Кімді табыс күтіп тұр: 2024 жылдың желтоқсан айына арналған қаржы жорамалы
Жарияланған күні:
Желтоқсан айы Меркурий мен Марстың кері қозғалысының нәтижесінде тосынсыйларға толы болады. Бұл астрологиялық құбылыстар өмірдің әр түрлі бағытына, әсіресе қаржы мәселелеріне әсер ететін көрінеді. Астролог Нина Хан осы айда қандай өзгерістер болатынын және ол кімдерге пайдалы болатынын айтып берді.
- Астролог Нина Ханның айтуынша, желтоқсан айында Меркурий мен Марстың кері қозғалысы көптеген зодиак белгісіне, әсіресе қаржы мәселесіне әсер етеді.
- Көптеген белгі өкілі үшін бұл ай ескі жобаларды аяқтау, қарыздарды қайтару және болашаққа жоспар құру үшін қолайлы уақыт болады.
- 15 желтоқсаннан кейін көп белгі өкілінің жағдайы жақсарады, келіссөздер жүргізу, келісімшарттар жасау және жаңа мүмкіндіктерді іздестіру үшін қолайлы кезең басталады.
Тоқты
6 желтоқсаннан бастап кері қозғалатын Марс Тоқтылардың қаржылық белсенділігін баяулатады. Пассивті табысқа байланысты мотивация айтарлықтай төмендейді. Айдың басты міндеті — ескі жобаларды аяқтау және қарыздарды қайтару.
Астролог Нина Ханның айтуынша, от белгісі сәттілікке деген сенімін жоғалтпауы керек. Оларға қаржылық талдау мен жоспарлау жұмыстары маңызды болмақ. 21 желтоқсаннан бастап Тауешкі кезеңі басталады, осы кезде амбицияға толы мақсаттар қойып, мансапта өсіп, өзіңізді дамытуға, биіктерге жетуге мүмкіндік бар.
Торпақ
Astroyogi астрологиялық журналында жазылған мәліметтерге сүйенсек, желтоқсан айында Торпақты табыс пен инвестиция мәселелерінде жаңа өрлеу мен құлдырау күтіп тұр. 7 желтоқсаннан бастап Суқұйғышта орналасқан Венера қаржы мәселелері бойынша тәжірибе жасауға итермелейді.
Торпақтар заманауи технологияларға инвестиция салуды қалайды, бірақ асықпау керек. Қаражатты қаңтарға дейін жинап, достарыңыздың жобаларына салу әлдеқайда тиімді болады. Сонымен қатар жұмыс немесе сала ауыстыру мүмкіндігі бар. Жұмысқа орналасуға ықпалды қолдаушылар көмек көрсетуі мүмкін.
Егіздер
Medium әлеуметтік басылымы желтоқсан айында кәсіби байланыстар бірінші орынға шығады, -деп жазады. 15 желтоқсанға дейін ретроградтық Меркурий кезеңінде барынша қазіргі байланысты нығайтуға назар аударыңыз. Команданы күшейтіп, жаңа қызметкерлерді тартуға тырысыңыз.
Желтоқсанда өткен қателіктерді талдап, бюджетті тиімді жоспарлаңыз. 15 желтоқсанда Ай толған кездегі кез келген келіссөз оң нәтиже береді. Келісім жасай отырып, құжаттарға қол қойыңыз.
Шаян
Sun Signs басылымының мәліметінше желтоқсанда Шаяндарды мансап жолында өсу күтіп тұр. Бұл әріптестер арасындағы кикілжің мен түсініспеушіліктерге әкелуі мүмкін. Жұмыс көп болады, бірақ көмек аз. Адам тек өзіне және отбасы мен серігінің қолдауына сену керек.
Венераның әсерінен қаржы жағдайы тұрақты болады. Уәде етілген төлемдер мен сыйақылар уақытында келеді. Университет студенттері мен инженерлік мамандықтардағы жастар білім әлемінде ерекше жетістікке жетеді. Мансапқа қатысты және көңіл көтеретін сапарлар көп болады, бірақ олардан үлкен нәтиже күтпеңіз.
Арыстан
6 желтоқсаннан бастап Марстың ретро әсерінен Арыстанның амбициясы айтарлықтай төмендейді. Қорықпау керек, тек ағымдағы міндеттерге назар аударған жөн. Бұл уақыт талдау жасауға және жоспар құру үшін қолайлы, ал алға ұмтылуға болмайды. Жұмыс процестерін ретке келтіріп, жаңа жылдық мерекелерден кейінгі жұмыс кестесін құрыңыз.
15 желтоқсаннан кейін Меркурий ретроградтық қозғалысты аяқтаған кезде келіссөздер, келісімшарттар жасау және пайдалы адамдармен танысу, кездесу жеңіл өтеді. Тауешкідегі жаңа Ай 31 желтоқсан күні жаңа кәсіби міндеттерді бастауға себеп болуы мүмкін.
Бикеш
Желтоқсан айында шығармашылық салаларда жұмыс істейтін Бикештер ерекше табысқа қол жеткізеді. Goto Horoscope астрологиялық басылымының мәліметінше, қомақты ақшаны алдау немесе спекуляция арқылы табуға тырыспаңыз. Ғаламнан сыйлықтар алу үшін сабырлы болып, мүмкіндіктер үшін алғыс білдіріңіз.
15 желтоқсанға дейін Меркурий ретроградтық қозғалыста болған кезде қомақты ақшаға зат сатып алудан бас тартқан жөн. Шығындарды есептеп, үнемдеудің жолдарын табыңыз. Несие алудан аулақ болыңыз және қаржылық мәселелерді кейінге қалдырмаңыз, әйтпесе қарызға батуыңыз мүмкін.
Таразы
Ganesha Speaks астрологиялық басылымының мәліметінше, 2024 жылдың соңғы кезеңі Таразылар үшін табыс және инвестицияларға байланысты мәселелер үшін қолайлы болады. Юпитер мен Марс қаржылық жағдайды нығайтуға көмектеседі.
Желтоқсан айында ірі шығындардан аулақ болыңыз. Қадағалау органдарының тексеруіне дайындалып, құжаттарды ретке келтіріңіз. Басшылыққа ұсыныс жасаудан аулақ болыңыз, ойларыңызды 2025 жылдың бірінші жартысына дейін кейінге қалдырыңыз. Жұмыс ауыстыру үшін оқу курстарынан өтіп, түйіндеме жіберіңіз.
Сарышаян
Қыстың алғашқы айы оқуға және кәсіби даму үшін инвестиция салуға дайын адамдарға өсу кезеңі болады. Мергенде жаңа Ай туғанда (1 желтоқсан) қажетсіз тәуекелдерден аулақ болу қажет.
Астролог Лиз Симмонстың пікірінше, Сарышаянға инвестициялар мәселесін қаржылық кеңесшісімен талқылау ұсынылады. Егіздердегі Юпитер оларға қарыздарын жабуға ықпал етеді. 15 желтоқсанға дейін ретроградтық Юпитер қозғалысы кезінде бірнеше табыс көзін дамыту маңызды. Жұмыс уақытынан бос кезде үй шаруасымен және рухани дамумен айналысыңыз.
Мерген
Мерген белгісіндегі жаңа туған Ай 1 желтоқсан күні үлкен іскерлік мақсаттар мен кеңею үшін маңызды мүмкіндік болады. 15 желтоқсанға дейін Мергендегі ретроградтық Меркурий кезеңінде белсенді әрекеттер мен инвестициялар жасамай-ақ қойыңыз. Бұл уақытта қаржылық жоспарды нақтылау және оның егжей-тегжейіне назар аудару керек.
15 желтоқсан күнгі Айдың толған кезеңінде маңызды іскерлік серіктестік орнату немесе келісім-шарт талқылануы ықтимал. Сенімді түрде жеңіп алу үшін барлық картаны ашып көрсетіңіз. Венера 7 желтоқсаннан бастап Суқұйғышта болғанда қашықтан жұмыс істеу жобалары мен инновациялық технологиялар арқылы табыс табуға көмектеседі.
Тауешкі
Желтоқсан бойы Тауешкілер сабырлы және прагматикалық күйде болады. Бұл қателіктерді болдырмауға және жұмыс пен қаржылық табыстарға жетуге көмектеседі. Венера 7 желтоқсаннан бастап қаржы секторында болғандықтан, Тауешкі өкілдері келіссөздер жасағанда ерекше сенімді бола алады. Бұл тиімді байланыстар орнатуға оңтайлы уақыт. 15 желтоқсан күні толған Ай жаңа 2025 жылға арналған бюджетті жоспарлау кезеңі үшін тиімді болады.
21 желтоқсаннан бастап Тауешкілердің маусымы басталады. Ақшаға деген көзқарас одан әрі салмақты әрі рационалды болады. Басшылықпен дауласудан аулақ болыңыз, себебі желтоқсандағы іскерлік жанжалдар болашаққа әсер етуі мүмкін.
Суқұйғыш
7 желтоқсаннан бастап Венера Суқұйғышқа енеді, сондықтан инновациялық жобаларға инвестиция салу, жаңа гаджеттер сатып алудың оңтайлы уақыты келді. Командалық жұмыс ерекше тиімді және үйлесімді өтеді. Желтоқсанның бірінші аптасында бұрынғы әріптестермен қарым-қатынасты қалпына келтіру және бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігі пайда болады.
Құжаттарды ретке келтіріңіз, тексерулерге дайындалыңыз және барлық тексерісті сәтті тапсырыңыз. Қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлер жақсы табыс табу мүмкіндігіне ие болады. Шетелге сапарлар мен қашықтан пайдалы байланыстар орнату ықтималы жоғары.
Балықтар
Желтоқсан айында Балықтар ұзақ мерзімді жобалармен айналысады. 1 желтоқсанда туған жаңа Ай табыс табудың жаңа тәсілдеріне көзқарас таныту мүмкіндігін береді. Қазіргі істерде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.
Ретроградтық Меркурий 15 желтоқсанға дейін өткен мансап жолындағы мүмкіндіктерді қайта оралтады. Бұл мүмкіндікті пайдаланып, ескі байланыстарды қалпына келтіріңіз. 6 желтоқсаннан бастап ретроградтық Марс кезеңі басталады, бұл демалу мен тынығуға көбірек уақыт бөлу мүмкіндігін береді. Жеке қарым-қатынас пен достық байланыстарға көбірек көңіл бөліңіз, себебі олар мансап пен қаржы саласындағы өсуге септігін тигізеді.
Желтоқсан айы ретроградтық Марс және Меркурийдің күшті әсерімен өтеді. Тауешкінің кезеңінде ақша мен жұмыста тәртіп орнатуға мүмкіндік бар. Ең бастысы сізге берілген мүмкіндіктерді пайдаланып, қаржылық табысқа жетіңіз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2194158-kimderdi-tabys-kutip-tur-2024-zhyldyng-zheltoqsan-aiyna-arnalgan-qarzhy-zhoramaly/