Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұстаздар күніне арналған ерекше құттықтаулар

Жарияланған күні:

Гүл мен кітап
Гүл және кітап. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ұстаздар күні – бұл білімнің бастауы саналатын ұстаздарға құрмет көрсетіп, олардың еңбегін ерекше атап өтетін күн. Ұстаздар – білім мен бағыт-бағдар беретін, әрбір адамның арман-мақсаттарына жету жолында қолдау көрсететін тұлғалар. Ұлағатты ұстаздар мерекесі қарсаңында ерекше құттықтаулар ұсынамыз.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Мақалада Ұстаздар күніне арналған әртүрлі құттықтаулар мен өлеңдер ұсынылған.
  • Ұстаздардың қоғамдағы маңызды рөлі мен олардың еңбегінің құндылығы атап өтілген.
  • Мақалада ұстаздарға деген құрмет пен алғыс білдіру маңыздылығы баса айтылған.

Ұстаз – адамзаттың шамшырағы

Ұстаздар – қоғамның алтын діңгегі, адамзаттың шамшырағы. Олардың білімі мен тәлім-тәрбиесі бізді биік шыңдарға жетелейді. Әрбір ұстаздың еңбегі – ұлт болашағының мықты іргетасы. Ұстаздар күні құтты болсын! Сіздердің еңбектеріңізге шексіз алғыс айтамыз! Әр күніңіз қуаныш пен шабытқа толы болсын!

***

Білімнің биік шыңына жетелеген ұстазға алғыс! Құрметті ұстаздар! Сіздердің арқаларыңызда біз өмірдің сан тарау жолында адаспай, өз жолымызды тауып келеміз. Білім жолында берген әрбір кеңестеріңіз бен бағыттарыңыз үшін алғысымыз шексіз. Бүгінгі ұстаздар күні мерекесінде сіздерге мол бақыт, зор денсаулық тілейміз. Еңбектеріңіз әрдайым жемісті болсын!

***

Сіздің даналығыңыз – бізге шабыт. Ұстаз – тек білім беруші ғана емес, ол рухани жетекші. Сіздің даналығыңыз бен мейірімділігіңіз бізге әрдайым шабыт беріп келеді. Ұстаздар күні құтты болсын! Шығармашылық күш-қуатыңыз артып, шәкірттеріңізден тек жақсы нәтижелер күтіңіз. Сізге шын жүректен бақыт пен амандық тілейміз.

***

Ұстаздарға алғыс айту – болашақ ұрпақтың жарқын болашағының кепілі. Бүгінгі ұрпақ сіздерден білім алып, ертеңгі күннің көшбасшысы болады. Сондықтан сіздердің еңбектеріңіз аса зор маңызға ие. Ұстаздар күні сіздерге мол игілік пен береке әкелсін! Әрдайым шабыттандырып, білім нәрімен сусындата беріңіздер.

Ұстаздар күні – құрмет күні

Ұстаздар күні – барша ұстаздарға деген құрмет пен ризашылықты білдіретін ерекше мереке. Ұстаздар бізге тек ғылымды ғана үйретпейді, олар бізге өмірлік құндылықтарды бойымызға сіңіреді. Сіздерге деген шынайы алғысымызды білдіре отырып, еңбектеріңізге береке, өмірлеріңізге шаттық тілейміз. Ұстаздар күні құтты болсын!

***

Құрметті ұстаздар! Біздің бүгінгі жетістіктеріміз – сіздердің төккен терлеріңіздің жемісі. Әрбір жеткен биігіміз сіздер берген білімнің арқасында мүмкін болды. Біз сіздерді әрқашан бағалаймыз және құрметтейміз. Біздің жетістіктеріміз – сіздің еңбегіңіздің жемісі. Осы мерекеде сіздерге шексіз алғыс айта отырып, өмірлеріңіз әрқашан шаттыққа толы болсын деп тілейміз.

***

Ұстаз – өскелең ұрпақтың тәрбиешісі, болашақтың бағдаршамы. Сіздер арқылы біз үлкен өмірге жол аштық. Әрбір берген біліміңіз, көрсеткен қамқорлығыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және шәкірттеріңіздің биік белестерге жетуін тілейміз.

Оқушылар мен мұғалім
Сабақта отырған оқушылар мен мұғалім. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ұстаздарға арналған өлең жолдары

Қолына қалам алып, өлеңді серік еткен әрбір қаламгердің жыр сандығында ұстаз туралы өлең жолдары болады. Осы орайда бірқатар ақынның ұстаздарға арнап жазған жыр шумақтарын ұсынамыз.

Ұстаз

Авторы: Жұмекен Нәжімеденов

Мұз жамылып жатпасын деп қыста мен —

жылы жел боп маңдайымнан сүйіп ең.

Бір ғажайып құзар-шыңды нұсқап ең,

Өзіміздің Алатаудай биік ол...

Сен бір үлкен өзен едің мол сулы,

толқыныңның жалы жатыр Ай қағып,

Мен — жас бұлақ, үйретіп ең толқуды,

келем әлі белгісіздеу сайда ағып.

Шомылып мөлдір өзенге,

сергіп те қап ем оянып,

жауапты бір кезеңге,

Келіп те қаппын таянып.

Ғажайып қырлар гүлденген,

қызылды-жасыл боялып.

Бояуы кеппеген күндерден,

Қуанып қалдым ой алып.

Болмайтын сынды тоқталсам,

жетпейді ақыл-қиялым:

Күйдірем нені — от болсам,

су болсам — қайда құямын?

Уақыт қуып барады —

асығып келем, асығып.

Сырыңдай мына даланың

ашылып келем, ашылып.

***

Ұстазым

Авторы: Фариза Оңғарсынова

Заводта болсаң, күнбе-күн көрінер еді табысың.

Дәрігер болсаң, түрлі емің – сырқаулы жанның бағы шын.

Ал сенің еңбек жемісің өзгеше тіпті басқадан:

Ол — өзін арнап ел үшін осынау жүрген жақсы адам.

Жақсы адам – елдің тірегі, байлығы туған халықтың,

Шапағын шашар үнемі көгінде тұрған жарық күн.

Сан жастың қамын шертесің, тағдырын ойлап толғанып.

Әр үйдің бір-бір еркесін үйреттің өзің қолға алып.

Ұстазсыз жанда сөнбек күн,

Шәкіртсіз өмір – сусыз жер.

Көрінбес ғажап еңбектің бейнетін кешіп жүрсіздер.

Жүректе тұрар жалқы үнің,

Жанымнан жалын жігер күт.

Ұстазым, сенің әр күнің, әр сәтің –

тұрған бір ерлік!

***

Рақмет, алғашқы ұстаз!

Авторы: Ғабиден Қожахмет

Білім жол бәріне аңсарлы,

Ой зерек болса оған ұнадың.

Сендерді күлімдеп қарсы алды

Мектепте мейірімді мұғалім.

Қарсы алды сыныбың, партаң да,

Тәртіппен сен оған ұнадың.

Жүреді күлімдеп ортаңда

Тағы сол мейірімді мұғалім.

Ұстазың, мейірбан үні тым,

Қақпайды тым қатты бетіңді.

Қоғамның кішкентай үмітін

Баптайды жас шыбық секілді.

Ұстаздың сан қырлы әлемі,

Санасы, жүрегі – асқақ ар.

Қоғамға құрмет әуелі

Ұстазды сыйлаудан басталар.

Шәкірттер осында келеді,

Өзіне жаңаша дос табар.

Еліңе құрмет әуелі

Мектепті сүюден басталар.

Кешегі ұлылар ізісің,

Өткізбес босқа әр кез уақытты.

Отанның ұлысың, қызысың,

Отаны бар адам бақытты.

Әрқашан қамын жер баланың

Анаңды шаттықты күйге енгіз.

Құт болсын білімде қадамың,

Бірінші сыныптық ұл мен қыз.

Бәріне тым ыстық көрінген

Естисің қоңырау үнін кеп.

"Жақсы оқы" дегендей сеніммен

Сендерге елің тұр күлімдеп.

***

Мектебім мен ұстазым

Авторы: Ерлан Ахмет

Қолға қалам алдырдың,

Ою-өрнек салдырдың.

Әсем әнді жаттатқан,

Ойға түйіп қалдырдым.

Алтын ұя – мектебім,

өзіңде өсіп, көктедім.

Ұстазыма айтатын,

Алғысым да көп менің.

Өмір бойы өтейтін,

Парызым да көп менің.

Еркелете білесің,

Ойнап, бірге күлесің.

Көз алдымда, ұстазым,

Анамдай боп жүресің.

Сенде оянды бар үміт,

Арман оты жағылып.

Кетсем-дағы есейіп,

Жүремін-ау сағынып.

***

Ұстаздар күні – ерекше әрі маңызды мереке. Бұл күні ұстаздарға деген құрметіміз бен алғысымызды білдіріп, олардың ерен еңбегін бағалауға мүмкіндік туады. Ұстаздарға арналған ерекше құттықтаулар арқылы олардың күнделікті атқарып жүрген тәлімі мол ісіне шабыт сыйлай аламыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2163738-ustazdar-kunine-arnalgan-erekshe-quttyqtaular/