр­ған жерден табыла қалдым. Қайрат аға: – Қайырмасы "Жар­қырап жайнай берші сен Ас­та­на" деген сөзге сұранып тұрған әуен, – деп тіпті осы тұсын өзі жа­зып кетті. Негізінде бұл Ма­хам­бет Түгелбаев ағамыздың әні болатын. Сәл өзгешелік ең­гізіп, ұжымдық жұмыс ретінде бірігіп өңдедік. Сазы дайын болған соң сөзін ақындарға жаздыртсақ ұзақ күтіп қала­мыз-ау деген оймен мұғалім Сараш Қоңырбаева апамызды екілер шамасында қоңырау шалып, шақырып алдық. Сараш апа 20-30 минуттың ішінде сөзін жазды. Міне, бұл осылай сәтті шыққан ән болды. Оны мен де жан-тәнімді салып орындадым", - дейді әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алты­най Жорабаева.

"Астана"

Ағайынды Жүгінісовтер орындаған тағы бір ән елорданың құрметіне арналған. Бұл әнді ағайындылар сөзін де, әнін де өздері әзірлеген.

"Таңшолпан" бағдарламасы да елордаға арналған әндер топтамасын жасаған екен:

Астана қаласына арналған әндер әрбір қазақстандықтың жүрегінде ерекше орын алады. Бұл әндер елорданың әсемдігі мен рухани байлығын, оның даму жолындағы жетістіктерін дәріптейді. Әндерді тыңдау арқылы біз Астана қаласына деген мақтаныш сезімін сезінеміз және оның келешектегі жарқын болашағына сенеміз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2128374-esil-agady-el-astanasy-turaly-eng-aserli-ari-tanymal-ander-toptamasy-video/