Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Табиғаттың тылсым күші: дауыл қалай пайда болады

Жарияланған күні:

Аралдағы күшті дауыл. Көрнекі сурет
Аралдағы күшті дауыл. Көрнекі сурет: pixabay.com

Күздің соңы мен қыс айларында күшті жел соғып, дауыл соғуы мүмкін. Табиғаттың бұл тылсым күші қалай пайда болуы мүмкін? Бүгінгі мақаладан біле аласыздар.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Дауыл - жылдамдығы 33 м/с-тен асып, 118 м/с-ке жететін күшті жел, ол 3-27 күнге дейін созылуы мүмкін және жаңбыр, бұршақ, су тасқынымен бірге жүруі ықтимал.
  • Дауыл - мұхит пен атмосфераның жоғарғы қабаттарындағы тұрақсыз энергияның кинетикалық энергияға айналуынан пайда болатын термодинамикалық жүйе, деп түсіндіреді физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Б. Лучков.
  • Дауылдың күшіне қарай 5 түрі бар, ең қауіптісі - желдің жылдамдығы 252 км/сағ-тан асатын 5-ші деңгейлі дауыл, одан қорғану үшін тасаға тығылу, қажетті заттарды дайындау және үйді қорғау шараларын қолдану керек.

Дауыл дегеніміз не

Халық арасында дауылды күшті жел деп білсе, ғылыми тұрғыда оның анықтамасы бар. Мамандар жылдамдығы 33 м/c-тен асып, 118 м/c-ке жететін күшті желді - дауыл деп атайды. Кейде ол 3 күннен басталып, 27 күнге дейін жалғасуы мүмкін.

Ғалымдар дауыл тек күшті желмен шектелмейтінін алға тартады. Олар дауылмен бірге көп мөлшерде жаңбыр, бұршақ, кейде тіпті су тасқыны орын алуы мүмкін екенін айтады. Сол себепті, дауыл өмірге қауіп төндіретін, көшедегі ғимараттарды, үй, көпір, тіпті берік нысандарды қирата алатын, табиғаттың ерекше құбылысы болып табылады.

Қазіргі таңда дауылдың болуын алдын ала болжауға болады. Алайда, олардың қуаты мен күші туралы ақпарат кейде дәл сәйкестікпен келе бермейді. Адамдарға дауылды күндері сыртта қалып қалмау үшін, оны алдын ала болжауға, дауылды ескертулерге мән беруге кеңес беріледі.

Жалпы, дауыл соғатынын қалай білуге болады? Мәселен, аспан алдын ала күңіреніп, қою-көк түске, кейде сұр түске айналуы мүмкін. Онымен бірге жел де күшейіп, ауада ылғал мен жаңбырдың иісі сезіле бастайды.

Дауыл - маусымдық құбылыс болып саналады. Метеорологтар көптеген зерттеудің нәтижелері бойынша, дауыл болатын екі маңызды кезеңді анықтады. Олардың бірі Анлантикада болатын тамыз-қазан айындағы дауылдар және Тынық мұхитының шығыс жағалауында - қараша айында болатын дауылдар.

Дауыл соққан аймақтарға қарай, оны әр түрлі атайды. Мысалы, Тынық мұхитының солтүстік өңірелрінде оны "тайфун" деп атайды. Ал, жалпы дауылдың атауын Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым қояды. Егер күшті желдің жылдамдығы 118 м/с-тан асса, оған жаңа атау беріліп отырады. Бастапқыда дауылдардың басым көпшілігіне әйел адамдардың есімі беріліп отырса, кейіннен ХХ ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап ерлердің де есімі беріле бастапты.

Дауылдың астында қалған пальма ағаштары. Көрнекі сурет
Дауылдың астында қалған пальма ағаштары. Көрнекі сурет: pixabay.com

Дауыл қалай пайда болады

Дауылдың пайда болуына қатысты физика-математика ғыылмдарының докторы, профессор Б. Лучков былай деп түсіндіреді:

Дауыл - бұл автономды тұрғыда дамитын, термодинамикалық жүйе. Онда екі температуралық деңгей өзгереді: жоғары (мұхиттың температурысы), төмен (тропосфераның жоғары қабаты) және жылуды жеткізетін - су буы. Осылайша, шығарылатын энергия мұхит пен атмосфераның жоғарғы қабаттарындағы тұрақсыз энергиямен араласып, кинетикалық энергияға, яғни дауылға айналады.

Ғалым дауыл мұхиттың үстінде қозғалған сайын, оның күші жоғарылайтынын, ал құрғақ бетке шыққан сәтте, ол энергия көзінен айырылып, бірнеше күнде басылып қалады. Алайда ол, осы бірнеше күн ішінде дауыл жойқын қиратуларға әкеп соқтыруы мүмкін, дейді зерттеуші. Сондықтан дауылдың қирату қуаты желдің ұйытқуы мен күшінде ғана емес, ауадағы ылғалдың деңгейіне де байланысты, дейді ол. Автор осы арқылы дауылмен бірге нөсер жауын, су тасқыны орын алуы мүмкін деген болжам айтады.

Дауылдың салдарынан болған жойқын зардаптар. Көрнекі сурет
Дауылдың салдарынан болған жойқын зардаптар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Дауылдың түрлері

Дауыл өзінің күшіне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Солардың бірқатарымен таныстырып өтсек:

  • 1 балл: желдің жылдамдығы 119–153 км/сағ. Бұл дауылдың алғашқы кезеңі болғанымен, ағаштардың бұталарын сындыру, үйдің төбесін жұлу сияқты қуатқа ие.
  • 2 балл: желдің жылдамдағы 154–177 км/сағ. Екінші деңгейлі дауыл қауіпті дауыл болып табылады. Ол ғимараттарға жойқын соққы жасауы мүмкін. Мәселен, дауылдың бұл түрі ағашты түбірімен жұлып алуы мүмкін.
  • 3 балл: желдің жылдамдағы 178–208 км/сағ. Дауылдың бұл түрі орасан зор шығындарға әкеледі.
  • 4 балл: желдің жылдамдағы 209–251 км/сағ. Бұл дауылдың соңғы деңгейі болып саналады. Одан кейін жер бетінде жойқын өзгерістер орын алуы мүмкін. Дауылдың бұл түрі су деңгейін көтеріп, су тасқынына әкеп соқтырады.
  • 5 балл: желдің жылдамдағы 252 км/сағ-тан көп. Дауылдың ең жойқын әрі күшті түрі. Бұл дауылдан кейін, ол өткен жерлерде адамдарға тұру мүмкін болмай қалады.

Дауылдан қалай сақтану керек

Мамандар дауылдан сақтанудың басты ережелерін назарға ұсынады:

Основные правила безопасности, если надвигается ураган или вы уже в нем.

  • Тез арада тасаға тығылу. Дауылда ашық жерде қалу барынша қауіпті болып саналады. Сол себепті таса - жер асты бөлме немесе есігі мен терезесі жоқ бөлмеген тығылған жөн болады.
  • Алдын ала тамақ пен дәрілерді алып қойыңыз. Дауыл бірнеше күнге созылуы мүмкін. Сол себепті су, қажетті тамақ, гигиеналық заттар мен дәрілерді алып қоюға тырысыңыз.
  • Үйіңізді қорғап қалуға тырысыңыз. Дауылдың келе жатқанын білсеңіз, мүлікті сақтандырып қойыңыз. Көлігіңізді гаражға қойып, есігін мықтап жабыңыз. Даладағы бар жиһазды үйге кіргізіңіз. Есіктер мен терезелерді мықтап жабыңыз. Терезеге тақтайшалардан крест белгісімен жауып қойсаңыз болады. Ол әйнекті сынудан сақтайды.
  • Гаджеттерді қуаттандырып, майшам мен пауэрбанктер алып қойыңыз. Алдын ала ұялы телефоныңызды қуаттандырып алыңыз. Өзіңізбен бірге майшамды алып алыңыз. Қолыңызда болса, раидоны да алыңыз. Ол сізге дауылдан кейінгі жағдай мен құтқарушылар туралы ақпаратты алуға көмектеседі.

Көргеніміздей, дауыл - күшті жал мен нөсер жауынның салдарынан тұрғылықты жерлерді алапат өзгеріске әкелетін табиғат апаты. Дауылдан барынша сақ болуы үшін, мамандардың болжамына құлақ түрген жөн. Сол себепті, үйден жыраққа шықпас бұрын, әрдайым төменше жағдайлар ведомстволарының хабарламалары мен ескертпелеріне құлақ түруді ұмытпаңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2188245-tabigattyng-tylsym-kushi-dauyl-qalai-paida-bolady/