Бүгінгі жұлдыз жорамал: 21 шілде күні сізді не күтіп тұр
Жарияланған күні:
Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.
Тоқтылар
Жоғары нәтижеге жету үшін сіз өз жұмысыңызға барынша назар аударуды үйренуіңіз керек.
Балалармен жұмыс істеу сізге үлкен рахат сыйлайды. Сіздің қамқорлығыңызды қажет ететін үй жануарларына көңіл аударыңыз. Балаларыңызбен серуендеңіз.
Торпақтар
Мансап жолында табысқа жету үшін біліміңіз бен дағдыларыңызды әріптестеріңізбен бөлісуге дайын болыңыз.
Бүгін эмоционалды деңгейде шынайы және ашық болыңыз. Бұл қасиеттер сізге мансап жолында жетістікке жетуге көмектеседі.
Егіздер
Бүгін диета бастауға немесе тамақтану режиміне өзгеріс енгізуге қолайлы күн. Осы сәтті пайдаланып, жаңа әдет қалыптастыруды қолға алыңыз.
Бүгін достарыңыздан қамқорлық күтпеңіз – сіз оларды шамадан тыс эмоционалдылықпен алыстатып алдыңыз, енді соны түзетуге тырысасыз. Шын жүректен кешірім сұрап, ескі достарыңызбен қарым-қатынасты қалпына келтіруге күш салыңыз, бірақ жаңа достармен абай болыңыз.
Шаяндар
Жақын арада жұмыс ауыстыруды ойлап жүрген болсаңыз, түйіндемеңізді бірнеше компанияға жіберіп көретін сәт туды.
Күш-қуатты қалпына келтіру үшін ұйқы режимін сақтап, дұрыс тамақтану қажет. Түнде тамақтану әдетінен бас тартыңыз: майлы тағамдарды жеуге болмайды, бірақ сонымен бірге бір стақан сүт немесе су ішу керек.
Арыстандар
Көшбасшылық деңгейінде жұмыс істеудің жаңа тәсілін іздеп көріңіз. Бұл сізге мол табыс әкеледі.
Шынайы әрі мейірімді достар табуға күш салыңыз. Сізді қолдаудың орнына бастамаларыңызды артқа тартатын адамдардан аулақ болыңыз. Тым сезімтал болмаңыз.
Бикештер
Қарым-қатынаста жасаған барлық күш-жігеріңіз үшін өзіңізді марапаттаңыз: бүгін сіз табысқа жетесіз. Көмек сұрауға ұялмаңыз.
Денсаулыққа келсек, егер сізге медициналық көмек қажет болса, тартынбаңыз.
Таразылар
Бүгін өзіңізді нашар сезінсеңіз, үйде отырып, шөптен жасалған шай ішіп, тынығыңыз.
Бір қарапайым шындықты есте сақтаңыз: достарды ақшаға сатып алуға болмайды, нағыз достар риясыз болады.Олар үшін шын жүректен қуана біліңіз.
Сарышаяндар
Бүгін сүйікті адамыңызбен немесе жұбайыңызбен сөйлескенде, оның сөзіне, әңгімені құрастыру мәнеріне назар аударыңыз. Сіз вербалды емес қарым-қатынастан көптеген қызық жайтты байқай аласыз. Қарым-қатынаста мұқият болыңыз, нәтиже көп күттірмейді: сіздің қарым-қатынасыңызда үйлесімділік орнайды.
Өзіңізге келетін спорт түрін таңдап, жаттығуды бастайтын уақыт келді. Денсаулық – зор байлық екенін ұмытып кетпеңіз.
Мергендер
Сізге бүгін тыныштандыратын немесе басқа дәрілерді ішуге болмайды. Олар сіздің жүйке жүйеңізді әлсіретеді.
Отбасыңыздың қолдауын сезініңіз. Жақындарыңызбен көбірек уақыт өткізуге тырысыңыз, отбасыңызбен араласыңыз. Бірге өткізген әр уақытты бағалай біліңіз.
Тауешкілер
Достарыңызбен тым сирек араласып жүрген болсаңыз, демалыстарыңызды достармен өткізуді жоспарлаңыз. Жазда достармен көкке шыққанның өзі адамды серпілтеді.
Балаларыңызға уақыт бөліңіз – отбасылық кештер ұйымдастырыңыз. Жарыңызбен сырласып, балаларыңызбен әңгіме-дүкен құрыңыз.
Суқұйғыштар
Үйде, жұмыстар барлық міндетті өзіңізге артып алмай, отбасы жүшелерінен, әріптестерден көмек сұрап, жұмысты өзара бөлісіп алыңыз. Бұл сізге жұмысты шаршамай, ешкіммен жанжалдаспай, тез бітіруге көмектеседі.
Бүгін жұмыста белгілі бір қиындықтарға тап болуыңыз мүмкін, бірақ ынта-жігеріңіздің жоқтығына қарамастан, табандылық пен еңбекқорлық арқылы сіз оларды жеңе аласыз. Жаңа жұмыс орындарынан ұсыныс түсуі мүмкін.
Балықтар
Жаңа қарым-қатынасыңызды талдауға уақыт бөліңіз. Қарым-қатынас орнату және жақсарту үшін ашық және шынайы болу маңызды. Жұбыңызды бар болмысымен қабылдауға тырысыңыз.
Осы апталарда әсіресе достарыңызға көбірек көңіл бөліңіз. Жеке немесе желіде араласатын барлық адаммен байланысты нығайтуға және оларға қолдау көрсетуге уақыт бөліңіз. Сіздің әрекеттеріңіз елеусіз қалмайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2136483-bugingi-zhuldyz-zhoramal-21-shilde-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/