Табыс, бедел, қызмет: 2024 жылғы қазан айына арналған қытай жұлдызнамасы
Жарияланған күні:
Читать на русскомКүннің сақиналы тұтылуы мен суперайды жаңа өмірге қадам ретінде санауға болады. Астролог Прашант Нигам Шығыс жұлдызнамасы бойынша осы айда қандай өзгерістер болатынын айтып берді.
- Қытай жұлдыз жорамалы бойынша 2024 жылдың қазан айында көптеген зодиак белгілеріне өзгерістер мен мүмкіндіктер күтіп тұр.
- Астролог Прашант Нигам мен басқа да сарапшылардың айтуынша, көп белгілерге қаржылық мәселелерде сақ болу, жанжалдардан аулақ болу және қарым-қатынастарға көңіл бөлу ұсынылады.
- Кейбір белгілер үшін бұл ай мансаптық өсу, жаңа таныстықтар және өзін-өзі дамыту үшін қолайлы кезең болмақ.
Егеуқұйрық
Тұрақты жұмысы бар Егеуқұйрықтардың қазанда табысы азаяды. Sun Signs астрологиялық басылымының жазуынша, жаңа жұмыс орнын іздегендерді өзгерістер күтіп тұр. Жұмыс берушілердің ұсыныстарын жақсылап ойланып барып қабылдаңыз. Кез келген қаржылық операцияларды да мұқият зерделеп барып жүргізіңіз.
Басы бос Егеуқұйрықтар бұл айда жұбын табуы екіталай. Сүйікті адамы бар, бірақ үйленбегендер жұбына көңіл бөлуі керек. Өзіңіздің және отбасыңыздың денсаулығына назар аударыңыз. Дәрігерге қаралыңыз.
Бұқа
Бұқалар үшін бұл ай өзгеріске толы кезең болады. Жұмыстағы және қарым-қатынастағы кедергілерге қарамастан, ол алға жылжиды. Позитивті ойлау пен бейімделу қабілеті қазан айындағы қиындықтарға тез және оңай жауап беруге көмектеседі.
Астролог Прашант Нигамның пікірінше, белгі өкілдері бизнесте басқа адамдардан көмек алады. Бар болғаны жанжалдардың алдын алып, міндеттемелерді орындау жеткілікті. Бюджетке қарай өмір сүріңіз, достарыңызға қарызға ақша бермеңіз және сүйіктіңізбен ұрыспаңыз.
Жолбарыс
Жолбарыс қазан айында қиындықтан қорықпауы керек. Мұндай кезде оған сәттілік пен адал серіктері көмекке келеді. Күздегі жабырқаудан басқа денсаулыққа қатысты ешқандай қиындық тумайды. Жалықпау үшін достарыңызбен уақыт өткізіңіз. Отбасылы адамдар үй шаруасымен айналысып, балаларға қатысты мәселелерді шешуге мәжбүр болады.
Ganesha Speaks астрологиялық басылымы Жолбарысқа жанжалдан қашуға кеңес береді. Мансап пен бизнесте табысқа жету үшін сабырлы болыңыз, білімді пайдаланыңыз және заңға бағыныңыз. Жаңа романтикалық қарым-қатынаста шыдамды болыңыз.
Қоян
Қазан айында Қоян бұрынғы шешілмеген мәселелер мен қателіктермен айналысады. Сол жағдайлар қайталанбауы үшін барлығын түзетіп, талдап, алдағы жылға жоспар жазу керек.
Insta Astro астрологиялық басылымының жазуынша, байсалды көзқарас қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Қоян кішкене қадамдармен алға жылжуды үйренсе, ол күткеннен де көп нәтижеге қол жеткізеді. Бұл махаббатқа да қатысты. Ұнатып жүрген адамының жүрегін жаулап алуға деген мұқият әрекеттер жемісін бермей қоймайды.
Айдаһар
Астролог Бежан Дарувалла Айдаһарға сабырлы, абай болып, тұрақтылықты нығайтуға көбірек күш жұмсауды ұсынады. Қазан айында кейбңр жоспарлары орындалмай қалуы мүмкін. Тапсырмаларды сабырлы түрде және кезең-кезеңімен шешу қабілеті – осы айда қажет болатын негізгі дағды. Несие алмаңыз, қарызға батпаңыз.
Әріптестермен және сүйікті адаммен қарым-қатынаста ымыраға келуді үйрену тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі. Махаббатта қызғаныш тудырмауы керек. Ортақ іс тауып, сүйіктіңізбен уақыт өткізу пайдалырақ болмақ.
Жылан
Жыландардың қазан айында асығы алшысынан түседі. Оларға мүмкіндіктер іздеудің қажеті болмайды. Жұмыста және қарым-қатынаста көптеген жағымды оқиға күтіп тұр. Қызықты және пайдалы оқу басталады. Қарашада бұл әлеуетті барынша іске асыру үшін қазір күш салыңыз.
You Chinese Astrology астрологиялық басылымының жазуынша, Жылан бәрін ақылмен шешіп, берілмеуі керек. Қарым-қатынаста бүкпесіз әңгіме мен жұбын тыңдай білу қабілеті көмекке келеді. Бойдақ Жыландар жұп боларлық адамдармен танысады.
Жылқы
Жылқылар үшін қазан сәтті болады. Оны қызметте және мансап жолында өсуде оң өзгерістер күтеді. Жылқылардың жеке жоспарларына байланысты жанжалға түсу қаупі бар. Барлығын келіссөздер арқылы шешуге болады. Егер сіз өзіңізді таныта білсеңіз, ұсыныстарға немесе грантқа ие боласыз.
Қаржылық тұрғыдан алғанда бұл ай сізді молшылықпен және қалаған затыңызды сатып алу мүмкіндігімен қуантады. Horoscope басылымының жазуынша, қарым-қатынасты бақылауға алуды доғаруыңыз керек. Оның инерция арқылы дамуына мүмкіндік беріңіз, нәтижесі сізді таңғалдырады.
Ешкі
Ешкілерді жұмыста да қаржылық мәселеде де сәттілік күтіп тұр. Қазан айында көрсеткен табандылық оған ұзақ мерзімді нәтиже береді. Бонустар, ұтыстар, дивидендтер немесе сыйлықтар түрінде ақша алуға тамаша мүмкіндік бар. Бұл кірісті дұрыс бөлу арқылы Ешкілер осы жылдың соңына дейін ақшаға байланысты қиындық көрмейді.
Қарым-қатынаста бәрі ойдағыдай болады, ал белгінің көптеген бойдақ өкілдері ескі достар арасынан жұбын табады. Денсаулық мазаламайды, тек ұйқы және демалу тәртібін ұстаныңыз.
Мешін
Маймылдардың бизнесі өрге жылжиды. Жеке кәсіп иелері сынақтан өтіп, жетістікке жеткенін сезінеді. Біреуге жұмыс істейтін қызметкерлердің мансабында серпіліс болады. Көбіне басшылық қызметтер ұсынылады. Ұсынысты қабылдау керек. Жұмыстағы бұрынғы идеяларды қайта жандандыруға мүмкіндік туады.
Жеке қарым-қатынаста қиындық тууы мүмкін. Көңіліңіз қаламаған адамды жайына жіберіңіз. Сонда жаңа таныстар мен ұсыныстар үшін кеңістіктің босап жатқанын байқайсыз. Отбасылы Маймылдар үшін отбасылық өмірі тұрақты болады.
Әтеш
Қазан айында Әтештер отбасылық қарым-қатынасқа назар аударуы керек. Сүйіктісінен алыстау оларға жақсылық әкелмегенін аңғарады. Сіз бұл жағдайды әлі де түзете аласыз, тек шын жүректен тырысыңыз. Сүйікті адамын кезіктіргісі келетіндердің барлығы имиджін өзгертіп, сыртқа шығуы керек.
Іскерлік тұрғыдан алғанда ай табысты болады. Жоғалған позицияларды қалпына келтіруге және бәсекелестерді ығыстыруға болады. Іссапарлар мен демалыстар сәтті өтіп, күтпеген перспективалар ашылады. Ақшаға келетін болсақ, жүйелі жұмсаңыз болыңыз, сонда үнемдеудің қажеті болмайды.
Ит
Құқықтық және мүліктік мәселелерге назар аударыңыз. Оларға келгенде ерекше сақ болыңыз. Қалған барлық жағынан ай жеңіл және жағымды өтеді. Оқу немесе жаңа хобби өсу нүктесіне айналады, қызығушылықтар мен пайдалы байланыстар ауқымы кеңейеді.
Жаңа таныстар бизнестегі серіктестерге де, жұпқа да айналуы мүмкін. Отбасылық қарым-қатынаста жақсы жаңалықтар күтіңіз. Барлығын жасауға күш-қуатыңыз жеткілікті болуы үшін тамақтану тәртібін реттеп, көбірек ақуыздар мен дәрумендер тұтыныңыз.
Доңыз
Қазан айында табыстағы бөгелістер Доңыздарды алаңдатады. Сабырға келуге сұйіктіңіз бен отбасы мүшелерінің ақыл-кеңесі көмектеседі, мұның бәрі уақытша құбылыс екенін түсіну де тыныштандыруға көмектеседі. Жаңа жұмыс іздеп жүргендер бірнеше тиімді ұсыныстар алады. Қараша айында жаңа жерге барған дұрыс.
Жаңа таныстар және тегін оқу мен тағылымдамадан өту мүмкіндігі пайда болады. Өмірлік жұбын іздеп жүргендер ішкі түйсігіне құлақ асуы керек. Күмәнді ұсыныстардан бас тартыңыз. Жұбыңызды бұрын-соңды болмаған жерлерден іздеңіз.
Қазан айы жағдайыңызды біршама жақсарту мүмкіндігімен қуантады. Оны тәуекелге барудан бас тартқандар пайдаланады. Біз ұсынған кеңестер мен ішкі түйсігіне құлақ түре білгендер табысы болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2168139-tabys-bedel-qyzmet-2024-zhylgy-qazan-aiyna-arnalgan-qytai-zhuldyznamasy/