Түске тышқан кірсе: кеміргіштер жайлы түстер не мағынаны білдіреді
Жарияланған күні:
Читать на русскомАдам түсінде тышқан көрсе, өңінде қиындыққа тап болуы немесе үйіне күтпеген қонақ келуі мүмкін. Алайда кейде мұндай түс байлық пен табыстан да хабардар етуі ықтимал. Танымал түс жору еңбектеріне сүйеніп, тышқан туралы түстерді талқылап көрейік.
- Тышқандар туралы түстер көбінесе қиындықтар мен проблемалардың белгісі ретінде қарастырылады, бірақ кейде олар табыс пен сәттілікті де білдіруі мүмкін.
- Түрлі түс жорушының (Феломен, Юнона, Хассен, Лофф, Миллер, Ванга) пікірінше, тышқандар түске кірсе, көбінесе жасырын жаулар, өсек-аяң, қиындықтар немесе алдағы өзгерістердің белгісі болып саналады.
- Мұсылманша түс жоруда тышқандар отбасылық қарым-қатынастар мен қаржылық жағдайға қатысты түрлі мағынаға ие, ал жалпы алғанда түстерді жақсылыққа жору ұсынылады.
Феломеннің жоруы
Феломен тышқанды тапқырлық пен ептіліктің белгісі ретінде қарастырады. Тышқанның мысықтан қашып, құтылып кеткені туралы түс көрген адам өңінде қауіп-қатерден аман қалады. Түсінде тышқанды тамақтандырып жатса, басқаларға қамқорлық жасау керек екенін білдіреді.
Тышқанның тұзағы кәсіпкерлікпен айналысатын және кез келген жағдайдан шығудың жолын таба алатын адамның түсіне кіреді. Адамның түсіне көп тышқан кірсе, не болады? Мұндай түс түс көрушінің түрлі қиындықты оңай еңсеретінін білдіреді.
Жарқанат түске кірсе, қауіптен сақтану үшін бейімделу қажет дегенді білдіреді.Адам түсінде жарқанаттың ұшып жүргенін немесе жәндіктерді аулап жүргенін көрсе, арманы орындалады. Жаралы жарқанат қарақшылық шабуылдан сақтану үшін түнде сақтану керек екенін білдіреді.
Юнонаның жоруы
Юнонаның түс жоруына сәйкес, тышқан жайлы түс қарбалас пен қиындықтардан хабардар етеді. Мұндай түс жала жабушылар мен ниеті қалыс адамдар кезігетінін білдіреді. Бизнесте сәтсіздік, кедейлік немесе тұрмыста қиындықтар болуы мүмкін. Тышқан туралы түстер отбасылық өмірде және балалармен қарым-қатынаста да қиындықтар туындауы мүмкін екенін білдіреді.
Тышқандар – кішігірім қиындықтар символы. Егер кішкентай тышқан әйелдің киімінде отырған болса, түс көруші жағымсыз жағдайға не болмаса жанжалға тап болуы мүмкін. Тышқан туралы түстер ару-сырқауды, жағымсыз эмоцияларды немесе бос әурешілікті білдіреді. Мұндай қиындықтарды еңсерудің жалғыз жолы – күреспеу, қабылдау.
Хассенің жоруы
Хассенің түс жоруы бойынша, тышқан бейнесі бірнеше мағынаны білдіреді. Егер адам түсінде тышқан көрсе, мына жайттарға мән беруі керек:
- Егер тышқан ұстап алса, жоспары сәтті іске асады.
- Ақ тышқандар берік некені немесе үйлесімді романтикалық қарым-қатынасты білдіреді.
- Тышқанның шиқылы тонаудың немесе шабуылдың құрбаны болу қаупін білдіреді.
- Көп тышқан қиын кезеңдер басталатынынан хабардар етеді.
Адам түсінде сұр тышқан көрсе, өңінде не болады? Сұр тышқан жасырын жаудың пайда болатынын білдіреді. Абайлап жүріңіз. Адам түсінде тышқан ұстап алса, өңінде табысқа жетіп, ісі өрге домалайды.
Лоффтың жоруы
Лоффтың түс жоруына сүйнсек, егеуқұйрықтар әл-ауқат пен эмоциялық саулықтан айырылуды, ішкі күдікті, достарды жоғалтып алуға деген қорқынышты білдіреді. Лоффтың жоруында да тышқандар жақсылықтың нышаны саналмайды. Олар екіжүзді және ұры адамдардың символы ретінде қарастырылады. Егер адам түсінде кеміргіштің тамақ ұрлағанын көрсе – түс көрушінің маңайында өткен өмірін барынша жасыратын қауіпті адам жүргені.
Тышқандар өсекті білдіреді. Ақ тышқан дұшпан адаммен жақын араласып жүргендердің түсіне кіреді. Қара тышқан – жасырын жаудың белгісі. Адам түсінде өзін тышқан бейнесінде көрсе, өзгерістен бас тартып жүргенін білдіреді.
Ер адам түсінде өлген тышқан көрсе, табысы артады. Егер әйел түсінде тышқанды сипаса, маңайында сатқындар жүр деген сөз.
Миллердің жоруы
Адам түсінде кішкентай тышқан көрсе, мұндай түс өңінде нені білдіреді? Миллердің жоруынша, тышқандар жалған достықты, тұрмыстағы кішігірім қиындықтарды, алаңдататын ойларды білдіреді. Өмірі қарбаласпен өтіп жатқан, соған разы емес адамдардың түсіне тышқан көп көреді.
Адам түсінде тышқан өлтірсе, өңінде жауын жеңеді. Тышқан қашып кетсе, күрес соңы немен аяқталатыны белгісіз болып қалады. Жас әйелдің сыртынан ғайбат айтып жүрген жасырын жауы болса, түсіне тышқан кіреді. Тышқан әйелдің киімінің үстінде отырса, үлкен жанжал болатынын білдіреді.
Тышқанның қақпаны – түс көрушіге жасалатын қастандықты білдіреді, сондықтан ондай түс көрген адам сақ жүруі керек.
Ванганың жоруы
Ванганың түс жоруы бойынша, тышқан туралы түстер көреалмауышлар тарабынан сөзбен қағытуды, өсек-аяңды, жаланы білдіреді. Бұған қоса Ванганың түсіндіруінше, тышқанның түске кіруі егіннге зиян келетінінен хабардар етеді.Тышқанның адам түсінде жақын келуі баға өсетінін, шиқылдауы эпидемияға қарсы күресу керек екенін білдіреді.
Егер ана түсінде тышқан көрсе, бұл жақсылықтың нышаны саналады. Ол балаларының жақсы ортада жүргенінен хабардар етеді. Түсінде адамды тышқан тістеп алса не болады? Мұндай түс туған-туыстардың бірімен болатын жанжалдан хабардар етеді.
Мұсылманша түс жору
Мұсылманша түс жоруда тұрмыстағы әйелдің түсіне тышқан кірсе, күйеуі екеуінің арасында кішігірім түсінбеушілік болатынын білдіреді. Ал егер көп тышқан көрсе, тұрмыстық жағдайы жақсы болатынын, ақшасы көп болатынын білдіреді.
Егер әйел түсінде ақ тышқан көрсе, айналасындағы адамдарға жаман қарым-қатынас жасап жүргенінен хабардар етеді. Адам түсінде тышқанды қуып жүрген мысық көрсе, басындағы қайғы-мұңы сейіледі.
Қорыта келгенде, қандай түс көрсеңіз де, барынша жақсылыққа жорыңыз дегіміз келеді. Жорып беретін адамды да жақсылап таңдау керек.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2176532-tuske-tyshqan-kirse-kemirgishter-zhaily-tuster-ne-magynany-bildiredi/