Бүгінгі жұлдыз жорамал: 23 шілде күні сізді не күтіп тұр
Жарияланған күні:
Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құрып, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.
Тоқтылар
Жақын арада жаныңызға жақын адаммен кқауышудың сәті туады, көптен күткен кездесуге дайын болыңыз.
Іскерлік және кәсіби саладағы сыни жағдайлардан аулақ болыңыз. Әріптестерден жақсылықтың қайтарымы болмауы мүмкін; кез келген сынаққа психикалық және физикалық тұрғыда дайын болыңыз. Қажет болса, демалыс алыңыз.
Торпақтар
Сізге қиын шешім қабылдауға тура келуі мүмкін, бірақ оны ақылмен жасаңыз. Достарыңыз сіздің көзқарасыңызды қолдайды және сынамайды
Қақтығыстар мен жанжалдардан аулақ болғыңыз келсе, отбасыңызға құрмет пен төзімділік танытуға дайындалыңыз. Отбасында тыныштықты қамтамасыз ету үшін қолыңыздан келгеннің бәрін жасауыңыз керек.
Егіздер
Балаларыңызға көбірек көңіл бөліңіз. Жұмыстан кейінгі уақытыңызды балалармен пайдалы өткізу жолдарын жоспарлаңыз.
Қарым-қабілетіңізді шыңдап, қызметте өсу жолдарын қарастыратын кез келді. Қандай қабілетіңізді шыңдау керек екенін анықтап, соған көбірек көңіл бөлгеніңіз жөн.
Шаяндар
Жарыңызбен алғашқы танысқан жылдарды еске түсіріп, романтикалық кеш ұйымдастырыңыз. Бұл арадағы қарым-қатынасты нығайта түседі.
Жұмысқа да көңіл бөлу қажет. Қазіргі уақытыңыз бен еңбегіңіз сізді көп ұзамай жетістікке жеткізеді.
Арыстандар
Денсаулығыңыз сыр бермесе де, дәрігерге қаралып, маманның кеңесімен ағзаңызға қажет дәрумендерді қабылдаған жөн.
Жақындарыңызға қолдау көрсетіңіз. Демалыста отбасыңызбен бірге физикалық белсенділікпен айналысыңыз. Сол арқылы өзіңіздің сүйікті ісіңізді тауып алуға болады.
Бикештер
Достарыңыз сізге көмек сұрап жүгінсе, қолдау көрсетіп, әрдайым сізге иек арта алатынын көрсетіңіз. Қиын сәттер шынайы достарды сұрыптап шығарады.
Отбасы мүшелеріне агрессия көрсету психологиялық проблемалардың белгісі болуы мүмкін.
Таразылар
Жеке өміріңзде жағымды оқиғалар басталады. Бірақ бәрін бұзбау үшін импульсивті әрекеттерден аулақ болыңыз, себебі кейін өкініп қауыңыз мүмкін. Сіз үшін қарым-қатынас, ең алдымен, жауапкершілік және басқа адамның лайықты серіктес ретінде қабылдауы.
Бүгін жақындарыңыздан сыйлық алуыңыз мүмкін.
Сарышаяндар
Клиенттермен жұмыс істеген кезде қиындық тумауы үшін барынша сабыр сақтауға тура келеді.
Достарыңызға көмек қолын созыңыз, соңғы кезде ойландырып жүрген мәселесі болса, асықпай тыңдап, ақыл-кеңесіңізді беріңіз, барынша қолдау көрсетіңіз.
Мергендер
Жұбыңызбен қарым-қатынастың жаңа деңгейіне өткіңіз келсе, барынша батыл қадам жасаңыз. Романтикалық кештер, бағалы сыйлықтар да артықтық етпейді.
Медитация жасап көріңіз. Медитация жасауды құп көрмейтін болсаңыз, саябақтарда жалғыз серуендеудің өзі де ойыңызды ретке келтіруге көмектеседі.
Тауешкілер
Диетадан бас тартқаныңыз жөн. Тек пайдалы тағамдарды тұтынуға тырысыңыз және соны әдет ке айналдырыңыз.
Әлеуметтік ортаңызды кеңейтуді қарастырыңыз: бұл сіздің бүкіл отбасыңызға пайдалы болады.
Суқұйғыштар
Әріптесіңізбен жақсы достық қарым-қатынаста болуға тырысыңыз. Егер жанжалдасып қалсаңыз, қарым-қатынас сіз үшін өте ауыр болады.
Егер сіз отбасында шиеленісті сезінсеңіз немесе туыстарыңызбен ортақ тіл таба алмасаңыз, эмоция басылған кезде сөйлесіп, бір-біріңізді түсінуге тырысып көріңіз. Қандай жағдай болмасын, сабырлы болуға тырысыңыз.
Балықтар
Отбасыңызда ойламаған жерден түсініспеушіліктер туындауы мүмкін. Жарыңызбен проблемалар жөнінде ашық сөйлесуді әдетке айналдырыңыз, бұл жақындасуға, қиындықтарды бірге шешуге ықпал етеді.
Өміріңіздегі әр жақын адамға жеткілікті көңіл бөлуге және қамқорлық жасауға уақыт бөліңіз. Олардың кішігім кемшіліктерін елемеуге болатынын ұмытпаңыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2137575-bugingi-zhuldyz-zhoramal-23-shilde-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/