Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгінгі жұлдыз жорамал: 30 қазан күні сізді не күтіп тұр

Жарияланған күні:

Жұлдызды аспанға қарап тұрған жігіт
Жұлдызды аспан. Көрнекі фото: Unsplash

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Жұлдыз жорамалға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құрып, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Тоқтылар

Бүгін болашақ саяхатыңыздың жоспарын құруға сәтті күн. Арманыңыз бен табысыңыздың сай келуін ойластырыңыз.

Қызметте бар қабілетін көрсете білген Тоқтылардың еңбегі елеусіз қалмайды. Шығармашылықпен айналысатындарға жаңа шабыт келіп, жұмысы өнімді жүреді.

Торпақтар

Өміріңізді түрлендіру үшін араласатын ортаны кеңейту қажет. Көршілер, әріптестер, жай ғана таныс адамдар арасынан жақсы дос таба аласыз.

Тәттілерден біртіндеп бас тартқаныңыз жөн. Бірден тәттіден тыйылу қиындық тудырмауы үшін жемістерді көбірек тұтынғаныңыз дұрыс.

Егіздер

Достар мен таныстар тек қандай да бір пайда әкелетін адамдар емес, сонымен қатар адами қарым-қатынастар мен сіздің эмоционалдық күйіңізді ойлайтын жандар екенін ұмытпаңыз. Пайдаға құрылған емес, шынайы достық жан дүниеңізге тыныштық әкеледі.

Бүгінгі табысыңыз әдеттегіден көбірек болады.

Шаяндар

Жақын адамдармен қарым-қатынаста эмоциялық жай-күйге назар аударыңыз. Олармен жақын сөйлесіп, пікірін тыңдауға тырысыңыз. Бұл маңызды.

Бүгіннен бастап кофе ішуден бас тартсаңыз, кофеге деген тәуелділіктен құтылу оңай болады.

Арыстандар

Бұл күндері денсаулығыңызда оң өзгерістер болады. Ай тұтылатын кезеңде, әсіресе, диетаға мұқият болыңыз: ащы және майлы тағамдардан аулақ болыңыз (аллергиялық аурулар өршуі мүмкін).

Күтпеген жерден қызметіңіз өсуі мүмкін. Бұл көптен ойлап жүрген істеріңізді жүзеге асыруға жол ашады. Алайда менмендікке бой алдырудан сақ болыңыз.

Бикештер

Егер туыстарыңызбен немесе достарыңызбен іс-шара жоспарласаңыз, қызық тосын сыйларға дайын болыңыз.

Дос ретінде көмек көрсетуге дайын болыңыз, бұл жақсылығыңыздың қайтарымы болады.

Таразылар

Үлкен жетістікке жету үшін қызметте бар интеллектуалдық күшіңізді, біліміңіз бен талантыңызды пайдаланып, оларды жеке мүдделеріңізбен ұштастырудың жолын іздеңіз.

Бүгінгі қарбалас күн болады. Жоспарларды тез арада өзгерту қажет болады, өзгерістерге тез бейімделуге тырысыңыз.

Сарышаяндар

Бүгін жұмыс іздеуге және көшуге байланысты маңызды шешім қабылдауға қолайлы күн.

Қатты эмоцияға берілуден және жақын адамдарыңызбен ұрысудан сақ болыңыз, сіздің ашуыңызды келтіретін жайттар болуы мүмкін, барынша сабыр сақтауға тырысыңыз.

Мергендер

Бүгін өмірдің көптеген саласында тепе-теңдік сақтау маңызды: жұмыс істеу қажет, бірақ сеніп тапсырылған іске жауапкершілікпен қарағаныңыз жөн, дене жаттығуларын жасаған кезде де шамадан тыс жүктемеден аулақ болыңыз.

Бүгін маңызды кездесулерге баруыңыз мүмкін.

Тауешкілер

Достарыңыздың алдында біреуді сынаудан немесе теріс пікір айтудан аулақ болыңыз, теріс мінезіңізге куә болған достарыңыз сізден сырт айлануы мүмкін.

Бизнесте жүрген Тауешкілерге көбірек клиент тартуға мүмкіндіктер туады.

Суқұйғыштар

Жақындарыңызбен қарым-қатынасыңызда нақты шекараларды белгілеңіз. Балаларыңыз бен отбасы мүшелеріңіздің алдындағы құрметіңізді жоғалтып алмаңыз, балаларға жеке тұлға ретінде қарауды үйреніңіз.

Бүгін спортпен шұғылдануға қолайлы күн: оң нәтижелерге қол жеткізесіз, бұл сізді дене шынықтырумен белсендірек айналысуға шабыттандырады. Контрасты душ қабылдауды әдетке айналдырыңыз.

Балықтар

Бүгін сауда-саттықпен және бизнеспен айналысатындар үшін күн сәтсіздеу болады. Басшылықпен, бизнес серіктестермен келіссөздер сіз ойлағандай нәтижелі болмауы мүмкін. Сондықтан уақытша демалыс жариялап, уақытты отбасыңызбен өткізгеніңіз жөн.

Бүгін жаттығу жасағанда немесе ауыр заттар көтергенде барынша абай болыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2179793-bugingi-zhuldyz-zhoramal-30-qazan-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/