Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеті қазынаның бірі: достыққа "адал" ит тұқымдарын білесіз бе

Жарияланған күні:

Төсекте ұйықтап жатқан иттер
Төсекте ұйықтап жатқан иттер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Иттер – достыққа адал жануарлар. Олардың арасында нағыз мейірімділері бар. Қай тұқымдар ең мейірімді иттер қатарына жататыны туралы балалар қауіпсіздігі бойынша маман Лаура Мюллер және Америкалық кинологтар клубы (АКС) өкілдері айтып берді.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Америкалық кинологтар клубы (АКК) және балалар қауіпсіздігі бойынша маман Лаура Мюллер агрессия танытпайтын ең мейірімді ит тұқымдарын атап өтті.
  • Мақалада вандейлік бассет-гриффон, лабрадор-ретривер, алтын түсті ретривер, бигль, кавалер-Кинг-Чарльз-спаниель, мопс, бостон терьер, берндік зенненхунд, пудель және боксер сияқты ит тұқымдарының мінез-құлқы мен ерекшеліктері сипатталған.
  • Бұл иттер отбасы мүшелеріне, балаларға және басқа жануарларға достық қарым-қатынас танытып, үй жағдайында керемет серік бола алады.

Вандейлік бассет-гриффон

Отбасы үшін ең мейірімді иттер қандай? Америкалық кинологтар клубы (АКК) ең мейірімді ит ретінде вандейлік бассет-гриффонды атап өткен. Сенімді, көңілді экстраверт саналатын бұл иттер белсенді отбасылар үшін керемет серік бола алады.

Өзінің тәуелсіздігіне қарамастан, вандейлік бассет-гриффон иесіне жағымды болып, командаларды жылдам қабылдайды. Отбасының әр мүшесіне бұл ит сүйікті бола біледі. Ол балалармен ойнағанды және аулада уақыт өткізгенді ұнатады, доппен ойнау және басқа да ойындарға қызығушылық танытады. Ит бейтаныс адамдарға агрессия танытпайды, отбасылық достарды өзінің жақындары деп санап, оларды емен-жарқын көңілмен қарсы алады.

Вандейлік бассет-гриффон
Вандейлік бассет-гриффон. Фото: pixabay.com

Лабрадор-ретривер

АКК мәліметтері бойынша, лабрадорлар – достыққа адал, көпшіл және белсенді серіктер, олар отбасына тез бейімделеді. Отыз жылдан астам уақыт бойы олар АҚШ-тағы ең танымал ит тұқымдарының бірі болып келеді.

Ірі көлемді ит бүкіл отбасымен, тіпті бейтаныс адамдармен де жақсы қарым-қатынас жасайды. Оның ұшы тарылған құйрығы әрдайым ойнап тұрады, бұл оның көңілді күйін білдіреді, ал ақылды көздері мейірімділік пен түсіністікпен қарайды.

Лабрадор-ретривер
Лабрадор-ретривер. Фото: pixabay.com

Лабрадор далада белсенді ойындарды жақсы көреді. Оған күнделікті серуендер, суда жүзу және ұзақ жүгіріп тұру қажет. Бұл оның физикалық қалыпты күйде болуын қамтамасыз етіп, ақыл-ойының дамуына ықпал етеді.

Алтын түсті ретривер

Алтын түсті ретривер – адал дос және барлық адаммен қарым-қатынас жасауға дайын ит тұқымы. Жануарларды қорғау маманы Лаура Мюллердің айтуынша, бұл ит әрдайым қуанышты және достық пейілін көрсетіп тұрады. Ол тез әлеуметтік қарым-қатынасты дамытып, отбасының сүйіктісі болады.

Бұл тұқымдағы иттер оңай үйретіледі және тәрбиелі үй иттері бола алады. Олар балалармен ойнауға дайын және құлағы мен құйрығынан тартқанына ренжімейді. Басқа үй жануарларымен тең дәрежеде қарым-қатынас жасайды. Серуендеу кезінде иттер ойыншықтарды әкеліп, құйрығын бұлғап, иесінің мақтауын күтеді.

Алтын түсті ретвиер
Алтын түсті ретвиер. Фото: pixabay.com

Бигль

Бигль – мейірімді, адал дос және көңілді ит тұқымы. The Spruce Pets үй жануарлары туралы интернет басылымы бигльдердің белсенді, доппен ойнауды жақсы көретінін және отбасымен ұзақ серуендеуге қызығушылық танытатынын жазады. Олар өте ойыншыл және көңілді, әрдайым көңіл көтеруге дайын, иесіне жақын болып, балалармен ойнағанды ұнатады. Осылайша олар адамдарға деген махаббатын көрсетеді. Бигльдер басқа иттермен достасып, қақтығыстарға араласпайды.

Бұл иттер серуендеуде бір нәрсе іздеуге кіріспей тұрып, оларды байлауда ұстаған жөн.

Бигль
Бигль. Фото: pixabay.com

Кавалер-Кинг-Чарльз-спаниель

Кішкентай мейірімді иттер арасында кавалер-Кинг-Чарльз-спаниель бар. Бұл компаньон иттер адамдарды шынайы жақсы көреді.

PDSA ветеринарлық қайырымдылық ұйымының мәліметі бойынша, бұл тұқым өкілдері мейірімділік пен нәзіктігімен ерекшеленеді. Олар жалғыз қалуды ұнатпайды және өздеріне көңіл бөлгенді талап етеді. Кавалерлер иесімен диванда жатуды ұнатады және оларды құшақтап, жылы сөздер айтқанға қарсы емес.

Кавалер-Кинг-Чарльз-спаниель
Кавалер-Кинг-Чарльз-спаниель. Фото: pixabay.com

Бұл сүйкімді үлкен көзді иттер басқа иттермен және үй жануарларымен жақсы қарым-қатынаста болады. Кавалерлер спортқа аса бейім ит болмаса да, балалармен ойнағанды, ойыншықтарды әкелгенді және төңіректі аралауды жақсы көреді.

Мопс

Мопстар – тағы бір кішкентай мейірімді ит тұқымы. Үй жануарлары бойынша сарапшы Лаура Мюллер бұл ақылды және нәзік иттердің ойнағанды және иесімен бірге уақыт өткізуді жақсы көретінін жазады.

Мопс бейтаныс адамдармен және басқа иттермен оңай байланыс орнатады, балалармен жақсы тіл табысады, бірақ шектен тыс сипағанды ұнатпайды.

Мопс
Мопс. Фото: pixabay.com

Достыққа толы мінезіне қарамастан, бұл кішкентай сүйкімді иттердің ұстанымы да бар. Оларға тым қатал болуға немесе ұзақ уақыт назар аудармауға болмайды. Мопстарға үлкен физикалық жүктемелер қажет емес, бірақ олардың салмағын бақылау үшін күнделікті серуендеп, белсенді қозғалуы керек.

Бостон терьер

The Spruce Pets басылымы жазғандай, бостон терьерді "америкалық джентльмен" деп атайды. Бұл – кез келген жағдайда өзін еркін ұстайтын мейірімді ит. Оның ашықтығы мен достық қарым-қатынасқа деген ұмтылысы бұл тұқымды керемет серік етеді.

Бостон терьер
Бостон терьер. Фото: pixabay.com

АКК жүргізген зерттеулерге сәйкес, бостон терьерлері түсі, достық мінезі және ықшам өлшемдері арқасында Америкадағы ең танымал ит тұқымдарының қатарына кіреді. Бұл иттер жылдам бейімделіп, отбасындағы барлық адаммен тамаша тіл табысады. Олар басқа иттермен ойнап, кішкентай балалармен тез достасады. Бостон терьерлері құшақтасуды жақсы көріп, назарда болуды ұнатады.

Берндік зенненхунд

Берндік зенненхунд – компаньон ретінде ұсталатын бақташы ит. Әдемі толқынды жүні бар ірі ит иесін, оның балаларын және туыстарын жақсы көреді.

Forbes қаржылық-экономикалық журналының жазуынша, сабырлы және сүйкімді берндік зенненхунд кездескен адамдардың бәрін ұнатады және үлкен көлеміне қарамастан, олардың құшағына асығады. Бұл иттің достыққа толы сырт келбеті онымен қарым-қатынас жасауға шақырып тұрады.

Берндік зенненхунд
Берндік зенненхунд. Фото: pixabay.com

Бұл тұқымның өкілдері соншалықты бейқам, тіпті нақты қауіп болғанда да өзін қорғай алмайды. Зенненхундтар бейтаныс адамдарға қызығушылық танытып, олармен достасуға тырысады және еркелетуге тыныштықпен жауап береді.

Пудель

АКК порталы пудельді ең мейірімді және достыққа адал иттер рейтингінде алғашқы орындардың біріне қояды. Бұл тұқым өте ақылды және белсенді. Пудель оңай үйретіледі және тез әлеуметтенеді. Ол иесіне қатты бауыр басып, балалар мен жалғызбасты адамдар үшін керемет серік бола алады. Ит басқа жануарлар мен бейтаныс адамдарға агрессия көрсетпейді, бірақ олармен байланысқа түсуге асықпайды.

Пудель
Пудель. Фото: pixabay.com

Пудельдер үш өлшемде болады: той-пудель, шағын және стандартты пудель. Бұл иттер өте белсенді және иелерімен бірге спорттық жарыстарға қатысады.

Боксер

Боксер – сабырлы, қамқор және балаларды жақсы көретін ит. Үй жануарлары бойынша сарапшы Лаура Мюллердің айтуынша, бұл ақылды және мейірімді иттер ойнағанды және иесінің еркелетуін жақсы көреді.

Бокселер өздеріне назар аудартуға тырысып, айналасындағы адамдарды тапқырлығымен қызықтырады. Оларға қаншалықты көбірек позитив көңіл бөлінсе, олар да соншалықты көп жауап қайтарады.

Боксер
Боксер. Фото: pixabay.com

Алайда бокселер бейтаныс адамдарға сақтықпен қарайды. Оларға бейтаныс адамдарға шабуыл жасауды басу үшін үйретіп, әлеуметтендіру қажет. Олардың энергиясын дұрыс бағыттау керек, әйтпесе деструктивті мінез-құлық немесе шамадан тыс үру пайда болуы мүмкін.

Табиғатынан достыққа толы төрт аяқты достар үйде ерекше атмосфера жасайды. Олар оларға жылулық пен қамқорлық көрсеткендерге жауап қайтарады. Агрессияны тіпті күрделі жағдайларда да көрсетпейтін сүйкімді үй жануарлары адамның өмірін жарқын әрі мейірімді етеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2169156-zheti-qazynanyng-biri-dostyqqa-adal-it-tuqymdaryn-bilesiz-be/