Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арманын мақсатқа айналдырады: 2025 жылы Тауекшілерді не күтеді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Тауешкі белгісі
Тауешкі белгісі. Көрнекі фото: freepik.com

Тауешкілер мықты, төзімді және қайсар келеді. Жылан жылында ол армандарын мақсатқа айналдырады. Астролог Ник Годетт 2025 жылы Тауешкі белгісіндегі адамдар өмірінде қандай өзгерістер болатынын айтып берді.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • 2025 жылы Тауешкі белгісіндегілер үшін мүмкіндіктерге толы жыл болады. Астролог Ник Годеттің пайымдауынша, белгі өкілдері бұл жылы бастаған істерін сәтті аяқтай алады.
  • Astrologyk басылымының болжамы бойынша, Тауешкі белгісіндегі әйелдер үшін бұл жыл тыныш өтеді. 10 шілдедегі толық ай елеулі өзгерістер әкеліп, өзін-өзі тануға мүмкіндік береді.
  • Astroyogi басылымының авторлары 2025 жылды Тауешкілер үшін денсаулық тұрғысынан жақсы жыл болады деп санайды. Ал Астролог Сьюзан Тейлор бұл жылды романтикаға толы болады деп болжайды.

Тауешкі белгісіндегі ер адамдарға арналған жұлдыз жорамал

Тауешкілер үшін Жылан жылы мүмкіндіктерге толы және керемет табысқа жетуге мүмкіндік беретін жыл болады. 25 мамырдан бастап жеке жаттықтырушы рөліндегі Сатурн және Торпақтағы жомарт Юпитер Тауешкіге күнделікті күйбең тірліктен арылуға көмектеседі.

2025 жылы жер белгісіндегі ер адамдардың өмірінде прогресс болады деп болжанып отыр. Астролог Ник Годеттің пікірінше, 2025 жылы бірігетін Сатурн мен Плутонмен басталған жұмысты сәтті аяқтауға болады. Егжей-тегжейлі жоспар құрыңыз, бұл процесті жеделдетеді. 10 шілдеде Тауешкідегі толық ай – өз-өзіне көңіл бөлу уақыты.

Сағатқа қарап тұрған ер адам. Көрнекі сурет
Сағатқа қарап тұрған ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Astrologyk астрологиялық басылымының жазуынша, Тауешкі белгісіндегі адамдар үшін жаңа жыл өзін-өзі жетілдіру үшін өте қолайлы болмақ. Жыл өсу және даму мүмкіндіктеріне толы болады. Секстильді Сатурн мен Уран 12 тамызда дәстүрді жаңашылдықпен үйлестіруді үйретеді. 12 тамызда Венера мен Юпитердің қосылуы кәсіби және жеке өміріңізге сәттілік пен үйлесімділік әкеледі.

Тауешкі белгісіндегі әйел адамдарға арналған жұлдыз жорамал

Оныншы зодиак белгісінің өкілдері үшін алдағы жыл 2024 жылға қарағанда тыныш кезең болады. Astrologyk басылымының жазуынша, 10 шілдеде Плутонның ретросымен сәйкес келетін Тауешкідегі толық ай елеулі өзгерістер әкеледі. Бұл өзін-өзі тану және өсу серпінін тудырады.

Белгі өкілдерінің бойында өз бетімен шешім қабылдау, табандылық және өзгермелі әлемде өзін табуға деген ұмтылыс сияқты қасиеттер көрінеді. Жасырын қалаулар мен қорқыныштар сыртқа шығып, күш көзіне айналады.

15 желтоқсаннан бастап жыл соңына дейін Тауешкідегі Марс күш-қуат береді. Табысыңыз артады. Тауешкі белгісіндегі көптеген әйел тұрмысқа шығу туралы ұсынысты қабыл алады. Балаларыңыздың дамуы немесе жүктілікке қатысты жақсы жаңалықтар күтіңіз. Өміріңіздің барлық саласында мақсаттар мен стратегияларды талдаңыз. Оңтайлы сәтті жіберіп алмауға және жылдың мүмкіндіктерін пайдаланып қалуға тырысыңыз. Ескі әдеттерден арылсаңыз, жетістікке жетесіз.

Денсаулық пен сұлулық

Astroyogi астрологиялық басылымының жазуынша, денсаулық тұрғысынан 2025 жыл табысты болады. Денсаулыққа қатысты мәселе тумайды. 14 наурыздағы айдың тұтылуы – толық медициналық тексеруден өтуге қолайлы уақыт. Нептун мен Сатурн сізге ауыр жұмысты релаксациямен біріктіруді үйрететін жеке жаттықтырушылар болады. Йога, медитация немесе керамика ішінен түрлі ойлардан арылуға көмектесетін әрекетті таңдаңыз. Жылдың екінші жартысында эмоциялық күйіңізді қадағалап, психологқа барыңыз.

Elle сән журналы атап өткендей, 2025 жылы Тауешкілер өзін қалыптастырғысы және таланттарын көрсеткісі келетін романтикалық серіктесіне қолдау көрсете білуі керек. Тауешкілерге күнделікті тіршіліктің бір бөлігін атқаруға тура келеді. Күйбең тіршіліктің сізді "жұтып қоймауына" жол бермеңіз, ойын-сауық шараларына қатысып жүріңіз. Сыртқы келбетіңізге көңіл бөліңіз. Бұл сізден айырылып қалмау үшін сүйіктіңіздің одан да табысты бола түсуіне жақсы ынталандыру болады.

Бет күтімі
Бетіне күтім жасаған әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Білім, жұмыс және қаржы

Astrology Starts астрологиялық басылымы авторларының жазуынша, қаңтардан наурызға дейінгі кезең жаңа бастамалар мен қаржылық өсу уақыты болады. Бизнес иелері бизнес ауқымын кеңейтуі керек. Табыстың кілті – шыдамдылықта.

Ақпанда білім алған пайдалы. Академиялық білім алушылар жоғары нәтижеге қол жеткізеді. Сәуірден маусымға дейінгі кезеңде Меркурий мен Юпитердің әсері байқалады. Биікке ұмтылғандар қолдау табады. Мамырдағы Айдың солтүстік түйіні эмоционалды күйзеліс тудырады. Оны Венераның оң әсері бұғаттайды, бұл қызметте өсуге, табысты болуға ықпал етеді.

Шілдеде Сатурнның әсері жұмыстағы серпілістерге қолайлы жағдай жасайды. Солтүстік ай түйіні тамызда қаржылық тұрақтылыққа теріс әсер етеді, бірақ Тауешкілер қиындықтарды тез жеңеді. Қазан айындағы Юпитердің әсері жаңа табыс көзін табуға мүмкіндік береді. Қараша мен желтоқсан айлары жылды жақсы нәтижемен аяқтауға мүмкіндік береді. Әсіресе мансап пен білім саласында оң өзгерістер болады.

Махаббат пен қарым-қатынас

Астролог Сьюзан Тейлордың айтуынша, Тауешкілер үшін 2025 жыл романтикаға толы жыл болады. Нептун мен Шолпанның арқасында оның өмірінде жақсы жаңалықтар болады. Бұл кезең – романтикалық сапарлар мен бірлескен жобалар үшін тамаша уақыт. Оң үрдістерге қарамастан, оныншы белгінің жеке өмірінде кейбір отбасылық мәселелер туындауы мүмкін. Әдептілік танытcаңыз, ол мәселелерді тез шеше аласыз.

Басы бос жандар махаббатын кезіктіреді. Astrologer Umesh басылымының жазуынша, өмірі қаңтар айының ортасынан бастап жақсы жаққа өзгереді. Мамыр айының ортасына қарай жаңа достықтан махаббат туады. Бірден бауыр басып, ол адамды жақын тартуға асықпаңыз.

Жігіт қыздың маңдайынан иіскеп тұр
Жігіт қыздың маңдайынан иіскеп тұр. Көрнекі фото: pixabay.com

Белгі өкілдеріне арналған кеңестер

Medium әлеуметтік басылымы атап өткендей, 2025 жылға арналған астрологиялық болжам өзін көрсеткісі келетін Тауешкілер үшін жағымды жаңалықтарға толы болады. Мына күндерге мән беріңіз:

  • 4 сәуір – Балықтардағы Сатурн мен Торпақтағы Уран арасындағы секстиль. Мансап пен шығармашылықта өзіңізді көрсететін уақыт.
  • 12 тамыз – Шолпан мен Юпитердің Шаянда қосылуы. Махаббат бірінші орынға шығады.
  • 19 қазан – Меркурий мен Марстың Сарышаянда тоғысуы. Ішкі дауысыңызды тыңдаңыз.
  • 31 желтоқсан – Тауешкідегі Күн мен Шолпан. Сүйіктіңіз магниттік аураңызға қарсы тұра алмайды.

Тауешкілер жылды жауынгерлік режимде бастайды, барлығын жеңуге дайын. Сәуір айынан бастап отбасылық жағдайға әсер ететін өзгерістер болуы мүмкін. Туысқандармен араласып, достармен тату болыңыз.

Бұл жылы Тауешкілер жоспарларды іске асырып қана қоймай, армандарына қол жеткізеді. Бұған жоспармен жүру және ішкі дауысыңызды тыңдай білу қабілеті көмектеседі. Жұлдыздардың кеңестері қателіктерден аулақ болуға көмектеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2195286-armanyn-maqsatqa-ainaldyrady-2025-zhyly-tauekshilerdi-ne-kutedi/