Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аспан неге көк: аспан реңі туралы қызық деректер

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ақша бұлттар торлаған аспан
Аспан. Көрнекі фото: pixabay.com

Арнайы ден қойып, бақылап жүрмесек те, көк жүзіне күніне бірнеше рет еріксіз көз саламыз да, аспан әркезде әртүрлі болып құбылып тұратынын байқаймыз – таң рауандап атқан кездегі түсі басқа болса, түсте басқа, күн батарда тіпті басқа түске енеді. Мезгілге қарай өзгеретіні тағы бар. Бұл құбылысты ғылым қалай түсіндіреді? Аспан түсі неге өзгереді?

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Аспан түсі атмосфера мен күн сәулесінің өзара әрекеттесуіне байланысты өзгереді. Ауа молекулалары көбінесе көк және көгілдір толқындарды шашыратады, сондықтан адам көзіне аспан көк болып көрінеді.
  • Күн көкжиекке жақын болғанда, сәулелер атмосфераның қалың қабатынан өтеді. Бұл кезде көк толқындар жоғалып, қызыл, сары түстер басым болады. Сондықтан таң мен кеш қызғылт түсті болады.
  • Басқа планеталардың аспаны олардың атмосферасының құрамына байланысты әртүрлі түсті болады. Мысалы, Марста қызғылт, Венерада сары-қызғылт сары түсті аспан байқалады.

Күн сәулесінен аспан көгілдір түске енеді

Аспан деген не? Бұл біздің планетамыздың бетіндегі кеңістік, сондай-ақ Жер планетасынан ерекшеленетін басқа астрономиялық объектілердің үстіндегі кеңістік. Қарапайым тілмен айтқанда, аспан – бұл планетаның бетінен ғарышқа қараған кезде ашылатын панорама.

Жер бетіндегі адамдар үшін аспан көк түсті. Оған Жер планетасының атмосферасы және Күннен түсетін жарық әсер етеді. Күн сәулесі электромагнитті сәулеленудің барлық спектрін (7 түсті) қамтиды – қызыл, қызғылт сары, сары, жасыл, көгілдір, көк және күлгін толқындар. Олар қосылғанда ақ түске енеді. Сонымен қатар қызыл толқындар ең ұзын, күлгін толқындар ең қысқа толқын саналады.

Аспан неге көк? Жер атмосферасына енген күн сәулелері газ молекулаларына, шаң-тозаңға және басқа да ұсақ бөлшектерге тап болады. Жарық ағынынан ең алдымен ең қысқа толқындар мен ең ұзын толқындар бөліне бастайды. Олар ауа бөлшектерімен соқтығысады да, әртүрлі бағытта шағылысады. NASASpace Place сайтының жазуынша, басқаларға қарағанда күлгін, көк және көгілдір спектрдің ұсақ қысқа толқындары көбірек шағылысады. Адамның көзі көк түске қарағанда, күлгін түсті нашар қабылдайды, сондықтан бізге аспан көк болып көрінеді.

Жазық дала мен көк аспан
Жазық дала: pexels.com

Стратосферадан аспан қара болып көрінеді

Күн сәулесі мен атмосфера бөлшектерінің өзара әрекеттесу процестерін "жарықтың шашырауы" деп атайды. Оны британиялық Лорд Рэйли деген ғалым зерттеген, сондықтан бұл құбылыс "Рэйли шашырауы" деп аталады. 1871 жылы ол жарықтың шашырауы ауа бөлшектерінің мөлшеріне және түсетін толқындардың ұзындығына байланысты екенін анықтады. Рэйли өз зерттеулеріне сүйене отырып, "көк түс қызылға қарағанда шамамен 9 есе көбірек шашырайды, сондықтан аспанда көк түс басым болады" деген қорытындыға келді.

Ұзын қызыл, сары, жасыл толқындар ұсақ ауа бөлшектерімен шашырамайды. Sci Jink сайты олар ары қарай атмосфераға бірге кіретінін, сондықтан ақ болып көрінетінін жазады. Оларды адам көзі осылай қабылдайды, сондықтан біз оларды көре алмаймыз деуге болады.

Түнде күн сәулесі атмосфераға кірмейді, сондықтан жарық шашырамайды болмайды. Осыдан түнде аспан қара түске енетінін және Ай мен жұлдыздардың анық көрінетінін білуге болады.

Атмосфераға неғұрлым жоғары көтерілген сайын, аспан соғұрлым қараңғылана түседі. Стратосферадан ол әрқашан қара болып көрінеді, өйткені мұнда ең алдымен ең қысқа күлгін сәулелер шашырайды. Жер бетіне жақындаған сайын көк, содан кейін көгілдір сәулелер шашырайды.

Стротосферадағы аспан
Стратосферадағы аспан көрінісі. Көрнекі фото: pixabay.com

Таң атқанда және кеш батып бара жатқанда аспан қызыл түске енеді

Таңертең күн қызғылт немесе қызыл көкжиектен жоғары көтеріледі. Күн батып бара жатқан кезде де аспанның батыс жақ көлігінен қызғылт түстерді байқауға болады. Ғылыми тұрғыдан алғанда бұл құбылыстар өте қарапайым түсіндіріледі: аспанның түсі атмосфера мен күн сәулесінің өзара әрекеттесуіне байланысты.

Күн биікте тұрған кезде оның сәулелері қалыңдығы шамамен 150–160 км болатын планета атмосферасына енеді. Көкжиектен жоғары көтерілген сәулелер бақылаушыға жеткенше атмосферада едәуір үлкен қашықтықты еңсеруі керек. Атмосфералық ауаның әдеттегі қалыңдығына 6 мың км-ден асатын планета радиусының қашықтығы да көкжиектен түзу сызықпен қосылады.

NASASpace Place сайты осы ұзақ жолда ауа молекулалары көгілдір жарық толқындарын көптеген бағыт бойынша бірнеше рет шашыратады және олардың көбі жоғалады деп жазады. Содан адамның көзіне дейін жететін қызыл, сары, қызғылт сары түсті ұзын толқындар қалады. Сондықтан адам таңның әдемі болып атқанын көреді. Күн тас төбеге қарай жылжыған сайын, атмосфераның кішірек қабаттарын тесіп өтеді және жарықтың шашырауы аспанды көк түске бояйды.

Күн батып бара жатқан кездегі аспан көрінісі
Күн батар алдындағы аспан. Көрнекі фото: pixabay.com

Аспан бір кездері қызғылт сары болған

География туралы National Geographic сайтында жарияланған мәлімет бойынша, аспан әрдайым көгілдір түсті болмаған. 2,5 миллиард жыл бұрын планетамыздың ерте қалыптасуы кезінде атмосфера уытты болды. Оны иіс газы, көмірқышқыл газы және метанның улы буларынан пайда болған тұман тұмшалап тұрған. Метан ұзын жарық толқындарын жақсы шағылыстырған, сондықтан жас планетаның үстіндегі аспан сарғыш түсті болған. Фотосинтез есебінен тіршілік ететін және атмосфераны басқа газдармен, ең алдымен оттегімен қанықтырған бактериялардың пайда болуы бастапқы түсті өзгертіп жіберген. Атмосфера өмір сүруге қолайлы болып, аспан көк түсті бола бастады.

Көбіне біз аспаннан ақ немесе сұр түсті бұлттарды көреміз. Бұлттар су тамшыларынан тұрады, олар ауа молекулаларынан үлкен, өлшемдері әртүрлі, бірақ әрқашан жарық толқыны ұзындығынан үлкендеу болады – тіпті күлгіннен де, қызылдан да. Оның үстіне әрбір тамшының өзіндік пішіні бар және жарық толқындарын өзінше сындырады. Нәтижесінде адамның көзіне тек ақ түс түседі, сондықтан біз бұлттарды ақ түсте көреміз.

Егер бұлт көп болса, онда оларда су тамшылары көбірек жиналады. Сонымен бірге олар жерге жетпеген жарықтың көп бөлігін сіңіреді, ал аспан сұр және ауыр болып көрінеді. Мұндай әсер күзде байқалады.

Басқа планеталарда аспан басқаша

Ғарышта күн сәулесін шашырататын ештеңе жоқ. Күннің жарығы түзу сызық бойымен өтеді, оның сәулеленуінің барлық түсі бірге қалады, сондықтан шырақтардың өзі ашық ақ түсті болады. Оның шетінде қара бос орын болады. Атмосферасы жоқ астрономиялық объектілерде –Меркурийде, Айда аспан сондай болады. Ондағы аспан түсі қара болады ды, әрдайым жұлдыздар көрініп тұрады.

Марс атмосферасында шаң-тозаң, темір оксидтері және көмірқышқыл газы көп болады. Олар қызыл жарықты жақсы шашыратды, сондықтан бұл планетаның аспаны сары-қоңыр немесе қызыл-қызғылт түсті болады. Венераның атмосферасы өте тығыз келеді, оның құрамында күкірт қышқылы көп. Сондықтан ондағы аспан сары-қызғылт сары түсті болады, онда тіпті Күн дискісін де ажырату мүмкін емес.

Алып газ планеталарының беті тығыз емес. Сондықтан Есекқырған, Уранның, Нептунда аспан қою көк түсті, ал Сатурнда сары болуы керек деп болжанады.

Атмосфералық бөлшектер мен күн сәулесінің өзара әрекеттесуінен аспан түсі сан құбылып тұрады. Алайда аспанның түнермей, ашық болғаны жамынызға тыныштық сыйлайды. Аспанымыз ашық болсын!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2173717-aspan-nege-kok-aspan-turaly-qyzyq-derekter/