Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлу өсірумен айналысатын ферма (фото)

Опубликовано:

Ұлу өсіру - Еуропадағы ауыл шаруашылығының жаңа "бағыты" және шағын бизнестің бір түрі.

"Мүйізді тамақ" арнайы фермаларда өсіріледі. Жүзімді ұлулар Еуропаға Италиядан келген деп есептелінеді. Ұлу ылғал жылы климатты жақсы көреді. Мәселен, көне бақтар мен бұталары өсіп кеткен сайлар олар үшін өте қолайлы мекендер. (Суреттер bigpicture.ru сайтынан алынды).

Ұлуды жинайтын адамдар жәндіктерді мұздатылған және жас күйінде дамыған еуропалық елдердің мейрамханалары мен супермаркеттеріне жібереді. Оларға деген сұраныс үлкен. Сондықтан оны өндіру деңгейі де күн санап өсіп келеді. Бұл деликатестің еті ерекше болып есептеледі: мұнда мүлдем холестерин мен зиянды майлар жоқ. Таза пайдалы ақуыздан, адам үшін қажетті амин қышқылдарынан және түрлі дәрумендерден  тұратын ет. Сонымен қатар ұлу еті ер адамдар үшін өте пайдалы көрінеді.

Саудаға салмағы 20-25 граммды, ал ұзындығы 5 см-ді құрайты ұлулар шығарылады. Әрбір ұлу жыл сайын 1 келіге жуық ұрпақ әкеледі. 1 келі деликатеске қол жеткізу үшін ұлуларға 2 келі азық жұмсалады.

Әсіресе Францияда суда мекендейтін түрлі жәндіктерден басқа,  жүзімді ұлулыларды қатты жақсы көреді. Жұмсақ денелі деликатес "эскарго" (escargot) деп аталады. Ол кез-келген супермаркетте сатылады. Бірақ ұлуды өсіру жәндік мекендейтін табиғи ортаның бұзылып жатқандығына байланысты қиындап барады.

Ұлуларды көбейту кезінде оларға сәбізге бай арнайы рацион беріледі. Фермада ұлу тағамға жарамды - өріктей - көлемге жарты жыл ішінде жетеді. Табиғи жағдайда бұған бір жарым жылдай уақыт қажет.

Ұлу - түнде өмір сүретін жәндік. Күндіз көбіне ұйықтайды. Қысты да ұйқымен өткізеді.

Қазір ұлу өсіруді қытайлықтар да қолға алды. Ұлу бизнесіне көп қаржы жұмсалмайды, бірақ кәсібилік пен мол тәжірибе қажет. Жарты сотық жерде өсірілген ұлудың еті бір сиыр етінен асып кетеді. Ал бағасы сиыр етінен 10 есе жоғары.

Ұлуларды асқа дайындау үшін бірінші олар бес минутқа қайнаған суға салынып, одан кейін қабыршығынан аршылып, бауыры алынып, арнайы сорпада қуырылып, қайтадан қабыршықтарына салынады. Ең соңында үстіне аскөк пен сарымсақтан дайындалған дәстүрлі көк соус құйылады.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/220306-ylu-osirumen-ajnalysatyn-ferma-foto/

pixel