2024 жылғы қарашаға арналған қытай жұлдыз жорамалы
Жарияланған күні:
Читать на русскомРетроградты Меркурий және Сарышаяндағы жаңа ай интуицияға әсер етеді. Бұл сіздің өміріңізді және адамдармен қарым-қатынасыңызды жақсартуға көмектеседі. Шығыс жұлдызнамасы бойынша қарашада тағы қандай өзгерістер болуы мүмкін? KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.
- Қарашада Ретроградты Меркурий мен Сарышаяндағы жаңа ай интуицияға әсер етіп, адамдардың өмірі мен қарым-қатынасын жақсартуға көмектеседі.
- Әр зодиак белгісі үшін қарашада әртүрлі мүмкіндіктер мен сын-қатерлер болады: мысалы, Егеуқұйрықтар үшін жоспарлау айы, ал Бұқалар үшін толқу кезеңі.
- Көптеген белгі үшін қараша махаббат пен жаңа таныстықтар айы болады, сондай-ақ кәсіби өсу мен жеке даму үшін қолайлы кезең.
Егеуқұйрық
Қараша Егеуқұйрықтар үшін жоспарлау және жеңіске жету стратегиясын қалыптастыру айы болады. Жарыңызға және отбасы мүшелеріне көңіл бөліңіз, олар, әсіресе, осы айда сіздің назарыңызға зәру болмақ. Жақын тартпайтын бөтен адамдарға уақытыңызды кетірмеңіз.
Feng Shui Mall астрологиялық басылымының жазуынша, кейбір Егеуқұйрықтар үлкен жетістік пен дамуға қадам жасайтын елеулі өзгерістерге тап болады. Жұмысыңыз бен мансабыңызда көшбасшылыққа деген ұмтылысыңыз көмектеседі. Махаббат пен қарым-қатынас ортақ мүдделерді нығайтады.
Бұқа
Қараша айында Бұқалар толқу мен алаңдаушылық кезеңін бастан кешіреді. Оқиғаларды жеделдетуге деген ұмтылыс көмектеспейді, тек нәтижелерді тежейді. Ең дұрыс шешім – жұмысты жүйелі және жауапкершілікпен орындау.
Your Chinese Astrology астрологиялық басылымының жазуынша, Бұқалар ұстамдылық танытуы керек. Қанша жақсы нәтижеге қол жеткізсе де, қызғаныш тудырмас үшін менмендік көрсетпеу керек. Ішкі үйлесімділікке және сыртқы әлеммен жақсы қарым-қатынасты сақтауға көңіл бөлу керек. Жаңа байланыстар орнатып, жаңа адамдармен танысыңыз.
Жолбарыс
Sun Signs астрологиялық басылымының мәліметінше, қарашада Жолбарыстардың қызметі өседі. Кәсіпкерлер егжей-тегжейлі зерделеуден кейін көрсететін қызмет аясын кеңейтіп, жаңа жобаларды бастайды. Алайда кез келген ұсыныстар мен келісім-шарттарға мұқият болуыңыз керек. Консервативті көзқарас, ішкі тыныштық пен асықпау – ең жақсы көмекшілер.
Жұбайлық өмірде үйлесім орнайды. Жалғызбасты Жолбарыстар табанды болса, махаббат хикаясын бастан кешіреді. Денсаулыққа дер кезінде күтім жасасаңыз, ешқандай қиындық тудырмайды.
Қоян
Ganesha Speaks астрологиялық басылымының жазуынша, қарашада қызметте Қояндардың айы оңынан туады. Қызғаншақ адамдардың кесірінен қиындықтар туындайды. Ондай адамдардан өзін аулақ ұстап, жанжалға түспеген абзал. Көп жұмыс қағаз жүсінде ғана атқарылғандай көрінеді. Соған қарамастан берілмеңіз, жоспарларыңызды іске асыру жолында аянбай еңбектене беріңіз.
Жалғызбасты Қояндар махаббаттын жолықтыруы мүмкін. Мұқият болып, асығыстық танытпаңыз. Шықпай қалған эмоциялар физикалық денсаулықты нашарлатады, сондықтан негатив жинамаңыз.
Айдаһар
Бұл айда Айдаһарлардың қызметте тасы өрге домалайды. Бұл әлеуметтік тұрғыда өсуге және беделіңізді нығайтуға көмектеседі. Қаржыңыз артады. Айдаһардың таланттары мен табандылығының арқасында бірнеше жаһандық мақсаттарға қол жеткізіледі.
Astro Yogi астрологиялық басылымының жазуынша, қарашада көптеген Айдаһар сүйіктісімен сөз байласады немесе үйленеді. Көптеген жұп отбасын құрып, балалы болуды жоспарлайды. Әлі бойдақ жүргендердер қарашада жұп болатын адамын кезіктіреді.
Жылан
Қараша айы Жыландарды сәтті сәйкестіктермен қуантады. Insta Astro астрологиялық басылымы атап өткендей, белгі өкілдері бұл айда өзінің жеке және кәсіби өмірінде өзгерістер кезеңін өткереді. Мансап сатысымен жоғары көтерілу және армандарыңызға жету үшін шыдамдылық пен күш-қуат қажет. Шешімдеріңіз бен таңдауларыңызда абай болыңыз, интуицияңызға сеніңіз.
Ауыр қиындықтарға тап болмауы үшін сабырлы болуы маңызды. Сүйіктісін тапқандар жұбын бірте-бірте тани түсуі керек.
Жылқы
Жылқы жұмыста және жеке өмірде қиындықтарға тап болуы мүмкін. Оған әріптестер мен туыстар тарапынан жасалған сыртқы қысымдар мен міндеттемелер себеп болады. Жұмысыңызда еңбекқорлық пен ұқыптылыққа арқа сүйеңіз, еңбегіңіз міндетті түрде бағаланады. Отбасында жауапкершілікті бөлісіңіз және қолыңыздан келетін істерге ғана кірісіңіз.
Үзіліс жасап, күш-қуатыңызды қалпына келтіріңіз. Өзіңізге, хоббиіңізге және шығармашылыққа уақыт бөліңіз.
Ешкі
Қарашада белгі өкілдеріне бұрынғы таныстары қайта оралып, жоғалған заттары табылуы мүмкін. Бірақ бәрін бірдей қабылдау міндетті емес. Адамдардың ұсыныстарын және олардың қызығушылығын бағалаңыз. Қорытынды жасап, шын көңілден өкінгендерге ғана екінші рет мүмкіндік беріңіз. Қайта қосылу сізге қуаныш пен өзіңізге деген сенімділік береді.
Уақытыңызды қызықты іс-шараларға жұмсау арқылы жаныңыз бен тәніңізге қамқорлық жасаңыз. Спорт, медитация қуаныш сыйлайды. Медициналық тексеруден өткеніңіз абзал.
Мешін
Қарбалас қараша Мешінді күш жинауға мәжбүр етеді. Жұмысында ол әріптестерінің көмегінсіз-ақ жоспарланған ісінің бәрін орындай алады. Жеке өміріңізде келіспеушіліктер туындайды. Бірге демалу стрессті азайтуға көмектеседі.
Ешкімге, тіпті жақын достарыңызға да сенбеңіз. Күздің соңында біреу сіздің сеніміңіз бен қаржыңызды пайдаланғысы келеді. Денсаулық жағдайына назар аударып, дәрумендер кешенін қабылдауды бастаңыз. Қараша – имиджіңізді өзгертуге қолайлы кезең.
Әтеш
Жақсы әдеттер атқарған жұмысыңызға және күнделікті әрекеттеріңізге қанағаттануыңызға көмектеседі. Ерте тұрып, ерте жатуға тырысыңыз, құжаттарыңызды мұқият тексеріңіз, органикалық өнімдер тұтыныңыз. Бұл өмір сапасы мен энергетикалық әлеуетті жақсартады.
Мәселелер шешіліп, кез келген қиындық еңсеріледі. Төзімді болыңыз, қандай да бір мәселені шешуде шығармашылық қабілетіңізді қолданыңыз. Көптеген Әтештің жақсылығын бөлісетін адамы болады. Бойдақтар махаббатын кезіктіреді.
Ит
Қарашада Ит белгісінде туған адамдар сабырлы және болашаққа сенімді болады. Бұрынғы атқарылған істердің бәрі табыс, бедел және өзара қамқорлық түрінде өз жемісін береді. Күтпеген қомақты табысты қор ретінде сақтаңыз.
Жаныңыз көңілді отырысты қалайтын болса, сауық кештер ұйымдастырыңыз. Бірақ ішімдікке құмартпаңыз және өзіңізді ұстаңыз. Тәжірибеңізді бөлісуден және күнделікті мәселелерде көмек сұраудан қашпаңыз. Туыстарға кешкі ас беру арқылы отбасылық байланыстарды нығайтыңыз.
Доңыз
Доңыз бұл айда уақытша қиындықтарға тап болады, алайда туа біткен қабілеттері қиындықты еңсеруге көмектеседі. Команда болып жұмыс істегендер үлкен жетістікке жетеді. Жұмыста және жеке өмірде көп адаммен танысасыз. Кеңеске құлақ асыңыз, бірақ өзіңізге сенетін шешімдер қабылдаңыз.
Егер Доңыз айналасына сәттілікке шын сенетін адамдарды жинай білсе, ісі алға жүреді Көптеген адам жеке ісін ашуға бел буады. Демеушілер табу үшін іс-шараларға қатысыңыз. Іс-шаралар кезінде махаббатыңызды жолықтыруыңыз да ғажап емес.
Қарашада барлық зодиак белгісі өз ұстанымдарын дамытуға және нығайтуға мүмкіндік алады. Жалғызбастылардың көбі махаббатын табады немесе ұмыт болған сезімдері қайта оянады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2180298-2024-zhylgy-qarashaga-arnalgan-qytai-zhuldyz-zhoramaly/