Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерте тұратындар мен кеш жататындар: қайсысының зияткерлік қабілеті мықтырақ

Жарияланған күні:

Ұйқы
Көрнекі фото: Pexels

Жұмыс қабілеті түстен кейін тиімді болатын адамдар бар. Олар кешке және түнге дейін ұзақ уақыт жұмыс істей алады. Оларды үкі деп атау әдетке айналған. Ал "Бозторғайлар" – таңертең ерте тұру оңай болып, таңертеңгі уақытта ең белсенді болатындар, бірақ кешкі 22:00-ге қарай оларды ұйқы басады. Ғалымдар осы екі топтағылардың қайсы зияткерлік тесттерін жақсы тапсыратынын айтып берді. Бұл туралы The Guardian жазды.

Британдық ғалымдардың зерттеулеріне сенсек, өзін "үкі" қатарына жатқызатын адамдар "бозторғайлармен" салыстырғанда интеллект және жады тесттерін жақсырақ тапсырады екен.

Лондон Империялық колледжі ғалымдарының басшылығымен зерттеушілер 26 мыңнан астам адам қатысқан сауалнама деректерін зерттеп, интеллект, ойлау, реакция уақыты және жады тесттерінен өткізген.

Одан кейін олар ұйқының ұзақтығы, сапасы және хронотип (адамның қай уақытта өздерін ең сергек және өнімді сезінетінін анықтайтын көрсеткіш) мидың жұмысына қалай әсер ететінін талдаған.

Зерттеушілер кеш жататын адамдар мен "аралық" типке жататындардың когнитивті көрсеткіштері жоғары екенін, ал "бозторғайлар" ең төмен балл жинағанын анықтаған.

Кеш жату әдеті дәстүрлі түрде шығармашылық ойлаумен байланыстырылады. Осындай суретшілер, жазушылар және музыканттар Анри де Тулуз-Лотрек, Джеймс Джойс, Канье Уэст және Леди Гага өздерін "үкілер" қатарына жатқызған немесе жатқызады. Сонымен қатар саясаткерлер Маргарет Тэтчер, Уинстон Черчилль және Барак Обама "бозторғайлар" тобына жатады.

Лондон Империялық колледжінің хирургия және онкология кафедрасының клиникалық ғылыми қызметкері, зерттеудің жетекші авторы доктор Раха Уэст ұйқының табиғи тенденцияларын түсіну маңызды екенін, бірақ әр адамның оңтайлы мөлшерде ұйықтауы қажет екенін есте сақтау керегін айтты.

Ұзақ ұйықтау да, жеткілікті ұйықтамау да зиян екен. Оның айтуынша, ұйқы денсаулықты сақтау және мидың ең жақсы жұмыс істеуі үшін өте маңызды.

Сонымен қатар сарапшылар осы зерттеудің нәтижелерін түсіндіруде сақ болуға және оны тікелей әрекет ету нұсқаулығы ретінде қолданудан аулақ болуға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2135073-erte-turatyndar-men-kesh-zhatatyndar-qaisysynyng-ziiatkerlik-qabileti-myqtyraq/