Мергендерді 2025 жылы не күтіп тұр: белгіге арналған жұлдыз жорамал
Жарияланған күні:
Мергендер - еркіндікті сүйеді. Жасыл ағаш Жылан жылы ол өзінің танымын кеңейтіп, араласатын ортасын өзертеді. От белгісін жаңа жылда не күтіп тұр. Астролог Юстина Росси болжап көрді.
- 2025 жылы Мергендер үшін философиялық тұжырымдар, шытырман оқиғалар мен еркіндікке толы болып, планеталар шоғыры олардың саяхат, білім мен шығармышылыққа деген ынтасын арттырады.
- Астролог Сьюзан Тейлордың айтуынша, Плутонның харизмасы және Юпитердің күші арқылы Мергендер трансформация мен өсу жылын бастан кешіреді, ал Мерген әйелдер үшін Хирон мен Плутонның ретроградтары зор мүмкіндіктер алып келеді.
- Мергендер үшін 2025 жыл денсаулықты жақсарту, мансап өсімі, қаржылық жағдайды жақсарту және жеке қарым-қатынастарды нығайту үшін қолайлы болады.
Мерген ерлерге арналған жалпы жұлдыз жорамал
Жаңа жыл мергендер үшін философиялық тұжырымдар, шытырман оқиғалар мен еркіндікке толы болмақ. Планеталар шоғыры олардың саяхат, білім мен шығармышылыққа деген ынтасын арттырады. 2025 жылы Мергендерді не күтіп тұр?
Starwalk.Space астрономиялық басылымы хабарлағандай, планеталар шоғыры 21 қаңтарда басталады. Ол Мергендердің белсенділігін арттырып, оларды қалыпты күйден шығаруға тырысады және алға қойған мақсаттарына жетуге себеп болады.
Астролог Сьюзан Тейлордың айтуынша, Плутонның харизмасы және Юпитердің күші арқылы Мергендер трансформация мен өсу жылын бастан кешіреді. Astrologyk астрологиялық басылымының хабарлауынша, 2025 жылдың басында Мерген - ер адам энергияның толығуын сезеді. Олар өздерінің бойындағы бұрын білмеген қасиеттерін көріп, өмірге деген көзқарастарын өзгертеді.
Өмірді жаңа парақтан бастау мүмкіндігі туады. Оның табиғатындағы тәуекелге бел буу, батылдық пен еркіндігі күшейе түседі. Ескіден құтылмақ болған ол, өзін-өзі жетілдіру және жаңа істерді жоспарлауды қолға алады.
Мерген әйелдерге арналған жұлдыз жорамал
Мерген әйелдерді 2025 жылы не күтіп тұр? Astrologyk астрологиялық басылымының хабарлауынша, Хиронның 30 маусымдағы ретрограды мен Плутонның 4 мамыр-14 қазан аралығындағы ретрограды оған зор мүмкіндіктер алып келеді екен. Олардың рухани жарасы маза бермей, қарым-қатынастағы жолы тазарады екен.
Сол себепті, осы жолдағы төзімділік, даналық пен өзгерістерге барынша ашық болу принципі оларға өз мақсатына жетуге жол ашады. Кейде қайтпас мінез бен туа біткен интуиция оларға ішкі кедергілерді жоюға мүмкіндік береді.
Өзінің ішкі өзгерістері арқылы мерген әйел өмірдің әр саласында оң өзгерістерді бастан кешіреді. Ара қатынас, мансап пен рухани даму жағы бірден ілгері қарай дамитын болады. Сондықтан, ескі жобаларды аяқтап, жаңа бастамаларға дайындалыңыз. Жеке қатынастарды нығайтып, өзара түсінікпеушіліктерді шешіңіз. Жұмысыңыздағы қабылетті ашып, сараптамалық қасиетіңізді кеңейтіңіз. Ретроградты қозғалыс кезеңінде, өз-өзіңізге талдау жасап көріңіз. Барлық планеталар алға жылжыған сәтте, идеялардың барлығын шындыққа айналдырыңыз.
Мергендердің денсаулығы мен сұлулығы
We Mystic эзотерикалық басылымының хабарлауынша, 2025 жылдың барлығы Мергендерден денсаулыққа мұқият болуды талап етеді. Биылғы жыл иммунитетті нығайту, энергияны күшейту әрі денсаулықты жақсарту процестеріне ыңғайлы болмақ. Шаяндардағы Юпитер Мергендерге эмоционалды тұрғыда тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді. Әсіресе, ми мен ағзаны біріктіретін, мәселен йога, медитация сынды практика пайда болмақ.
Қараша және желтоқсан айларындағы Марстың Мергендер арқылы өтуі - медициналық тексерістен өтуге қолайлы кезең болады. Elle журналы Мергендерді өзге ел немесе қалаға, болмаса кеңдеу үйге көшу күтіп тұрғанын айтады. Бұл - үйге жөндеу жұмыстарын жүргізуге, дизайнды өзгертуге немесе сырт келбетіңізді өзгертуге қолайлы кезең болмақ. Astroyogi астрологиялық басылымының хабарлауынша, бұл жылы Мергендер көп ауырмайды. Сондықтан көтеріңкі көңіл-күйді сақтап, денеңізді күтіңіз.
Оқу, мансап және қаржылық жағдайы
Астролог Юстина Россидің мәліметінше, 2025 жыл Мергендер үшін ресурстар мен жеке өмірде өзгерістер басталады екен. 6 қаңтар мен 23 ақпан аралығындағы Марстың Шаяндардаға өтуі арқылы Мергендер жеке амбициялар мен қаржыға қатысты көзқарастарын өзгертетін болады. 29 қаңтарда болатын Балықтар мен Бикештердегі Солтүстік және Ай түйіні жұмыс отбасы арасындағы тепе-теңдікті реттейді.
1 наурызда болатын Тоқтылардағы ретроградты Шолпан Мергендерге өздерінің бұрынғы сүйікті ісін еске салуға көмектеседі. Бикештердегі 14 наурызда болатын Айдың тұтылуы кәсіби мақсатқа жетуде жаңа әдістерді қолдануға әкеп соқтырады. Ал, 4 мамырда Плутонда болатын ретрогралты Плутон әлеуметтік қатынастарды күшейтеді.
15 маусымнан бастап ақшаны көп шашпаңыз. 7 маусымдағы Егіздердегі Уран жаңа іскерлік қатынастарға әкеледі. Сол сияқты Арыстандарда, 18 шілдеде болатын ретроградты Меркурий білім мен ғылым саласына үңілуге жол ашады.
Сонымен қатар, 21 қыркүйекте Бикештерде болатын Күн тұтылуы - мансапты жаңарту үшін қолайлы кезең болмақ. 13 қазанда болатын Суқұйғыштардағы Плутон әріптестермен қарым-қатынасты жақсартады. 7 қарашада Торпақтарда болатын Уран мен 11 қарашадағы Шаяндардағы Юпитер - қаржылық мақсаттарды қайта қарау кезеңі болмақ. Балықтарда болатын желтоқсандағы Нептун жылды жақындарыңыз бен достарыңыздың арасында аяқтайды.
Махаббат пен жеке өмірдегі өзгерістер
Астролог Ника Годеттаның хабарлауынша, ретроградты Марс жұлдызданаманың сегізінші үйінде, яғни 6 қаңтар-23 ақпан аралығында Мергендердің ескі эмоционалды жарақаттарын әшкере етеді. 13 қаңтарда болатын Айдың толуы оны күшейте түседі. Аталған жағдайды тек 18 сәуірде, Марста болатын өзгерістер өзгерте алады. Осы арқылы Мергендердің жеке өмірі жақсара түседі.
9 маусымда болатын Юпитердің жеке өмірге әсері, 25 маусымда жаңа ара қатынасқа алып келеді немесе қазіргі романтикалық қатынасты күшейте түседі. 4 желтоқсанда болатын Айдың толуы өміріңізге кері әсерін тигізетін жандардан құтылып, керісінше берік қатынас құруға жол ашады.
1–27 наурыз аралығында болатын ретроградты Шолпан пен 15–29 наурыз аралығында болатын ретроградты Меркурий кедергілермен жұмыс істеп, бұрынғы сүйіктілеріңізбен қайта қауышуға әкеледі. 11 тамыз бен 21 қараша аралығында Мергендер ара қатынаста қаншалықты әділ екенін көреді. Ал, махаббатқа зәру жандар бір-біріне деген қамқорлық пен бірлескен істермен аталған сезімнің орнын толтыра алады.
Мергендерге арналған құнды кеңестер
2025 жылдағы астрологиялық оқиғалар Мергендердің жеке тұлға ретінде өсуі мен мүмкіндіктерінің кеңеюіне алып келеді. Биылғы жылды барынша қолайлы ету үшін, төмендегі кеңестерге құлақ түре отырыңыздар:
- 4 ақпан — Юпитердің Егіздерге өтуі. Мансап жолында жоғарылау.
- 14 наурыз – 7 сәуір, 17 шілде – 11 тамыз және 9 қараша–29 қараша — ретроградты Меркурий. Жеке өмірдегі өзіңізге не керек екенін біоу және оны жұбыңызға айту.
- 23 наурыз — Күн мен Шолпанның Тоқтыда түйісуі. Қазіргі сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңыздың күшеюі немесе жаңа таныстық.
- 2 мамыр — Шолпан мен Нептунның Тоқтыда түйісуі. Сүйіктіңізге сезіміңізді білдіру кезеңі.
- 12 тамыз — Тоқтылардағы Сатурн мен Егіздердегі Уранның түйісу кезеңі. Әріптестеріңізге өзіңіздің көшбасшылық және сарапшылық қасиеттеріңізді көрсету уақыты.
2025 жыл Мергендерге барынша төзімді болу және жаңа өзгерістерге бейімделу жылы болмақ. Бойларындағы ерік-жігер мен болашаққа деген сенімнің арқасында, жұлдыз белгісі барлық қиындықтарға төтеп бере алады.
2025 жылы олар өз мүмкіндіктерін пайдалана алуы тиіс. Себебі оларға жаңа таныстыққа, мансап жолы мен қаржылық жағдайды өзгертуге мүмкіндіктер туады. Аталған кеңестерге құлақ түре отырып, өміріңізді өзгертуге қорықпаңыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2194806-mergenderdi-2025-zhyly-ne-kutip-tur-belgige-arnalgan-zhuldyz-zhoramal/