RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Иордания патшайымы тағып жүрген қазақтың зергер бұйымдарын кім жасағанын білесіз бе

Жарияланған күні:

Рания
Рания. Фото: Jordanian Royal Household via Getty Images

2016 жылы Иордания Тәуелсіздігінің 70 жылдығына арналған шарада мемлекет патшайымы Рания әл-Абдулла қазақ бойтұмарын тағып шыққан еді. Әшекейді жасаған зергер, реставратор Берік Әлібай 9 жыл бұрынғы оқиғаның қалай болғанын "ҚазАқпаратқа" айтып берді.

"Бұл тұмаршаны Рания патшайымға тікелей берген жоқпын. Маған қанша адам тапсырыс беріп, бұйым жасатады, оны жоғары лауазымды тұлғаларға сыйға тартады. Мен де: "Бұл бұйымды кімге сыйлайсың?" - деп сұрамаймын.

Рания
Рания. Фото: Jordanian Royal Household via Getty Images

Күндердің күні Мәдениет комитетінің қызметкерлері хабарласып: "Иордания патшайымының мойнындағы алқа қазақтың ұлттық әшекейі ме, анықтап беріңізші", - деп бір суретті жіберді. Ол сурет көзіме оттай басылды! Бұл қазақтың әшекейі ғана емес, менің қолымнан шыққан зергерлік бұйым екенін айттым", − деді Берік Әлібай агенттік тілшісіне берген сұхбатында.

Рания
Рания. Фото: Jordanian Royal Household via Getty Images

Осыдан кейін журналистер зергерден сұхбат алып, түрлі мақалалар жарық көріп, қазақ әшекейіне сұраныс көбейіпті.

Рания
Рания. Фото: Jordanian Royal Household via Getty Images

Русские эмираты журналына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ сән әлемінде көптің аузында жүрген патшайымның өміріне қатысты бірқатар қызықты деректі ұсынды.

Рания
Рания. Фото: KHALIL MAZRAAWI/AFP via Getty Images

Рания 1970 жылдың 31 тамызында Кувейтте палестиналық босқындардың отбасында дүниеге келген. Әкесі Ясин дәрігер болған. Рания Кувейт мектебін, Каирдің Америкалық университетін бітірген.

Рания
Рания. Фото: Jordanian Royal Household via Getty Images

Каирде Рания Apple-де жұмыс істеген, алайда отбасымен Иорданияға көшіп, Citibank-ке жұмысқа орналасады. Ол жерде ханзада ІІ Абдалланың әпкесі Айша басшы еді. Айшамен жақын достық қарым-қатынас орнатқан Рания оның үйінде қонақта болғанда Абдалламен танысады.

Рания
Рания. Фото: Royal Hashemite Court vis Getty Images

Бір көргеннен Ранияға құлай ғашық болған ханзада оған алты айдан кейін үйленеді. Абдалла әкесінің қазасынан кейін патша атанған сәтте Рания патшайым атағына ие болды.

Рания
Рания. Фото: Patrick van Katwijk/Getty Images

Рания заманауи, білімді әрі қайырымды жан ретінде өз елінде халықтың ерекше ықыласына бөленген.

Рания
Рания. Фото: Jordanian Royal Court via Getty Images

Ханшайым кезінен-ақ сән әлемінің иконасы атанып үлгерген Рания, тіпті Джорджио Арманидің музасына айналған.

Рания
Рания мен Мелания Трамп. Фото: Ron Sachs-Pool/Getty Images

Louis Vuitton, Fendi, Dior, Valentino сынды әлемге әйгілі брендтердің әшекейлерін тағатын патшайымның таңдауы қазақи бұйымға да түскені мақтаныш деуге болады.

Рания
Рания. Фото: Royal Household via Getty Images

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2221904-iordaniia-patshaiymy-tagyp-zhurgen-qazaqtyng-zerger-buiymdaryn-kim-zhasaganyn-bilesiz-be-foto/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif