Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зейнетке шыққан жандарды қалай ерекше құттықтауға болады

Жарияланған күні:

Зейнеткер ер адам
Зейнет жасындағы ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Өмір жолындағы елеулі сәттердің бірі зейнетке шығу кезеңі. Себебі адам баласы үшін қандай да бір қызметтің, мансап жолының аяқталар тұсы болады. Ал бір салаға талай жылын арнап, сол бір жұмыстың тасын өрге домалату үшін білімі мен еңбегін аямаған жандарға жылы лебіз айту ерекше құрмет болып саналады. Бұл жазбамыздан зейнетке шыққан жандарға арналған құттықтаулар мен өлең шумақтарын таба аласыздар.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Зейнетке шығу өмірдегі елеулі сәт болып, адамдарға арнайы құттықтаулар мен өлең шумақтары арқылы құрмет көрсетуге болады.
  • Ұсынылған құттықтау тілектерінде зейнеткерлердің өмірлік тәжірибесі, еңбек жолындағы жетістіктері мен ұрпаққа үлгі болатын қасиеттері атап өтіледі.
  • Мақалада зейнетке шыққан жандарға, соның ішінде ұстаздарға арналған өлең жолдары мен тілек үлгілері берілген.

Зейнетке шыққан жанды қалай құттықтауға болады?

Зейнетке шыққан ата-анаға, әріптеске арнап жүрекжарды лебізіңізді білдіргіңіз келсе, мынадай құттықтау сөздерді айтуға болады:

Жүйрік уақыт мағыналы ғұмырыңыздың биік бір белесіне жетті. Осындай кемел кезеңге тың жігермен, емен-жарқын көңілмен келдіңіз. Адам баласының өміріндегі бел-белестердің бәрі де елеулі болса керек. Ал 63 жастың орны мүлдем ерекше. Әрбір адамның өзіне тән өмір жолы, тыныс-тіршілігі болады. Десе де сіңірген еңбегі, көрген бейнеті мен татқан зейнеті, шыққан асу-белестері әр қилы. Өнегелі өмір жолында сыйластық пен достықтың үлгісін көрсетіп, үлкенге құрмет, кішіге ізет болар ұлттық дәстүрлерді дәріптеп жүрген сізге деген құрметіміз зор. Қызмет жолында қажыр-қайратыңыз арқылы абырой биігінен көрініп, ұрпағыңызға үлгі болар абзал жан ретінде өзіңізді таныта білдіңіз. Мерейлі мерекеңіз құтты болсын! Ғұмырыңыз ұзақ болсын деп тілек білдіреміз!

***

ust.kz сайты абыройлы еңбекпен құрметті зейнет жасына шыққан жандарға арнап мынадай құттықтау тілектерін ұсынады:

Кейбір ағашы жуан, жапырағы қалың болғанына қарамастан қатты жел тұрса, тамырымен қопарылып құлап қалады. Ал қайың ағашы жіңішке, нәзік болғанымен қатты жел тұрғанда сәл майысады да, жел басылған соң бойын қайта тіктеп, жапырақтарын күннің нұрына малындырып жайқалып тұрады.

Бүгінгі туған күн иесі емен ағашы секілді өмірде де, қызметте де басына қандай қиын іс түссе де жасымаған, бағы жанса тасымаған, тіршіліктің қандай ауыртпалығын, қиын кезеңдерін көрсе де мойымай, күресе білген азамат, мықты қызметкер екенін зейнет жасына үлкен абыроймен келіп тағы бір дәлелдеп отыр. Сіз өз мамандығыңыздың қоғамдағы рөлінің маңыздылығын тек ұжым ішінде ғана емес, өзге де адамдар арасында дәлелдей білдіңіз. Еңбек етудегі кәсібилігіңіз мәртебеңізді арттырғаны анық. Сіздің жастар үшін үлгі болатындай еңбек жолыңыз кімге болса да тәлім-тәрбие берері мәлім. Өміріңізге барша жарық дүние шапағатын, зор денсаулық, баянды бақыт, мейірім мен қуаныш тілеймін! Ой-мақсаттарыңыздың жүзеге асуына тілектеспін!

***

Еңбегіңіз еленіп құрметті демалысқа шыққан қуанышты күніңіз құтты болсын! Еткен еңбегіңіз бен төккен теріңіз аз емес. Ендігі сол еңбектің зейнетін көріп, ауырмай-сырқамай немере, шөберенің ортасында аяулы әже деген атты иеленіп жүре беріңіз! Құрметті демалысыңыз 100 жасқа дейін ұлассын!

***

Еткен еңбектің еленгені кімге де болса қуаныш, көңілге үлкен медет! Қуанышыңыз құтты болсын! Еңбек демалысыңыздың әр күні шалқыған шаттыққа, ұл-қыздарыңыздың ортасында бақытқа толсын! Өмір жолыңыз ұзақ болып, көрген бейнетіңіздің зейнеті жүз есе, мың есе болып денсаулық, бақыт, байлық алып келсін! Жапырағын жайған мәуелі бәйтеректей ғұмыр тілеймін!

Қарт адам
Қарт адамның қолы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Зейнетке шыққан жандарды құттықтауға арналған өлең жолдары

Әдетте кез келген қуанышты күнде өлең жолдарын арнаған әсерлі болады. Сондықтан мына шумақтарды зейнетке шыққан жанға арнап оқып берсеңіз қуанып қалары сөзсіз:

Зейнет жасқа жетіп кепсіз зымырап,

Бірақ қимыл әлі жастай шымыр-ақ.

Еңбегіңіз зейнет болсын ендігі

Күндеріңіз мұң салмасын қырындап.

Талай күндер төккен термен өткен күн,

Қуаныштың нәрі көктен сепкен күн.

Талай жылдар тағылымы толысып,

Еңбектен соң зейнет келіп жеткен күн.

Осы жасқа жеткен де бар, жетпеген…

Жаратқанның нұры сізде көктеген.

Зейнет жастың бар қызығын көрсетсін,

Көңіл деген көркем кейіп көк дөнен.

Зейнет жасына шыққан ұстаздарға арналатын өлеңдер

Ақ жүрекпен сезіп ұстаз бақытын,

Шәкіртімен өткен барлық ғұмыры.

Сізге арнаймыз тілектің ең жақұтын,

Даңқыңыздың биік болсын тұғыры

***

Зейнет жасы құтты болсын, апайым,

Мына өмірде көрдің қиын талайын.

Қиын белдер артта қалып бақ келсін,

Қара шаштың ақ шалмасын самайын.

***

Талай күндер төккен тер мен өткен күн,

Қуаныштың нәрі көктен сепкен күн.

Талай жылдар тағылымы толысып,

Еңбектен соң зейнет келіп жеткен күн.

Еленді еңбек қуанышты бәріміз,

Зейнет жаспен құлпырады сәніңіз.

Жалынды жас кейпін әлі сақтапсыз,

Қуанышқа ортақ кіші-кәріміз.

***

Сіз ұстазсыз, барша жан ардақтайтын,

Қанша жас сізге ұқсауды армандайтын.

Еткен еңбек, төккен тер жемістерін,

Көретін кезде келді ұлықтайтын.

Гүл шоғы
Алқызыл түсті гүл шоғы. Көрнекі сурет: pixabay.com

***

Қызмет деген бір белестен өтіп, құрметті демалыс деген кезеңге жеттіңіз! Қуанышыңыз ұзағынан болсын! Ағайын-туыстың құрметіне, немере мен шөберелердің шу-күлкісіне, ұл-қыздарыңыздың қуанышты шақтарын ғана көріп, әдемі ғұмыр кешіңіз!

***

Даналығы дария жанды зейнетке шыққан жасымен құттықтаймын! Отбасыңызға береке-бірлік, ұзақ ғұмыр тілеймін! Өмір көшінің алдыңғы сабында ақылшымыз болып жарқырап жүре беріңіз!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2153223-zeinetke-shyqqan-zhandardy-qalai-erekshe-quttyqtauga-bolady/