Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

География құпиялары: метаморфтық тау жыныстары туралы не білесіз

Жарияланған күні:

Түрлі тас
Тас түрлері. Көрнекі сурет: pixabay.com

Метаморфтық тау жыныстары жердің геологиялық тарихында маңызды рөл атқарады және құрылыс, өнер және өнеркәсіп салаларында кеңінен қолданылады. Ерекше қасиеттері мен беріктігі оларды күнделікті өмірде пайдаға жарататын бағалы материалдарға айналдырды. География құпиялары жайлы жазылған мақаламызда метаморфтық тау жыныстары туралы қызық ақпарат ұсындық.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Метаморфтық тау жыныстары жер қыртысында жоғары температура мен қысым әсерінен қалыптасатын, бастапқы магмалық немесе шөгінді жыныстардың өзгеруінен пайда болатын ерекше жыныстар түрі.
  • Метаморфизм процесі температураның көтерілуі, қысымның артуы және химиялық ерітінділердің әсерінен жүзеге асады, оның аймақтық және контактілі түрлері бар.
  • Метаморфтық тау жыныстарының негізгі түрлері - гнейстер, мәрмәр, тақтатас, кварцит, филлит және амфиболит, олар құрылыс, өнер және өнеркәсіп салаларында кеңінен қолданылады.

Метаморфтық тау жыныстары дегеніміз не?

Метаморфтық тау жыныстары жер қыртысында ұзақ уақыт бойы жоғары температура мен қысым әсерінен қалыптасатын ерекше жыныстардың бір түрі.

Олар жер қыртысының терең қабаттарында болатын геологиялық процестердің нәтижесінде бастапқы магмалық немесе шөгінді жыныстардың құрылымы мен минералдық құрамының өзгеруінен пайда болады.

Метаморфтық жыныстардың ерекшелігі – олардың бастапқы күйін өзгерте отырып, жаңа физикалық және химиялық қасиеттерге ие болуы.

Метаморфизм процесі қалай жүзеге асады?

Метаморфизм – жыныстардың химиялық немесе құрылымдық өзгеру процесі. Бұл процесс магмалық немесе шөгінді жыныстарды жоғары температура, қысым және химиялық әсер ету нәтижесінде өзгертеді. Метаморфизм кезінде жыныстың кристалдық құрылымы қайта қалыптасады, жаңа минералдар түзіліп, оның қасиеттері өзгереді. Ол жер қыртысының ішкі қабаттарында жоғары қысым мен температураның әсерінен жүреді. "Метаморфизм" кітабындағы мәліметтерге сүйенсек, бұл процестің негізгі факторлары мыналар:

  • Температураның көтерілуі: Жыныстар жоғары температураға ұшырағанда, олардың құрамындағы минералдар ери бастайды немесе жаңа минералдар түзіледі.
  • Қысымның артуы: Жер қабаттарындағы қысымның жоғарылауы жыныстарды сығымдап, олардың кристалдық құрылымын өзгертеді.
  • Химиялық ерітінділердің әсері: Су және басқа химиялық ерітінділер жыныстардың химиялық құрамына әсер етіп, олардың қайта кристалдануына ықпал етеді.

Метаморфизмнің екі негізгі түрі бар:

  1. Аймақтық метаморфизм – бұл жер қыртысының үлкен аумақтарында орын алады және көбінесе тау түзілу процестерімен байланысты. Жер қабаттары бір-бірімен сығылып, қысым мен температураның әсерінен терең өзгеріске ұшырайды.
  2. Контактілі метаморфизм – магманың жер қыртысының жоғарғы қабаттарына жақындағанда оған жанасқан жыныстарды қыздыруы нәтижесінде жүреді.

Метаморфтық тау жыныстарының алуан түрлілігі оларды қалыптастырған бастапқы жыныстар мен метаморфизм процесінің жағдайларына байланысты.

Тақтатас
Тақтатас суреті. Көрнекі сурет: pixabay.com

Кеңінен таралған метаморфтық жыныстар мыналар:

  • Гнейстер – метаморфизмге ұшыраған гранит немесе шөгінді жыныстардан пайда болатын жыныс. Оның құрылымы қабатты болып келеді, яғни минералдар параллель орналасады. Гнейстер жер қыртысының терең қабаттарында қалыптасатындықтан, өте қатты және төзімді жыныс болып саналады. Гнейстер өте қатты және берік жыныс болғандықтан, құрылыс саласында жиі қолданы
  • Мәрмәр. Құрамы: Мәрмәр әктас немесе доломиттің метаморфизмге ұшырауынан пайда болады. Ерекшеліктері: Оның негізгі компоненті – кальцит минералы. Мәрмәрдің беті жылтыр әрі тегіс болып келеді, ол көбінесе ақ түсті болады, бірақ құрамындағы қоспаларға байланысты түрлі түстерде кездеседі. Қолданылуы: Сәндік және құрылыс материалдары ретінде кең
  • Тақтатас. Оның құрамы сазды шөгінді жыныстардан метаморфизм нәтижесінде қалыптасады. Тақтатастың (сланец) құрылымы қабатты, сондықтан ол оңай бөлінеді. Оның түсі қара, сұр немесе жасыл болуы мүмкін. Тақтатас құрылыс материалы ретінде, әсіресе шатыр жабу және қабырға қаптау үшін кеңінен қолданылады.
  • Кварцит. Бұл тау жыныстың құрамында кварц минералы басым, ол өте қатты әрі төзімді. Кварциттің түсі ақ, сұр, қызғылт немесе жасыл болады. Құрылыс саласында және сәндік тас ретінде қолданылады, сондай-ақ жол құрылысында төсемтас ретінде пайдаланылады.
  • Филлит. Филлиттің құрылымы жіңішке қабаттарға оңай бөлінеді және оның беті жылтыр болып келеді. Ол көбіне жасыл, сұр немесе қоңыр түсті болады. Қабырғаны қаптау және құрылыс материалдары ретінде қолдануға жарамды.
  • Амфиболит. Магмалық жыныс және шөгінді ретінде белгілі. Амфиболит тығыз әрі қара түсті, құрамындағы дала шпаты мен амфибол минералдары арқылы ерекшеленеді. Бұл материал жол құрылыстарында, сондай-ақ құрылыс материалдары ретінде пайдаланылады.
Мәрмәр тас
Мәрмәр тас түрлері. Көрнекі сурет: pixabay.com

Магмалық және шөгінді жыныстар жердің терең қабатына түссе немесе жаңадан көтерілген магмалық ыстық леп әсер етсе, қысым мен леп салдарынан өзгеріп, өзінің бастапқы құрылыс түрін жоғалтады. Сонымен қатар олардың минералдық және химиялық құрамы да өзгереді. Осындай өзгерістен пайда болған жыныстарды метаморфтық жыныстар деп атайды. Мысалы ізбестас метаморфтық әсерден кристалданып, тығыздалып мәрмәрға айналады.

Демек мәрмәр метаморфтық жынысқа жатады. Ол сазтастар әсерінен жаншылып, кристалды тақтатасқа айналады. Граниттер мен құмтастар да метаморфизм әсерінен кристалданып тақталанады, оны гнейс деп атайды. Габбро өзгергенде одан амфиболит атты жыныс шығады. Қазақстан жеріндегі кембрийлік белдемдерінің кешендері эпидот – амфиболиттік, жасыл тастық фациялардың түзілу темпураларына сәйкес орта, жоғарғы қысым жағдайларында пайда болғаны анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2160136-geografiia-qupiialary-metamorftyq-tau-zhynystary-turaly-ne-bilesiz/