Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жолы болғыш адам: өміріңізге сәттілік шақырудың 7 тиімді тәсілі

Жарияланған күні:

Ақшаны құшағынан шашқан ер адам. Көрнекі сурет
Ақшаны құшағынан шашқан ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Өміріңізде айыңыз оңынан туып, жоспарлаған істеріңіз ойдағыдай болуы үшін, тиімді тәсілдерді қолдануға болады. Солардың бірқатарын эзотериктер ұсынған бүгінгі мақаладан біле аласыздар.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Мақалада өмірде сәттілікке жету үшін 7 тиімді тәсіл ұсынылады, соның ішінде өзіңді жолы болғыш адам ретінде қабылдау, позитивті аффирмацияларды қолдану және алғыс айту күнделігін жүргізу.
  • Джон Кехоның айтуынша, адам өзін табысты деп санап, позитивті көңіл-күйде жүрсе, оны жақсы күндер күтеді. Ал психолог Кэтрин Мур аффирмацияны негативті ойларға қарсы тұру құралы ретінде ұсынады.
  • Мақалада сонымен қатар интуицияға сену, оң аяқпен бастау, сәттілік әкелетін тұмарлар қолдану және фэншуй принциптерін пайдалану сияқты әдістер де ұсынылады.

Өзіңізге жолыңыз болатынын үнемі айтып жүріңіз

Жолы болғыш адам болу - ол тек бірлі-екілі сәтті оқиғаны бастан өткеру емес. Ол сіздің қиялыңыз бен ойлауыңыздан туындайтын, сізге жол ашатын өмір салты болып табылады. Мамандар адамдар саналы түрде өзін табысты адам деп санап, үнемі позитивті көңіл-күйде жүрсе, оны алда тек жақсы күндер күтіп тұрғанын айтады.

Мысалы, табыс мен ақшаны қалай тартуға болады? Жеке өсу бойынша кітаптың авторы, канадалық коуч, оқытушы, миллионер және филантроп Джон Кехо өзіңізге өмірде жолы болғыш адам деп сезінуге кеңес береді. Сонымен бірге, сарапшы жолыңызда болғанда оны міндетті түрде дауыстап айтып отырған маңызды дейді. "Менің жолы тағы да болады" деп айтқан сайын, сәттілік сізге тартылады екен.

Бақытты бойжеткен. Көрнекі сурет
Бақытты бойжеткен. Көрнекі сурет: pixabay.com

Позитивті аффирмацияларды қайтарыңыз

Коуч Джон Кеху қиын күндердің өзінде үнемі көңілді жүруге әрі тек жақсыны ойлауға кеңес береді. Оның айтуынша, мұндай тәсіл жағдайыңыздың оңалуына әсер етіп, адамдарға жаңа мүмкіндіктер ашады екен. Сарапшы оптимистік көңіл-күйді сақтаудың тәсілдерінің бірі - табысқа деген позитивті аффирмация дейді.

Ал, психолог Кэтрин Мур, аффирмация — ол негативті ойға тойтарыс беруге қолданылатын, тұрақты тіркестер мен пікірлер деп айтады. Психолог Луиза Хей аффирмацияның мынадай тіркестерін мысалға келтіреді:

  • "Мен тек жақсылыққа лайықпын және дәл қазір мен тек жақсылықты қабылдаймын".
  • "Мен ақшаны тартушы магнитпін. Әл-ауқаттың қандай түрі болмасын, табыс та, ақша да мені жақсы көреді, маған тартылады".

Мұндай практиканы қолдану үшін, аталған тіркестердің бірін күнделікті, тұрақты түрде қайталап отыру керек. Жалпы, позитивті аффирмациялар адамдарға мотивация беріп, олардың өз-өзіне деген сенімділігін арттырады екен.

Алғыс айту күнделігін жүргізіңіз

Мансап және мотивациялық тәлімгер Майкл Фили өмірде табысты болу үшін - барға шүкір айту керек деп санайды. Ал, психотерапевт Лиза Джонсон алғыс тек адамдарға ғана емес, кез келген оқиғаға, мүмкіндіктерге немесе табысқа айтылуы керек деп есептейді.

Алғыс айту күнделігін жүргізу арқылы сіз - өзіңіздің шын көңіліңізді білдіре аласыз. Оны жүргізу үшін, мына ережелерге құлақ түріңіз:

  • Өзіңізге сыртқы мұқабасы ұнайтын блокнот немесе журналды таңдаңыз.
  • Жазбаларыңыздың тұрақты уақыты мен мерзімін белгілеп алыңыз (аптасына, күніне, айына бір рет)
  • Күннің қай күні жазба жазатыныңызды шешіңіз
  • Өміріңізде неге алғыс айтқыңыз келеді? Соларды тізіп, үнемі жазып отырыңыз.

Алғыс айту журналы күйзеліске түсу мен бойдағы алаңдаушылықтың алдын алады. Сондықтан, осы тәсілді қолданып, өз өміріңізді жақсы жаққа қарай өзгертіп көріңіз.

Күнделікке жазба жазып отырған ер адам. Көрнекі сурет
Күнделікке жазба жазып отырған ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Интуицияға сеніңіз

Табысты адамдар өзге адамдар табысқа кенелмеген салада көш бастап жатады. Мұндай жағдай адамның өзінің ішкі интуициясына сенуден басталады. Сондықтан тек логика мен ақылға сеніп, шешім қабылдамаған жөн.

Профессор, нейроэкономика және нейроқаржы кафедрасының доценті Керстин Пройшофтың жетекшілігімен Калифорния технологиялық институтының әлеуметтік когнитивті нейроғылымдар зертханасының зерттеушілер тобы интуиция ойлаудың ерекше тәсілі екенін дәлелдеді. Ол эволюция дәуірінде, адамдар қауіпті бағалап, оған тез жауап беру процесінде пайда болған. Интуиция жалған дабыл ретінде қабылданбауы үшін, оны жаттықтыру керек дейді мамандар. Ол үшін психикалық қабілеттерді, сананы тазарту әдістерін, "медитацияны дамыту үшін пайдаланатын жаттығуларды қолданған жөн", - дейді мамандар.

Бірінші қадамды оң аяқпен жасаңыз

Ғалымдар адамның оң жақ мишығы интуицияға жауап беретінін айтады. Олар табыс - интуицияны дұрыс қолданудың жолы екенін мәлімдеді. Бұл әдіс оң нәтиже беруі үшін, бұрынғы наным-сенімдер, халық арасындағы болжамдарға құлақ түріңіз:

  • Таңертең үнемі оң жақ аяқпен тұрыңыз
  • Оң жақ аяқтан бастап киініңіз
  • Киіміңізді де оң жақ қолдан бастап киіңіз.

Философия докторы Саймон Маккри қазіргі интуицияны инсайт деп айтады және ол ғылыми тұрғыда дәлелдегенін жеткізді. Оны шығармашылық жаттықтурылар арқылы шынықтырып отыруға болады екен. Сондықтан визуалды түрде түрлі оқиғаларды ойлап, көз алдыңызда елестетіңіз. Егер сіз оң жақ қолмен жазсаңыз, онда арасында сол қолды да қимылдатыңыз. Жалпы, табысты арттыру үшін, кез келген тәсілді пайдаланған абзал.

Ұйықтап жатқан бойжеткен. Көрнекі сурет
Ұйықтап жатқан бойжеткен. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сәттілік әкелетін тұмарларға сеніңіз

Ісіңіз алға бассын десеңіз, тұмар пайдаланып көріңіз. Қандай заттар табыс әкелуі мүмкін? Live About білім беру басылымының хабарлауынша, оған таға, шаршы, "7" немесе "8" сандары, сиқырлы қоян табандары сияқты заттар жатады екен. Мысалы, кемпірқосақты көрсеңіз, тиынды тауып алсаңыз, бамбук ағашын отырғызу және т.б. сіз табысқа кенелесіз деген сөз.

Сол сияқты табиға тастар да табыстың кілті, дейді мамандар. Табыс әкелетін тастардың қатарында — цитрин, аметист, авантюрин, пирит, жолбарыс көзі сияқты асыл тастар жатады. Ал, яшма, селенит, бирюза, обсидиан және қара турмалин сияқты тастар керісінше сәтсіздікті әкеледі екен. Осы бағалы тастардан жасалған әшекейлерді денеге жақын кигізу керек екен.

Фэншуйді қолданып көріңіз

Фэншуй — кеңістік пен энергия, табиғатпен үйлесім тауып өмір сүру, оның жағымды энергиясын жақсы жаңалықтар үшін қолдану тәсілі болып табылады. Сондықтан үйлесім, үйдегі тыныштық арқылы адамдар өмірін жақсы жаққа қарай өзгерте алады екен. Сол себепті, төмендегі кеңестермен таныс болыңыздар:

  • Үйіңізде ақша әкелетін өсімдіктерді өсіріңіз
  • Хотэя құдайдық бейнесін табысқа жетіп, армандарыңыздың орындалуы үшін, ал ақшалы бақаны қаржылық тұрақтылық үшін қолданыңыз.
  • Ал, үйіңізге ақша тарту үшін, алтын балықтары бар аквариумды алыңыз.

Кеңістікті бөлу және үйдің орталық бөлігін күшейту арқылы сол шаңырақ иесінің өмірін жақсартып, барлық салаларды оны табысты ете алады.

Сәттілік өте нәзік ұғым. Оған тек жақсы әрекеттер жасау арқылы қол жеткізуге болады. Сондықтан жоғарыдағы кеңестерге құлақ түріп, осы тәсілдердің бірін қолдануды ұмытпаңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2167839-zholy-bolgysh-adam-omiringizge-sattilik-shaqyrudyng-7-tiimdi-tasili/