Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ретроградты Меркурийдің адам өмірі мен денсаулығына қандай әсері бар: тамыз айына арналған болжам

Жарияланған күні:

Ретроградты Меркурий. Көрнекі сурет
Ретроградты Меркурий. Көрнекі сурет: pixabay.com

Тамыз айында ретро планеталардың қатарына Меркурий қосалады. Планетаның кері қозғалысы адамдар өміріне тікелей әсер етпек. Ретроградты Меркурийдің тамыз айындағы адамзатқа әсері туралы астролог Маресса Браун айтып береді.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • 2024 жылдың тамызында Меркурий планетасы ретроградты қозғалысқа енеді, бұл адамдардың өміріне әсер етеді деп астролог Маресса Браун айтады.
  • Ретроградты Меркурий 5 тамыздан 27 тамызға дейін созылады, бұл кезеңде техникалық ақаулар, қарым-қатынас мәселелері туындауы мүмкін.
  • Әр жұлдыз белгісіне астролог Маресса Браун арнайы болжам жасап, ретроградты Меркурийдің әсерін азайту үшін кеңестер береді.

2024 жылдың тамыз айындағы ретроградты Меркурийдің ерекшеліктері мен күндері

2024 жылдың маусымына дейін Күн жүйесінің барлық планеталары тік қозғалса, сосын ғажайыптың күшімен аспан әлемінде таңғажайып астрологиялық шоу басталды. Биылғы жазда барлық жеке планеталар (Плутон, Сатурн, Нептун, Хирон) ретроградтық кезеңді өткеруде. Жаздың соңғы айында кері қозғалысты Күн жүйесінің ең кішкентай және жылдам планетасы — Меркурий бастайды.

Әдетте аспандағы планеталар Күнмен бірдей бағытта — батыстан шығысқа қарай қозғалады. Астрономияда мұндай қозғалысты тік немесе градталған қозғалыс деп атайды. Starwalk.Space астрономиялық басылымының мәліметінше, планетаның орбитадағы кері қозғалысының оптикалық иллюзиясын астрономияда ретроградтық қозғалыс деп атайды екен (лат. "retrogradus" - "артқа жылжу"). Мұндай кезеңде жерден бақылаушыларға планеталар шығыстан батысқа қарай жылжитын сияқты болып көрінеді.

Тұңғиық аспан әлемі. Көрнекі сурет
Тұңғиық аспан әлемі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Әдетте Меркурийдің жер бетінен кері қозғалысын көру қиын. Себебі аталған планета Жер мен Күннің арасында орналасқан, сондықтан ол Күн сәулесінің әсерінен көрінбей қалады. Тек XVI ғасырда, Николай Коперник ғаламның гелиоцентрлік моделін Күнмен байланыстырған кезде ғана ғалымдар ретроградтық қозғалыстың иллюзия екенін түсінді.

Ғалымдар ретроградтық қозғалыс аспан денелерінің орбиталық жылдамдығының айырмашылығынан туындайтынын айтады. Ол Жер планеталардың жанынан өтіп, онымен бір осьте тұрған кезде ғана байқалады екен.

2024 тамызында ретрограды Меркурий қашан болады? Астрология және өзін-өзі тану бойынша жетекші Collective World журналының хабарлауынша, тамыз айында Меркурий Жермен бір оське келеді және оның ретроградтық қозғалысының басталуы шығыс уақыты бойынша 5 тамызбен пара-пар келетін көрінеді. Осылайша, планета 27-ші тамыздан кейін өзінің тік қозғалысын бастайды. Меркурий жылына үш–төрт рет ретроградты болады.

Бұл құбылысты байқау үшін планетаның аспандағы орнын күн сайын бір уақытта белгілеу керек. Осылайша, бірнеше аптадағы бақылаулардың нәтижелерін біріктіру арқылы планетаның кері қозғалысын көруге болады.

Галактикадағы планеталар. Көрнекі сурет
Галактикадағы планеталар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ретроградты Меркурий өзін-өзі тану, сезіну және Арыстан сияқты өзіне деген сенімділікке байланысты сабақ алуға көмектеседі. Ол басқа адамдарға қызмет етуге, перфекционизмге, әл-ауқатқа және Бикеш белгісі сияқты өмірді жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл күндерді сәтті өткізу үшін, астрологиялық кеңестерге құлақ түріңіз.

Ретроградты Меркурийдің адамдарға әсері

Ақпарат пен коммуникациялар, хабарламалар мен саяхаттар планетасы Меркурийдің ретроградтық қозғалысы кезінде, техникалық ақаулар, қоңыраулардың үзілуі және адамдар арасындағы қарым-қатынас мәселелері туындауы мүмкін. Бұл кезеңнің әсерін азайтуға болады. 2024 жылдың тамыз айында ретроградты Меркурийден қалай қорғануға болады? Келесі кеңестерге назар аударыңыз:

  • Келісімшарттарға қол қоймаңыз және өмірді түбегейлі өзгертетін шешімдер қабылдамаңыз.
  • Файл, хат және хабарламаларды жоғалтпау үшін ақпарат ағынын қадағалаңыз.
  • Қаржы негізіндегі мәселелерді уақытында шешіңіз, ақша мен несиелік міндеттемелерді реттеңіз.
  • Бұрынғы серіктестермен татуласыңыз, романтикалық және достық қарым-қатынасты қалпына келтіріңіз.
  • Айналаңыздағы адамдар үшін сыншы, агрессор және ұрысқақ адам болмау үшін, эмоционалды жай-күйіңізді қадағалаңыз.
  • Әсерлі тақырыпқа сенбеңіз, кез-келген жалпыға қол жетімді ақпаратты тексеріңіз.
Тау төбесендегі ару. Көрнекі сурет
Тау төбесендегі ару. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ретроградты Меркурий кезеңінде шаршау мен белгісіздік сезімі пайда болады, сондай-ақ қарым-қатынас дағдарысы басталады. Астролог Маресса Браун әрбір жұлдыз белгісіне мынадай болжам жасайды:

  • Тоқтылар өмірлерін шығармашылық және шабытпен толтырады, олар күнделікті жүмыстарын қайта қарайды әрі денсаулықтарына көңіл бөледі.
  • Торпақтар жақын адамдармен қарым-қатынас және өмір сүру жағдайларына назар аударады.
  • Егіздер ескі білім мен дағдыларды жаңартады, қарым-қатынас деңгейін жақсартады.
  • Шаяндар қаржы саласына, шығын, ақша жинау және инвестицияға мән бере бастайды.
  • Арыстандар мансап және серіктестік мәселелерімен айналысады.
  • Бикештер өзінің психологиялық әл-ауқаты, түйсігі, арманына және денсаулықты қалыпқа келтіру мәселесін қолға алады.
  • Таразылар не туралы армандайтынын және қандай әлеуметтік топтарға жататынын түсінеді.
  • Сарышаяндарға өз пікірі үшін жауапкершілікті өз мойнына алып, күші мен ықпалы бар адамдармен қарым-қатынас орнатуға кеңес беріледі.
  • Мергендер мамандығына назар аудара бастайды, білімін тереңдеткісі келеді.
  • Тауешкілер жеке шекараларын құрып, өмір сүру шығындарын отбасы мүшелерімен бөліседі.
  • Суқұйғыштар өзіне кедергі келтіретін кез келген байланыстарды өткенге қалдыруы керек.
  • Балықтар зиянды әдеттерден бас тартады және жеке өмірін ретке келтіреді.
Саябақтағы жұп. Көрнекі сурет
Саябақтағы жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Астролог Роя Баклундтың айтуынша, тамыздағы ретроградты Меркурийдің салдары 11 қыркүйекке дейін созылады. Осы кезеңде шындықты қабылдап, болашаққа жаңа жоспарлар құру керек. Тамыздағы ретроградты Меркурий - бұл ойлануға және қайта ойлауға мүмкіндік беретін кезең.

Сол себепті кез келген бастаманы қолға алмастан бұрын, бәрін тексеріп алғаныңыз маңызды. Бірнеше аптадан кейін өмір әдеттегі бағытқа оралатынын есте ұстаған жөн. Тамыздағы ретроградты Меркурий айдың көп бөлігінде жалғасады. Ол жұлдыз белгілері мен адамдардың өмір әр саласына әсер ететін болады. Аталған кезең оң әсер ету үшін, астрологтардың ұсыныстары мен кеңестеріне құлақ асыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2144758-retrogradty-merkuriiding-adam-omiri-men-densaulygyna-qandai-aseri-bar-tamyz-aiyna-arnalgan-bolzham/