Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қандай белгі иелері табысқа жетеді: қыркүйекке арналған қаржылық жұлдыз жорамал

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ақша толы сөмке ұстап тұрған әйел
Ақша. Көрнекі фото: freepik.com

Тұтылу дәлізі, ретро Уран, күзгі күн мен түннің теңелуі – қыркүйектегі тосынсыйлардың қысқаша тізімі. Бұл жайттар қаржылық жағдайға әсер етпей қоймайды. Астролог Александрия Леттман кімдерді табыс пен сәттілік күтіп тұрғанын айтып берді.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Қыркүйек айында тұтылу дәлізі, ретро Уран және күзгі күн мен түннің теңелуі сияқты астрологиялық оқиғалар әр зодиак белгісінің қаржылық жағдайына әсер етеді.
  • Астролог Александрия Леттманның айтуынша, кейбір белгілер үшін бұл ай табыс пен сәттілік әкеледі, ал басқаларына сақ болу керектігі ескертіледі.
  • Әр белгі үшін қаржылық мүмкіндіктер, инвестициялар және жұмыс саласындағы өзгерістер туралы нақты кеңестер мен болжамдар берілген.

Тоқтылар

Astrosage астрологиялық басылымының жазуынша, қыркүйек Тоқтылардың мансабы үшін маңызды ай болады. 1-4 қыркүйекте Марс пен Нептунның шиеленісті аспектісі белгіні одан да күйгелек ете түседі. Жұмыста өзіңізді бақылауда ұстаңыз, кеңсе саясатына араласпаңыз және жұмысыңызды ұқыптылықпен орындаңыз. Тұрақты жаттығулар арқылы эмоцияларыңызды бейтараптандырыңыз.

12 қыркүйектен бастап Марс пен Меркурийдің үйлесімді аспектісі іскерлік және қаржылық саладағы бақылауды қайтарады. 5, 12 және 23 қыркүйекте жобаларыңызды белсенді түрде насихаттаңыз.

Торпақтар

Gotohoroscope астрологиялық басылымындағы мәлімет бойынша, жұмыс жүктемесінің артуына қарамастан, Торпақтар сенімді жүреді. Сәттілік қаржылық мүмкіндіктерді дамытуға көмектеседі. Болашағы бар бағдарламалар жасаңыз және оларды іске асыру әдістерін белгілеп қойыңыз.

15 қыркүйекте Шолпан мен Есекқырған арасындағы үйлесімді аспект Торпақтарға қосымша ақша табуға мүмкіндік береді. Бюджетті жоспарлау мен инвестициялау үшін ең сәтті күндер – 3, 11 және 22 қыркүйек. Отбасыңызда ақшаға байланысты жанжалдардан аулақ болыңыз, дипломатия мен сендіру дағдыларына сүйеніңіз.

Ақша ұстап отырған ер адам мен әйел
Отбасы. Көрнекі фото: freepik.com

Егіздер

Астролог Александрия Леттман Егіздерге қаржылық салада шыдамды әрі сақ болуға кеңес береді. Ақшаға келгенде, интуицияңызға сенім артыңыз.

Жаңа серіктестер іздеп, 4, 12 және 23 қыркүйекте жаңа жобаларды іске қосыңыз. Балалық арманыңызға бір табан жақындайсыз. Жақында сіз күш-жігеріңіздің нәтижесін көріп, табысты болатыныңызға көз жеткізесіз.

Шаяндар

4 қыркүйектен бастап Марс Шаяндар белгісіне еніп, ондағы жасырын амбицияларды оятады. Қызметте өсуге қолайлы уақыт туады. Маңызды іскерлік шешімдер қабылдау үшін 3, 15 және 24 қыркүйекте түйсігіңізге сенім артыңыз.

Астролог Прашант Нигам ақшаны үнемдеуге кеңес береді. Белгінің кейбір өкілдеріне қаржылық кеңесші қызметі қажет болады. Табыс ағыны жақсы болады, бірақ шығын көбейеді. Бюджетті жоспарлау Шаяндарға кірістер, жинақтар мен шығыстар арасындағы теңгерімді табуға көмектеседі.

Арыстандар

8 қыркүйекте Күн мен ретро Сатурнның өзара қарсыластығы Арыстанды жүйеге қарсы шығуға, команданың бейресми көшбасшысы болуға мәжбүр етеді. Ең жақсы тактика – өзіңізді дәлелдеу, команданы басшылықпен татуластыру. Бұл сізге ресми басшы лауазымын алуға көмектеседі. Бағалы заттар сатып алуға сәтті күндер – 9, 17 және 26 қыркүйек.

Қыркүйектің басында қызметте өсу мүмкіндігі туады. Бұған интеллектуалдық еңбек пен білімді жетілдіру арқылы қол жеткізуге болады. 8 қыркүйектен бастап ықпалды тәлімгер мен демеуші іздеңіз. 14 қыркүйектен бастап бірлескен жобаларды жасайтын Арыстандарды сәттілік күтіп тұр.

Іскерлік серіктестер
Іскер әйел мен ер адам. Көрнекі фото: freepik.com

Бикештер

3 қыркүйекте Бикештегі жаңа ай қаржы саласын реттеуге көмектеседі. Бұл жылдың қалған бөлігіне бюджет құруға, қарыздар мен несиелерді өтеуге тамаша мүмкіндік тудырады. Астролог Лиз Симмонс бірнеше жобаға инвестиция салу табыстың басты кілті деп санайды.

7 қыркүйекте Меркурий мен ретро Уран шаршысы пікірлер қақтығыстарына байланысты түсініспеушілік тудырады. Кез келген келіссөздерді 2-3 күнге кейінге қалдыра тұрыңыз. 9 қыркүйекте Меркурий Бикешке кіргенде, құжат мәселелерін шешіп, шілдеде бастаған істеріңізді аяқтаңыз. Жұмыс және қаржы үшін қолайлы күндер – 6, 15 және 25.

Таразылар

Astromiracle астрологиялық басылымның жазуынша, 22 қыркүйектегі күзгі күн мен түннің теңелуі кезінде Күн Таразы белгісіне кіреді. Таразылар үшін жұмыс пен қаржы салаларында үйлесімділік пен тәртіпке жетуде 22 қыркүйек тамаша уақыт болмақ. Сондай-ақ 7, 14 және 21 қыркүйекте қаржыңызды реттеп, келісім-шартқа отырыңыз. Instaastro астрологиялық басылымы атап өткендей, қыркүйекте Таразыларға қаржылық тәуелсіздік пен тұрақтылыққа жетуге мүмкіндік туады.

Сарышаяндар

Көп шығынға қарамастан, Сарышаяндар ақшаны үнемдеп, байлығын арттыра алады, деп жазады Astroyogi астрологиялық басылымы. Қыркүйекте кәсіби салада жаңа мүмкіндіктер ашылады. 4 қыркүйекте келетін кез келген ақпаратты мүлт жібермеңіз, ол сіздің өміріңізді жақсы жаққа өзгертеді. 9-нан бастап одақтар мен колларборациялар жасаңыз.

23 қыркүйектен бастап Сарышаяндардағы Венера – ақша табуға деген көзқарасыңызды қайта қарауға тиімді уақыт туады. 6, 13 және 25 қыркүйекте инвестиция жасаңыз және еңбекақыны арттыруды сұраңыз.

Инвестиция
Инвестиция. Көрнекі фото: pixabay.com

Мергендер

Pavitra Jyotish басылымының жазуынша, қыркүйекте бұл белгі үшін жақсы қаржылық мүмкіндіктер ашылады. Ақша ағынын арттыруға жақсы мүмкіндік бар, көп шығын шықпайды. 3 қыркүйектен бастап табысты жұмыс ұсынылады.

Юпитер мен Меркурий арасындағы шиеленісті аспектіге байланысты 21 қыркүйек іссапарлар мен саяхаттар үшін тиімсіз уақыт болмақ. 7, 18 және 29 қыркүйек мәмілелер жасап, іскерлік шешімдер қабылдауға болады.

Тауешкілер

2 қыркүйектен бастап Плутон Тауешкі белгісіне аз уақытқа енеді. Бұл жағдай белгіні қаржылық жағдайын нығайту үшін әріптестерімен, серіктестерімен және туыстарымен ортақ тіл табуға мәжбүр етеді. Оған шығармашылық шешімдер мен стандартты емес тәсіл көмектеседі.

13 қыркүйектен бастап жоспарлауға назар аударыңыз. 18-нен (толық ай) жұмыс жоспарларыңызды түбегейлі өзгертуге дайын болыңыз. Егер бағалы зат сатып алуды жоспарлаған болсаңыз, әсіресе 22 қыркүйекте қаржыңызға мұқият болыңыз немесе сол күні транзакциялардан, бірдеңе сатып алудан және инвестициядан толығымен бас тартыңыз. 5, 13 және 24 қыркүйекте бизнесіңізді кеңейтіп, жаңа келісімшарттарға отырыңыз.

Құжат
Құжат жазып отырған адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Суқұйғыштар

1 қыркүйектен бастап Суқұйғыштардың билеушісі Уран ретроградты болады. Уран ретро кезеңінде қаржылық ағындардың таралуын және олардың шығу көздерін қайта қарастырыңыз. Астролог Джессика Адамс өзіңізді шектеуге және эмоция үстінде ақша жұмсамауға кеңес береді.

Қаржыдағы кез келген өзгерістер үшін ең сәтті күндер – 5, 11 және 22 қыркүйек. Қыркүйек бойы жұмыс тәсілін өзгерту үшін инновациялық әдістерді жасаңыз.

Балықтар

Күзгі тұтылу дәлізі Балықтарға әсер етеді, өйткені ол су белгісінде толық ай мен айдың тұтылуынан басталады. Бұл өзгерістер 18 қыркүйекте басталып, барлық салада түсінбеушілік туындайды. Құжаттар мен хаттарды жібермес бұрын мұқият тексеріңіз. Жақсылап ойланып алмастан күрт шешімдер қабылдамаңыз.

25 қыркүйекте Меркурийдің ретро Нептунға қарама-қарсы келуі алаяқтардың белсенді болуына әсер етеді. Күмәнді жобаларға араласпаңыз және кей адамдардың сөзіне сеніп қалмаңыз. Қаржылық жобаларды іске асыруға сәтті күндер – 7, 16 және 26 қыркүйек.

Қыркүйек қарбаласқа толы ай болады, дегенмен қаржы және қызмет саласында табысқа жетуге мүмкіндіктер туады. Батыл, ойластырылған шешімдер барлық белгіге көмектеседі. Жалпы бұл ай сәтті ай болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2155578-qandai-belgi-ieleri-tabysqa-zhetedi-qyrkuiekke-arnalgan-qarzhylyq-zhuldyz-zhoramal/