Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оқушыға көмек: жапырақ неге жазда жасыл түсті болады

Жарияланған күні:

Жапырақ
Жапырақ. Көрнекі фото: pixabay.com

Жапырақ неге жасыл болады? Оның түсіне не әсер етеді? Хлорофилл және фотосинтез деген не? Осы сұрақтардың жауабын бірге іздеп көрейік.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Жапырақтың жасыл түсі құрамындағы хлорофилл пигментіне байланысты, ол күн сәулесін сіңіріп, өсімдікті қоректендіреді.
  • Фотосинтез процесі жапырақтардағы хлоропластарда жүреді, бұл өсімдіктердің жарық энергиясын пайдаланып қорек жинақтауына мүмкіндік береді.
  • Әлемде ерекше жапырақтар бар, мысалы Адиантум қырыққұлағының жіңішке жапырағы, путанг шөбінің ұстара сияқты жапырағы және панданус пальмасының берік жапырағы.

Көктем келісімен ағаштар бүр атып, жандана бастайды. Күн шуағы жерді қыздыра түскенде әлгі бүршіктерден жапырақ жайқалып шығып, көз қуантады. Жылда байқалатын бұл табиғи құбылыс көзге үйреншікті болып көрінгенімен, жапырақ жасушысында күрделі процестер жүріп жатқанын байқай бермейміз. Сонымен жапырақ не себепті жасыл болады?

Жапырақ мыңдаған, тіпті миллиондаған хлорофиллдердің арқасында жасыл түске енеді.

Жапырақ не қызмет атқарады?

Жапырақтар – өсімдіктің қорек түзетін бөлігі.

Өсімдік жапырақ арқылы тыныс алады, су мен көмірқышқыл газынан органикалық заттар түзеді, лас ауаны өзіне сіңіріп, оттегін шығарады.

Өсімдіктің көбі фотосинтез процесінің арқасында қоректенеді. "Фото" сөзі "жарық", ал "синтез" "қосылу, құрастыру" деген мағыналарды білдіреді. Өсімдіктер өздерінің қоректерін жарықты пайдалана отырып жинақтайды. Фотосинтез жапырақ жасушаларының ерекше құрылымында өтеді. Олар "хлоропластар" деп аталады. Оның құрамында күн жарығының энергиясын аулайтын пигмент болады.

Пигмент – бұл белгілі бір түсі бар және түсіне байланысты әртүрлі толқын ұзындығында жарықты сіңіре алатын молекула. Табиғатта пигменттердің әртүрлі түрлері бар, бірақ хлорофилл өсімдіктерге ұлпа құруға қажетті энергияны сіңіруге мүмкіндік беретін қабілетімен ерекшеленеді.

"Өсімдіктер әлемі" энциклопедиясында келтірілген анықтама бойынша, хлорофилл – өсімдікке жасыл түс беретін пигментті зат. Ол күн нұрын өзіне сіңіріп, өсімдікті қоректендіреді. Жапырақтардың бәрінде жасыл хлорофилл болады. Бірақ кейбір өсімдіктердің жапырақтарында басқа түсті хлорофилдер жасыл түстіге қарағанда көбірек болады.

Хлорофилл өсімдіктерге жасыл түс береді, өйткені ол ақ жарықтың жасыл толқын ұзындығын сіңірмейді. Осы жарықтың толқын ұзындығы өсімдікке шағылысып, оның жасыл болып көрінуіне әcер етеді.

Күзге қарай жапырақ су тәрізді қорек көзінен айрылады. Хлорофилл сусыз өмір сүре алмайды. Сондықтан күзде жапырақ сарғайып, қурайды.

Жапырақ құрылымы
Жапырақ. Көрнекі фото: freepik.com

Әлемде қандай ерекше жапырақтар бар?

Әлемде ерекше жапырақтар да кездеседі.

"Жаратылысы ерекше жапырақтар" мақаласындағы деректерге сүйенсек, Адиантум қырыққұлағының, путанг шөбінің, панданус пальмасының, кипарис ағашын атап өтуге болады.

  • Адиантум қырыққұлағының жапырағы бір ғана жасушадан тұратындығымен ерекшеленеді әрі әлемдегі ең нәзік және ең жіңішке жапырақ саналады.
  • Жаңа Гвинеяда өсетін путанг шөбінің жапырағын жергілікті тұрғындар сақал қыру үшін пайдаланады. Өйткені жапырақтың жүзі кәдімгі ұстараның жүзінен еш қалыспайды екен.
  • Азия мен Полинезияның тропикалық өңірлерінде өсетін панданус пальмасының жапырағы қатты әрі серпінді жапырақ саналады. Панданус пальмасы Үнді мұхит жағалауларынан да табылады. Бұл жапырақтан жүк көтеретін кәрзеңкелер тоқылады.
  • Ал бір кипарис ағашында 45-тен 55 миллионға жуық жапырақ болады. Сондықтан бұл ағаш жапырағы ең көп ағаш саналады.
Кипарис ағашы
Кипарис. Көрнекі фото: pixabay.com

Табиғатта жапырақты жапырақ деп қабылдағанымызбен, ол өсімдіктің ғана емес, адамдар мен жауарлар тіршілігінде орасан зор рөл атқарады, тіпті тіршілік экожүйедегі қорек тізбегі фотосинтезден басталады десек, онда жапырақты, оның құрамындағы хлорофилді тіршілік көзі деуге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2177985-oqushyga-komek-zhapyraq-nege-zhazda-zhasyl-tusti-bolady/