Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұнатып ем жалғыз сені: қазақша ескі әндер топтамасы

Жарияланған күні:

Микровон
Ән айтуға арналған микрофон. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ән – көңілдің ажары. Сезімнің қылын шерткен әндерді бірнеше жыл өткеннен кейін тыңдаған кезде сол баяғы күйді еске салатыны бар. Себебі әрбір жылдың өз әуені, ал әдемі әннің жып-жылы естелігі болады. Бұл жазбамызда 2004-2010 жылдар аралығында шыққан қазақ тіліндегі әндер топтамасын ұсынамыз.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Мақалада 2004-2010 жылдар аралығында шыққан қазақ тіліндегі танымал әндердің топтамасы ұсынылған.
  • Топтамаға "Сен менің бақытымсың", "Ғажайып күй", "Жалғыз аққу", "Аппақ қар", "Ұнатып ем жалғыз сені", "Ер махаббат", "Ханшайым", "Қайдасың", "Жан гүлім", "Арман" және "Белгісіз жан" сияқты әндер кіреді.
  • Әрбір әннің толық мәтіні берілген, бұл оқырмандарға сол кезеңдегі қазақ эстрадасының сүйікті әндерін еске түсіруге мүмкіндік береді.

Ән мәтіндері matinder.kz сайтынан алынды. Бұл жазбамызда көптің көңілінен шыққан ескі әндер топтамасын ұсындық:

  • Сен менің бақытымсың;
  • Ғажайып күй;
  • Жалғыз аққу;
  • Аппақ қар;
  • Ұнатып ем жалғыз сені;
  • Ер махаббат;
  • Ханшайым;
  • Қайдасың;
  • Жан гүлім;
  • Арман;
  • Белгісіз жан.

Сен менің бақытымсың

Ұнатып ем жалғыз сені,

Самалды жел кешінде.

Саған деген махаббатым

Бір көргенде келді ме?!

Сен – менің бақытымсың,

Іздеген өмірден.

Көлде жүзген аққуымсың

Сұлулықты көздеген.

Сенің сұлу көздеріңді,

Ұмыта алмадым, жаным.

Кінәм болса, кешір мені

Кінәм – ғашық болғаным.

Сен – менің бақытымсың,

Іздеген өмірден.

Көлде жүзген аққуымсың

Сұлулықты көздеген.

Нұрға толы асыл бейнең

Жанға жылу береді

Ақ ұлпадай ақша жүзді

Ойлай бергім келеді.

***

Жалғыз аққу

Айлы түнің аясында,

Мұңлы сезім таралды.

Шалқар көлдің жағасында

Жаралы бір із қалды.

Қайырмасы:

Жалғыз аққу көл бетінде жүзіп келеді,

Көз жасымен тұнық көлді тебірентеді.

Күйге салып мұңын айтып табиғатына

Сол бір аққу махаббатын қайта күтеді.

Мұңға толы жүрегіммен,

Жалғыздықты жырлайды.

Үміт оты жалындаумен

Пәк сезімі қинайды.

***

Ғажайып күй

Өзіңмен қалсам кезігіп,

Ғажайып бір күй туатын.

Екеуміз ғана сезініп,

Екеуміз ғана ұғатын

Екеуміз ғана ұғатын.

Қайырмасы:

Айтуым керек болса да,

Сөз табу қиын мұндайда.

Айым-ау, мені қинамай,

Айтқызбай білсең болмай ма?

Алаулап нұрың жүзіңнен,

Ботадай көзің мөлдіреп.

Жарқ ете қалған кезіңде,

Кетеді жаным, кетеді жаным елжіреп.

Наздана күлсең сыңғырлай,

Жадырар жаным, жанарым.

Жаңбырдан соңғы қырлардай

Дүние кетер жаңарып

Дүние кетер тазарып.

Өзіңе қалсам тіл қатып,

Зымырар қаным тулатып.

Сондағы ойым, арманым

Ғажайып күйін жырлатып

Ләззатқа кетсек бір батып.

***

Аппақ қар

Аппақ, аппақ қар,

Жер бетiнде суық ызғары.

Жұлдызға қарап

Төнiп тұрған сонау шыңдағы.

Аяңдап келем,

Қасымда сен ақырын басып.

Жүрек соғады

Саған деген көңiлiм тасып.

Қайырмасы:

Тыңдашы, ән салайын мен,

Саған арнап кеш батқан кезде.

Жас тамшылайды

Көздерiмнен,

Сен оны сезбе!

Тыңдашы, ән салайын мен,

Саған арнап кеш батқан кезде.

Жас тамшылайды

Көздерiмнен

Сен оны сезбе!

Аппақ қар ерiп,

Көктем келер шуағын жайып.

Кетiп барасың,

Барасың сен үнсiз мұңайып.

Оралшы қайта,

Оралшы қайта сен өзiме.

Ұзақ қарашы,

Баяғыдай менiң көзiме.

***

Ұнатып ем жалғыз сені

Ұнатып ем жалғыз сені,

Мөлдір қара көзіңді.

Ұнатып ем жанға бермес

Сұлу нәзік сезімді.

Қайырмасы:

Дала қандай болар еді,

Арманымдай аңсаған

Ару қандай болар еді арманым,

Арманым!

Айтқан сөзің оқ сияқты,

Жүрекке түскен шоқ сияқты

Бірақ маған сенсіз өмір жоқ сияқты.

Кеттің қайда тастап мені?

Іздедім ғой мен сені.

Айтшы жаным, жазшы маған

Сүйем деген сөзіңді.

***

Ер махаббат

Қара шашың иығыңа төгілген,

Қара көзің не жылаған не күлген.

Толғап өттің менің тұла бойымды

Бала кезден саған ғашық едім мен.

Толғап өттің менің тұла бойымды,

Бала кезден саған ғашық едім мен.

Ұғу қиын адам жанын білемін мен,

Не оқисың қабағыңнан түнерген.

Білгің келсе қара менің көзіме

Мен жайымда сұрамашы біреуден.

Білгің келсе қара менің көзіме,

Мен жайымда сұрамашы біреуден.

Жүрегімде жоқ алданыш бөтен ой,

Алдай алсам сені-ақ алдап кетем ғой.

Тағдырда да мойындаған секілді

Махаббатта мойындайды екен ғой.

Тағдырда да мойындаған секілді,

Махаббатта мойындайды екен ғой.

Күн сыйлар едім күнге жету жол қайда,

Гүл сыйлар едім күзде гүл солмай ма!

Дәл өзіндей аяулы жан аруға

Гитарамен ән сыйласам болмай ма?!

Дәл өзіңдей аяулы жан аруға

Гитарамен ән сыйласам болмай ма?!

***

Ханшайым

Сен сұлу ханшайымсың, бұралған бал қайыңсың,

Армансың бозбалаға, жар іздеген ханзадаға.

Жанымның жұлдызысың, бағымның бұлбұлысың

Шуағың таралғандай, сұлулықтан жаралғандай!

Қайырмасы:

Мың бір түң бе екенсің, ай мен күн бе екенсің?

Жұлдыздайсың маған, моншақ тағынған.

Әлде гүл ме екенсің, әлде нұр ма екенсің,

Ханшайымсың аңсап, жүрек сағынған?

Мың бір түн бе екенсің, ай мен күн бе екенсің?

Жұлдыздайсың маған, моншақ тағынған.

Әлде гүл ме екенсің, әлде нұр ма екенсің,

Ханшайымсың аңсап, жүрек сағынған?

Тотыдай түрленесің, ғажайып күйге енесің,

Назданып нұрланғанда, құлыпырады бұл жалғанда.

Аялы жан сырымсың, аяулы бал шырынсың

Шығыстың аруындай, ақ сәулелі таң нұрындай.

Қайырмасы:

Мың бір түн бе екенсің, ай мен күн бе екенсің?

Жұлдыздайсың маған, моншақ тағынған.

Әлде гүл ме екенсің, әлде нұр ма екенсің,

Ханшайымсың аңсап, жүрек сағынған?

Мың бір түн бе екенсің, ай мен күн бе екенсің?

Жұлдыздайсың маған, моншақ тағынған.

Әлде гүл ме екенсің, әлде нұр ма екенсің,

Ханшайымсың аңсап, жүрек сағынған.

Таң нұрымсың, жан гүлімсің, жан жырымсың шалқыған,

Өктемімсің, көктемімсің көңілімде балқыған.

Аққуымсың, гәккуімсің сезімімді баураған,

Тұмарымсың, сыңарымсың жүрегімді жаулаған.

***

Қайдасың

Гүл бейнеңнен сенің көз алмадым, арай бағым,

Түнде, түсте, күндіз өзің жайлы көп ойладым.

Алып ұшқан жүрек сағыныштан өртенердей,

Оралар деп жаным, жолыңа әркез қарайладым.

Жас дидарың жайнаған, көзіңнен нұр таймаған

Жайнаушы еді өзіңмен гүлге толып айналам.

Бар тілегім жүрегім, сен деп ғана ойланам

Алтын арай таңым да, бақытымсың бағым да,

Жанымның бар бақыты, болшы мәнгі жанымда менің,

Менің...

Қайырмасы:

Жүрегімді жаралап кеттің, ғашығым,

Сезім бағын аралап әнім, асылым

Өзіңді ойлап теңіздей тулап тасыдым

Қайда жүрсің сен?

Аққуымсың, бірақ айдыныңа оралмадың,

Арманым боп алдан жолықпадың, қол алмадың.

Гүлденерсің жайнап көктем болып бір келерсің

Жүрсеңдағы қайда аман болшы, ақ арманым!

Жас дидарың жайнаған, көзіңнен нұр таймаған,

Жайнаушы еді өзіңмен гүлге толып айналам.

Бар тілегім жүрегім сен деп ғана ойланам

Алтын арай таңым да, бақытымсың бағым да,

Жанымның бар бақыты болшы мәнгі жанымда менің,

Менің!

***

Жан гүлім

Жұлдыздай жарқыраған аспанымда,

Аққудай атыңа ән қосқанымдай.

Өзіңмен бірге жүрсем арман бар ма

Осынау өмір деген қас қағымда!

Қайда жан гүлім, жайнаған нұрым,

Өмір серігім, сенсің тағдырым!

Қайда жан гүлім, жайнаған нұрым

Өмір серігім, сенсің тағдырым!

Құдайым енді бізді айырмашы!

Махаббат бар екенін мойындашы!

Әрдайым әуелетіп бір ән салсам

Сол әннің сенсің ылғи қайырмасы.

Қайда жан гүлім, жайнаған нұрым,

Өмір серігім, сенсің тағдырым.

Қайда жан гүлім, жайнаған нұрым

Өмір серігім, сенсің тағдырым.

Қайда аққулар, асыл арулар,

Оттай жаныңдар, жарық жұлдыздар!

***

Арман

Қалай сүйдім сені,

Құлай сүйдім сені.

Жүрегімді ұстап

Жылай сүйдім сені, сені!

Қайырмасы:

Арман, адастырмай мені қоя тұр,

Жалған құшағыңды маған жая тұр.

Жүрек сені сақтай алмадым

Үміт алдадың сен мені, тағы да алдадың.

Жапырағын төккен,

Жаныма көз жеткен.

Ораласың қашан

Мен аңсаған көктем, көктем!

Бұлттай жасын тыймай,

Мына өмірге сыймай,

Дауыл болып іздедім

Сен ешкімге қимай, қимай.

***

Белгісіз жан

Қимадым қоштасқанда жанарыңды,

Мұң шалды-ау сол бір сәтте қабағымды.

Түбінен жүрегімнің тулап шығып

Бір өксік жұлмалады тамағымды.

Қарақат көздеріңе қарай бердім,

Қызығы сол ма дедім дүниенің.

Күйдірер көлеңкеде өзегімді

Махаббат неге сонша ыстық едің?!

Жұлдызым жарқыраған аспанымдағы,

Сен жарқ етіп жоқ болдың ғой қас қағымда.

Қас қағымда

Жарқыраған өзіңді қалай табам?

Жұлдызға жете алдым ба мен аңсаған

Белгісіз жан,

Мен аңсаған белгісіз жан.

Бақтарды сен екеуміз аралаған,

Ұзатып тастап кеттің неге маған?!

Жыл құсы секілденіп жылда ұшқан

Жете алмай қала бердім жаным саған.

Сәулесі айдың түсіп аймалаған,

Көзіңді қарағым-ау, қайдан табам?

Сүйгеннің сүйіктісі болатындай

Бақытқа ие болар қандай адам!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2155864-unatyp-em-zhalgyz-seni-qazaqsha-eski-ander-toptamasy/