Жұлдыз ақса, тілек тілеу керек: Адамдар әлі күнге дейін сенетін 10 ырым
Жарияланған күні:
Ырымдардың ғылыми түсіндірмесі болмаса да, адамдар әлдебір нәрсеге сенеді. Наным-сенім кейде адамды үрейлендіреді немесе жанын тыныштандырады. Бұл жазбамызда әлемдік мәдениетте тамырын жайған ең танымал ырымдар жайлы жаздық.
- Мақалада әлемдік мәдениетте кең таралған 10 ырым түрі туралы айтылады, соның ішінде төрт жапырақты бедені бақыт белгісі деп санау және таға табыс әкеледі деген ырымдар бар.
- Әр ырымның шығу тегі мен тарихы түсіндіріледі, мысалы 13 және 666 сандарының қауіпті белгі саналуы, ағашты тоқылдатудың бәледен сақтайтыны, шашылған тұздың қарым-қатынастың үзілуінің белгісі екендігі туралы мәліметтер келтірілген.
- Мақалада қара мысықтың бақытсыздық әкелетіні, ағып бара жатқан жұлдызға қарап тілек тілеу, саусақтарды айқастыру сәттілік әкеледі деген сияқты басқа да кең таралған ырымдар туралы айтылады.
Төрт жапырақты беде — бақыттың белгісі
Төрт жапырақты беде — кәдімгі бедеден гөрі сирек кездесетін гүл түрі. "Черные кошки и четырехлистный клевер: истоки бабушкиных сказок и суеверий в нашей повседневной жизни" кітабының авторы Гарри Оливердің пікірінше, бұл гүл адамға бақыт пен сәттілік әкеледі.
Ырымның шығу тегі белгісіз, бірақ 1640 жылы "Өсімдіктер театры" атты кітаптың авторы Джон Паркинсон төрт жапырақты беде жылаған нәрестені жұбату үшін жақсы құрал деп атаған. "Растительная тератология, отчет о главных отклонениях от обычного строения растений" кітабының авторы Максвелл Тилденің айтуынша, бақсылар бұл гүлді Ай толған кезде жинаған, ал жас қыздар оны күндізгі уақытта жинап, шексіз бақыттың символы ретінде қараған.
Таға табыс әкеледі деп саналады
Жылқы шаруашылығы туралы American Farriers Journal журналы сәйгүлік тағасына байланысты ырымдар, оның ішінде табыс пен сәттілік әкелуге қатысты сенім крест жорықтары кезінде пайда болған деп жазады. Олардың ата-бабалары темірдің жаман рухты қуа алатынына сенгендіктен тағаны сәттілік әкелетін зат деп санаған. Олар темірден жасалған жарты ай пішінін молшылықтың белгісі деп қабылдаған.
Кентукки дерби музейіндегі мәлімет бойынша VIII ғасырда халдейлер тағаны ай құдайларының бейнесімен байланыстырған. Олар мұны қарғыстан және көз тиюден қорғайтын символ деп санаған. Темірден жасалған жарты ай пішініндегі тағанығ ай дискісіне ұқсауы оны қасиетті талисманға айналдырды.
13 және 666 сандары — қауіпті белгілер
13 мистикалық сан болып саналады. Studia Mythologica Slavica ғылыми-көпшілік басылымы мұны Ай күнтізбесімен байланыстырады. Бұл күнтізбеде бір жылда 13 ай бар, ал григориан күнтізбесінде 12 ай ғана болады. National Geographic ғылыми-көпшілік басылымының мәліметінде Локи құдайы Вальгалладағы қонақтарға арналған асқа келген он үшінші қонақ бақыт құдайы Бальдраның өлімін ұйымдастырып, әлемді азапқа салады.
Он үшінші жұма жылына 1-3 рет болады. Христиан дәстүрінде оның теріс мәні Құдайдың өлімінен кейін, яғни жұмада келеді. Аңызға сүйенсек, он үшінші жұма күні тамплиерлер орденінің күйреуі болды. Бұл 666 жауыздың, ібілістің саны деп аталатын болды, ол туралы Інжілде көптеген ескерту бар.
Ағашты тоқылдату барлық бәледен сақтайды деп есептеледі
Жақсы немесе жаман болжам айтылған соң немесе мақтанғаннан кейін адам ағашты үш рет тоқылдату керек деген ырым бар. Бұл жамандықтың болуына жол бермейді және көз тиюден сақтайды, жаман күштерді қуады және сәтсіздіктерден қорғайды деп сенеді.
History тарихи басылымының мәліметі бойынша, бұл сенімнің пайда болуына қатысты нақты пікір жоқ. Оның пайда болуы туралы ең танымал нұсқалар мыналар:
- Кельттер ағаштарда рухтар мен құдайлар тұратынына сенген. Ағашқа ұрып, оларға көмек үшін рақмет айтуға немесе олардың қорғауын сұрауға болады.
- Ағашты тоқылдату жаман рухтарды қуып шығады, олар адамдардың жоспарларын тыңдауға кедергі келтіреді.
Христиандарда бұл наным Иса кіреске шегеленген кездегі ағашпен байланысты. XIX ғасырдағы балалар арасында танымал болған "Tiggy Touchwood" ойынындағы ағашты тоқылдату әрекеті ойыншыны қорғауға көмектеседі деп сенген.
Шашылған тұз — қарым-қатынастың үзілуінің белгісі саналады
Тұздың төгілуіне қатысты наным-сенім әлемнің көптеген мәдениетінде кездеседі. Брюэрдің фразеология және мысалдар сөздігінде бұл ырым Ежелгі Риммен байланыстырылады. "Магия подковы: с другими фольклорными заметками" кітабының авторы Роберт Минс Лоуренс тұзды достықтың белгісі деп санайды. Неміс мақалында "Тұзды төккен адам дұшпанын шақырады" деп айтылады. Сондықтан тұздың кездейсоқ төгілуі жаман белгі ретінде саналып, қарым-қатынастың үзілуіне алдын ала ескерту болып есептелген.
Христиан дәстүрінде сатқын Иуда Искариот Иса Мәсіхпен соңғы ас кезінде тұзды төкті. Бұл бөлшек Леонардо да Винчиның "Құпия кешкі ас" картинасында көрініс тапқан.
Жұлдыз ақса, тілек тілейді
How Stuff Works білім беру басылымының мәліметі бойынша, Солтүстік Америка мен Евразияда ағып бара жатқан жұлдызға қарап тілек тілесе орындалады деген сенім кең таралған. Бұл дәстүр халық сенімінен бастау алады. Наным бойынша жұлдыздар құдайлар аспаннан жерге қарағанда түседі. Бұл кезде құдайлар жерге қарап тұрған уақытта олардан бір нәрсе сұрауға болады. Тілек естіледі әрі орындалады деген сенімнен туындаған.
Қара мысық бақытсыздық әкеледі
Жолдан қара мысық өтіп бара жатса, бұл бақытсыздықты әкеледі деп саналады. Бұл нанымның тарихы өте қызық, себебі бастапқыда қара мысықтардан ешкім қорықпайтын. Mount St. Joseph University университеті басылымының мәліметіне сүйенсек, мысықтар Египетте ерекше құрметтелген және Ежелгі Грекияда олар Геката бейнесімен, Ай құдайымен және барлық жұмбақпен байланыстырылған.
Теріс сенім әлдеқайда кейін пайда болды. Оның тарихы XIII ғасырдан басталады, сол кездері католик шіркеуі қара мысықтарды және олардың иелерін Шайтанмен байланыстыратын құжат шығарған. Шын мәнінде ортағасырлық шөппен емдеушілер көбіне мысықтарды тышқандардан қорғану үшін ұстаған.
Заттарды табалдырықтан беру қиындық туындатады
Табалдырық — әлемдер арасындағы шекара деп саналады. Үй — ата-бабалардың қорғауы мен энергетикасы, қожайындардың амалдары арқылы қорғалған жайлы орын. Ал есік сыртында басқа әлем бар, ол адамдар үшін әрдайым жағымды бола бермейді.
Ежелгі дәуірде үй табалдырығының астына ата-бабалардың күлін жерлеген. Оның үстіне отыру, үйден сыртқа бір нәрсе беруге немесе керісінше алуға тыйым салынған. Сондай-ақ табалдырық арқылы үй иелері өзінің сәттілігін және бақытының бір бөлігін береді деп саналады. Қонаққа зат беру үшін оны үйге кіргізіп немесе есікке дейін барып, табалдырықтан аттап өту керек.
Саусақтарды айқастыру сәттілік әкеледі
Саусақтарды айқастыру — Батыс Еуропада кең тараған танымал ырым. Arts And Culture білім беру басылымының мәліметінше, бұл сенім христиандарда пен пұтқа табынушылар арасында шыққан. Айқастырылған саусақтар адамның жақсы рухының күшін жинақтап, жолын кескен жаумен мәміле жасауда көмек көрсетуге мүмкіндік береді деп саналады. Қарсыластар айқастырылған сұқ саусақтарын пайдаланып, жанжалдың нүктесін қойған деседі.
Кейінірек адамдар өзінің тілектерін орындау үшін екі қолдағы сұқ саусақты айқастыра бастады. Қазіргі уақытта бір қолмен сұқ және ортаңғы саусақтарды айқастыру дәстүрі пайда болды.
Жарылған жерді басу қиыншылыққа әкеледі
Arts And Culture басылымының мәліметінше, бұрыннан жарылған немесе сынған заттар сәтсіздікпен байланысты болған. Сонымен қатар жарылған жер — белгісіздікке апарар портал болып табылады. Бұл әсіресе жолдағы, едендегі немесе плиткадағы ойылған жарықтарға қатысты. Белгілі бір наным бойынша едендегі, жолдағы жарылған жерді басудың бақытсыздыққа әкелетіні айтылады.
Мұндай жағдайда адам өз отбасының мүшелеріне зиян тигізеді деп саналады. Жарыққа басып, адам сырттан келген рухтарды өз әлеміне шақырады. Бұл жаман рухтар адамдарға зиян келтіруге дайын және жарылған жерді басқан адамның жақындары үшін қауіп көзіне айналады деп сенеді.
Әлемнің әр түрлі мәдениетінде осыған ұқсас наным-сенімдер бар. Көптеген танымал ырымның ғылыми емес, мифологиялық негіздері бар. Бұл болжамдарға сену немесе оларға сәйкес әрекет ету әркімнің жеке таңдауына байланысты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2195010-zhuldyz-aqsa-tilek-tileu-kerek-adamdar-ali-kunge-deiin-senetin-10-yrym/