Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дядя Вася деген кім": десанттық шабуылдау-әскерлерінің тарихын білесіз бе

Жарияланған күні:

Дядя Вася
Қолбасшы - Василий Маргелов. Көрнекі сурет: fotostrana.ru

Екінші дүниежүзілік соғыста қолбасшы Василий Маргеловтің әдіс-тәсілі ерекше көзге түсті. Маргелов әскерінің рөлі қырғи-қабақ соғыс жылдарында арта түскен еді. Василий Маргеловтың арқасында десантшылар қарулы күштердің элитасы ретінде танылған көрінеді. Тарихшылардың пікірінше, қысқартылған "ВДВ" сөзі халық арасында "Вася ағайдың әскерлері" деп айтылады. Танымал қолбасшы соғыстан кейін КСРО Әуе-десант әскерін басқарды. Бұл мақаламызда десанттық-шабуылдау әскерін басқарған "Вася ағай" туралы деректер ұсынамыз.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Василий Маргелов Кеңес Одағының әуе-десанттық әскерлерінің дамуына үлкен үлес қосқан, оларды қарулы күштердің элитасына айналдырған.
  • Ол десантшылардың қару-жарағы мен техникасын жетілдіруге күш салып, жаңа көлік ұшақтарының, әуе-десанттық жауынгерлік машиналарының және басқа да жабдықтардың жасалуына ықпал етті.
  • Маргеловтың басшылығымен әуе-десанттық күштердің заманауи стратегиялық операциялардағы рөлі мен орны туралы тұжырымдама әзірленіп, олардың әлемдік деңгейде танылуына жол ашылды.

"Дядя Вася" деген кім?

1908 жылы 27 желтоқсанда Екатеринослав (қазіргі Днепр) қаласындағы жұмысшы отбасында кеңестік әскери қолбасшы, генерал, Кеңес Одағының Батыры (1944) Василий Филиппович Маргелов дүниеге келді. Ол әуе-десан әскерін Кеңес Әскерінің элитасына айналдыра білген ең үздік командирлердің бірі ретінде тарихта қалды.

Қарулы күштер қатарына шақырылғанға дейін Василий ауылдық жастар мектебін бітіріп, жүк тиеуші, ағаш ұстасы ретінде және тері шеберханасындағы жұмысқа араласып, ат айдаушы, орманшы болып жұмыс істеді. 1928 жылы жас жігіт Қызыл Әскер қатарына шақырылады. Ол Минск қаласындағы БССР Орталық Атқару Комитеті атындағы Біріккен Беларусь әскери училищесіне оқуға жіберіледі.

1931 жылы оқуды бітіргеннен кейін Василий Маргелов 33-Беларусь атқыштар дивизиясының 99-атқыштар полкінде полк мектебінің пулеметшілер взводының командирі болып тағайындалады. Кейін 8-атқыштар дивизиясын, ротаны, батальонды және барлауды басқарды.

1939-1940 жылдардағы кеңес-фин соғысы кезінде Василий Филиппович 122-дивизияның 596-атқыштар полкінің жеке барлау шаңғы батальонын басқарды. Ол кезде кеңес әскерлеріне фин шаңғышыларының "ұшатын" бөлімшелерімен күресу қиынға соқты, бірақ Маргеловтың барлау батальоны ерекше болды, оның өзі фин тылында батыл және сәтті әрекеттер жасады.

Ұлы Отан соғысына дейін болашақ десантшы 15-жеке тәртіптік батальонды басқарды. Соғыстың басында Василий Филиппович 1-мотоатқыштар дивизиясының 3-атқыштар полкін басқарды, оның негізі бұрынғы "дисбатовшылар" болды.

1940 жылдардағы әуе-десанттық бөлімшелер тапсырмалардың шектеулі ауқымын шеше алды. Қолда бар көліктер десантшылардың салыстырмалы түрде шағын топтарын атқыш қаруларымен көрсетілген аудандарға түсіруге мүмкіндік берді. Десантшыларға плацдармды басып алып, жау шебінің артында үрей туғызып, негізгі күштер жеткенше, айтарлықтай шығынға ұшырағанша соғысу керек болды. Генерал Маргелов десантшылар әлдеқайда күрделі мәселелерді шешуге қабілетті деп есептеді. Бұл мықты дайындық пен техникалық жабдықты қажет етті.

Ол қару-жарақ құрастырушыларға десанттық күштердің ерекшеліктерін ескере отырып, автоматты қарудың модификацияларын жасауды талап етті. Генерал танк жасаушылардан "қанатты жаяу әскерлерге" ыңғайлы жауынгерлік машиналарды іздеді.

Әуе құрастырушыларына қиын болды, себебі Маргелов олардан бірнеше минут ішінде бүкіл полкті техникасымен бірге парашютпен түсіре алатын ұшақтар жасауды сұрады. Бір таңғаларлығы, Василий Маргелов осының барлығын, яғни жиналмалы тірегі бар пулеметтерге, әуе десанттық ұрыс машиналарына, Ан-12, Ан-22 және Ил-76 көліктеріне қол жеткізді. Парашют платформаларының пайда болуының арқасында сарбаздармен бірге артиллерияны, жауынгерлік машиналарды, инженерлік техникаларды түсіру мүмкін болды.

Маргелов
Василий Маргелов. Көрнекі сурет: moi-goda.ru

Маргеловтың десанттық шабуылдау әскеріне сіңірген еңбегі қандай?

1941 жылдың қарашасында майор Маргелов Балтық флоты теңізшілерінің бірінші арнайы шаңғы полкінің командирі болып тағайындалды. Соғыс жылдарында Василий Филиппович үшінші Украина майданының 28-армиясының 49-гвардиялық атқыштар дивизиясының командиріне дейінгі әскери жолдан өтіп, Украина КСР-і мен Оңтүстік-Шығыс Еуропаны азат етуге қатысты. Соғыс жылдарында оның ештеңеден қорықпайтын батылдығы, ер мінезі, тактикалық шеберлігі, бұйрықты қысқа мерзімде және аз шығынмен орындау қабілеті айқын көрінді.

Соғыстан кейін генерал Маргелов Ворошилов атындағы жоғары әскери академияны бітіріп, 1948 жылы 76-гвардиялық Чернигов десанттық дивизиясының командирі болды. Ал 1954 жылы әуе-десант әскерінің қолбасшысы болып тағайындалды.

Василий Маргеловтың арқасында Әуе-десанттық күштер әскер элитасына айналды. Бірнеше сағаттың ішінде мыңдаған сарбаздар мен жүздеген бронетранспортерлер үлкен қашықтыққа орналастырылып, кез келген күрделілі мәселелерді дереу шешуге кірісе алатын болды. Маргеловтың басшылығымен осы мақсаттарға жету үшін әр түрлі әскери қимылдар арқылы заманауи стратегиялық операцияларды атқаратын Әуе-десанттық әскердің рөлі мен орнының тұжырымдамасы әзірленді. Маргелов осы тақырыпта бірқатар еңбектер жазып, 1968 жылы 4 желтоқсанда кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады.

Рязань училищесі
Рязань училищесінің алдына орнатылған В.Маргелов ескерткіші. Көрнекі сурет: ryazpressa.ru

65 жасында парашютпен секірген генерал

Василий Филипповичтің әкесінің тегі Маркелов болған, бірақ құжаттардағы қателіктен генерал Маргелов атанып кетті.

  • Кеңес-фин соғысы кезінде В.Маргеловтың барлаушылары К.Маннергейм әскерлерінде әскери нұсқаушы болып жүрген Швеция Бас штабының офицерлерін тұтқынға алды.
  • В.Маргелов Ұлы Отан соғысына майор шенімен аттанып, генерал-майор атағын алды.
  • 1944 жылы наурызда Херсон қаласын азат еткені үшін В.Маргеловке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
  • 1959 жылы наурызда 76-әскерлік дивизияның артиллериялық полкіндегі төтенше жағдайдан кейін (қарауыл қызметтестерін атып тастады) В.Маргелов әуе-десанттық әскері қолбасшысының бірінші орынбасары қызметіне төмендетілді, бірақ 1961 жылдың шілдесінде қайтадан Әуе-десанттық әскерді басқаруға келді.
  • 1968 жылы генерал Маргелов Кеңес әскерлерінің Чехословакияға кіруі кезінде Әуе-десанттық әскерінің іс-қимылдарын басқарды.

Аты аңызға айналған "Дядя Вася" алғаш рет 40 жасында парашютпен секірген, ал соңғы рет 65 жасында секірді.

Рязань гвардиялық жоғары әуе-десанттық командалық училищесіне В.Ф. Маргелов есімі берілді. Десанттық шабуылдау әскерін басқарған Кеңес Одағының батыры Василий Маргелов 1990 жылы 4 наурызда Мәскеуде қайтыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2156607-diadia-vasia-degen-kim-desanttyq-shabuyldau-askerlerining-tarihyn-bilesiz-be/