Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

IQ-і жоғары: әлемдегі ең ақылды 10 ит тұқымы

Жарияланған күні:

Читать на русском
Жұмыс үстелінле отырған ит
Ит. Көрнекі фото: freepik.com

Ерекше интеллектке ие ит тұқымдары болады. Оны жануардың жүріс-тұрысынан аңғаруға болады. KAZ.NUR.KZ PetMD журналы мен америкалық итбегілер клубы келтірген деректерге сүйене отырып, ең ақылды иттер рейтингін ұсынады.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Америкалық кинологиялық клуб пен PetMD журналы әлемдегі ең ақылды ит тұқымдарының рейтингін жасаған, оның ішінде бордер-колли, пудель және неміс овчаркасы бар.
  • Ақылды иттер жаңа командаларды тез үйреніп, күрделі тапсырмаларды орындай алады, бірақ оларға тұрақты физикалық және ақыл-ой белсенділігі қажет.
  • Рейтингте алтын ретривер, доберман-пинчер, шотланд овчаркасы, лабрадор-ретривер, папийон, ротвейлер және аустралиялық бақташы ит сияқты тұқымдар да бар, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері мен қабілеттері бар.

Бордер-колли

Америкалық кинологиялық клуб (American Kennel Club) әлемдегі ең ақылды иттер рейтингін ұсынды. Әлемдегі ең ақылды ит қандай ит? Бордер-колли төрт аяқты жануарлар арасында IQ бойынша көш бастап тұр. Бұл ит жаңа сөздер мен командаларды тез үйренуге өте қабілетті.

Ит
Ит. Көрнекі фото: pixabay.com

Бордер-колли – нағыз еңбекқор жануар, иесі берген тапсырманы ақылмен орындайды. Бұл жігерлі ит аджилитиге (кинологиялық спорт түрі) жиі қатысады. Оған ақыл-ойын ынталандыруға арналған тапсырмаларды қатар шешетіндей күнделікті серуендер қажет, әйтпесе ит зерігіп, тіл алмай, тіпті агрессия таныта бастайды.

Пудель

Тұрпаты шағын келген иттердің арасында ең ақылдысы қайсы? Денсаулық туралы WebMD ақпараттық веб-сайты тұрпаты кішкентай келген ақылды пудельді ерекше атап өтеді. Ойыншыққа ұқсайтын ит түрлі амалды тез меңгереді, көрерменді жақсы көреді. Сондықтан бұл тұқымның өкілдері цирк әртістері арасында жиі кездеседі.

Пудель
Пудель. Көрнекі фото: pixabay.com

Пудельдер үлкен, орташа және шағын келеді. Бірақ оның тұрпаты интеллектісіне әсер етпейді. Әрбір түр ерекше интеллектісімен ерекшеленеді. Пудель әрдайым иесінің көңілін көтеруге тырысып жүреді. Мұндай үй жануарларына көп әрекетті үйретіп, жеткілікті көңіл бөлу керек.

Неміс овчаркасы

PetMD ветеринарлық журналы неміс овчаркасы ерекше интеллектісінің, бұйрықты тез қағып алатынының және жан-жақтылығының арқасында ең ақылды ит тұқымдарының бірі саналатынын жазады. Неміс овчаркасы ақылды ит қана емес, батыл әрі табанды жануар, әртүрлі тапсырманы орындауға дайын. Иттердің бұл тұқымы іздестіру және қауіпсіздік қызметтерінде кеңінен қолданылады.

Неміс овчаркасы
Ит. Көрнекі фото: pixabay.com

Неміс овчаркалары кез келген жағдайға тез бейімделеді. Бірақ дұрыс тәрбиелеу үшін олармен тұрақты баулып, физикалық белсенділікке жаттықтыру қажет. Оларды әртүрлі бұйрықтар мен мойынсұнуға үйрету оңай. Итті оқыту процесінде оны жазалаудан гөрі оны ынталандыру жақсы нәтиже береді. Ызалы ит өз бостандығын қорғау үшін агрессия танытуы мүмкін.

Алтын ретривер

Алтын ретривер иесінің сенімді серігі бола алады әрі оны түрлі әрекетке баулу оңай. Америкалық кинологиялық клубтың сайтында жарияланған мақала бойынша, итті жақсылап зерттеп, жаттықтыруға қажет уақыт бөліп, оның мінез-құлқының ерекшелігін түсінуге кеңес береді.

Қыз бен ит
Ит. Көрнекі фото: pixabay.com

Ретривер аң аулауда, іздеу-құтқару жұмыстарында тапсыртас көмекші, жалғызбасты адамдар мен отбасылы адамдарға тез үйренісіп кете алады. Үйде бұл жануар өзін сабырлы және мейірімді ұстайды. Ұзақ серуендеу кезінде иесіне еріп жүргенді, ойнағанды жақсы көреді. Сондықтан бұл иттерге түрлі бұйрықты ерте жастан үйрету керек.

Доберман-пинчер

Америкалық кинологиялвқ клуб ұсынған рейтингте ақылды иттер қатарына қосылған. Сырттай қарағанда, ол өте қорқынышты көрінеді.Дегенмен ол мейірімді, жанашыр және көңілді ит. Бұл ит тұқымы иесіне тез бауыр басып, оның бұйрықтарын мүлтіксіз тыңдайды. Ерте жаста әлеуметтенген добермандар кез келген жағдайда өзін қалай дұрыс ұстау керектігін біледі.

Ит
Ит. Көрнекі фото: pixabay.com

Бұл ақылды ит көбіне жеке күзетші ретінде пайдаланылады. Ол бейтаныс адамдарды өз аумағына кіргізуге болмайтынын біледі және ешқашан иесінен алыс кетпейді. Күшік кезінде бұйрыққа жауап беруді үйрету қиын болмайды. Добермандарға нақты тапсырма беріп, түрлі ойындар ұйымдастырып бергенді ұнатады.

Шотланд овчаркасы

Шотланд овчаркасы – коллидің шағын келген туысы. Америкалық кинологиялық клубтың мәліметтері бойынша, иттердің бұл тұқымы өте ақылды келеді, бұйрықтарды тез қағып алады.

Негізінен мал қайыруға бейімделген ит тұқымына жатады, бірақ пәтер жағдайында ол өзін сергек, сабырлы ұстайды. Олар бейтаныс адамдарға қатты үргенді ұнатады, бірақ бұйрық берілгенде үргенін бірден қояды.

Ит
Ит. Көрнекі фото: pixabay.com

Бұл иттер белсенді және батыл келеді. Олар физикалық белсенділікпен серуендегенді және ақыл-ой жаттығуларын ұнатады. Олардың тез үйрену қабілеті жарыстарда жетістікке жетуге мүмкіндік береді.

Лабрадор-ретривер

Америкалық кинологиялық клуб бұл тұқымды ең ақылды иттер рейтингіне кіргізген. Ол айналасын бақылай отырып, үйренуге және өз бетінше шешім қабылдауға қабілетті.

Бұл тұқымның өкілдері қателіктерді кешіре алады, сондықтан олар сенімсіз күзетші саналады. Бірақ олар өз отбасын жақсы көреді және оған тез бауыр басып, шынайы достарға айналады. Олардың интеллектісі мен ақылы инстинкт пен иіске негізделген. Дұрыс шешім қабылдау үшін ол айнала төңіректің бәрін иіскеп шығуы керек. Сондықтан олар іздеу-құтқару жұмыстарында, тыйым салынған және жарылғыш заттарды анықтауда сенімді серіктер бола алады.

Ойыншықпен ойнап жүрген ит
Ит. Көрнекі фото: pixabay.com

Бұл тұрақты жаттығуларды қажет ететін өте жігерлі ит. Бірақ кез келген әрекет мағыналы болуы керек: аң аулау, жүзу, доппен ойнау.

Папийон

Папийон (папильон) – өте кішкентай және сенімді ит. Кинологиялық клуб журналындағы мәлімет бойынша, ойыншық спаниелдердің ішіндегі ең ақылдысы болып саналады. Папийон көңілді, белсенді болып келеді.

Ақылды ит иесінің көңіл-күйін бағып, әрқашан оның айтқанын орындауға дайын жүреді. Басқа кішкентай иттерге қарағанда оған бұйрықтарды тез үйретуге болады және ерте әлеуметтену еш қиындықсыз өтеді. Үйде ол барлығымен дос болады: адамдармен де, жануарлармен де.

Ит
Ит. Көрнекі фото: pixabay.com

Ит әртүрлі трюктерді үй жағдайында да тез үйрене алады. Ол мүмкіндігі шектеулі жандардың сенімді серігі болады әрі үйін қатты үріп, қорғайды. Бұл тұқымның өкілдері жарыстарда жиі жеңіске жетеді.

Ротвейлер

Америкалық кинологиялық клуб мәліметінше, туа біткен интеллект ротвейлерге тез бейімделуге, бұйрықтар мен берілген тапсырмаларды мүлтіксіз орындауға мүмкіндік береді. Жануар айбатты көрінеді, бірақ отбасында тыныш әрі өте мейірімді ұстайды.

Иесімен серуенге шыққан ит
Ит. Көрнекі фото: pixabay.com

Ротвейлерлер полицейлердің сенімді серігі бола алады. Үйде олар асыр салып ойнағанды жақсы көреді. Ит иесі қасында тұрса да бөтен адамдарды үріп қарсы алады. Қажетсіз агрессияның алдын алу үшін оны күшік кезінен жаттықтыру қажет. Ротвейлер өте қыңыр келеді, сондықтан олар тек әділ және күшті бұйрықтарға ғана құлақ асады.

Аустралиялық ит

Аустралиялық ит аңғарымпаз әрі түлкі сияқты қу келеді. Бұл тұқымның өкілдерін жабық жерде ұстап, бағу қиындық тудырады. Оған ақылды тапсырмалар берілмесе, ит бастаманы өзі алып, нәтиже жойқын болады.

Австралиялық ит өзі сияқты батыл адамдарға келеді. Оның алдында абыройлы болу үшін оған көп көңіл бөлу керек. Әйтпесе, айлакер ит алдауды және берілген тапсырмалардан жалтаруды үйреніп алады.

Аустралиялық ит
Ит. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақылды ит асырағысы келетіндер осы ит тұқымдарының бірін таңдауына болады. Алайда ақылды иттерге көбірек көңіл бөліп, дұрыс тәрбиелеу керек екенін ұмытпаған жөн. Қараусыз қалса, бұл жануарлар ешқашан сенімді серігіңіз бола алмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2154649-iq-i-zhogary-alemdegi-eng-aqyldy-10-it-tuqymy/