RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Алғаш ұстаған оразаңыз ауырға түспеуі үшін не істеу керек

Жарияланған күні:

Ауызашарға дайындық
Құрма. Көрнекі фото: pixabay.com

Ораза – мұсылмандар үшін маңызды құлшылықтың бірі. Ол – тек ас-судан тыйылу емес, рухани кемелденіп, сабырлық сақтап, өзін-өзі тәрбиелейтін ерекше ғибадат, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алайда оразаны алғаш рет ұстауға ниеттенген жан үшіy оңай болмасы анық.

Егер бұрын ораза ұстап көрмесеңіз, бірден кірісу қиын болуы мүмкін. Сондықтан өзіңізді біртіндеп дайындаңыз.

Тамақтану режимін реттеңіз, таңғы және кешкі асты уақытылы ішіп үйреніңіз. Ораза басталғанға дейін бірнеше күн бір уақытта тамақтанып, ауыз бекітуге дағдыланыңыз.

Ал Оразада дұрыс тамақтану маңызды. Сәресіде – күрделі көмірсулар (ботқа, қара нан, көкөністер), ақуыз (жұмыртқа, ет, сүзбе) және су ішкен жөн. Ал ауыз ашарда асқазанға салмақ түсірмес үшін жеңіл тамақтардан бастау керек (сүт өнімдері, құрма, сорпа). Дұрыс тамақтану сіздің қуатыңызды сақтауға және күні бойы өзіңізді сергек сезінуге көмектеседі.

Бастапқыда ауыр болса, өзіңізді қинамаңыз, бастысы – ниет пен талпыныс.

Оразаның тек аштықпен шектелмейтінін түсіну маңызды.

Бұл – рухани тазару, өз-өзіңді бақылау және ішкі жан дүниеңді дамыту кезеңі. Көптеген адамдар ораза арқылы жаңа әдет қалыптастырып, өзін жаңа қырынан таниды.

Егер айналаңызда ораза ұстайтын адамдар болса, олармен бірге ұстау сізге жеңіл болады.

Әр күніңізді жетістік ретінде қабылдап, өзіңізді мақтап отырыңыз. Ораза ұстау – ерік-жігерді қажет ететін ғибадат, сондықтан кішкентай жеңістіңіз үшін өзіңізді марапаттаңыз.

Бастысы – өзіңізді қинамай, біртіндеп үйрену керек. Ораза сізге сабырлық, жігер және жан тыныштығын сыйлайтынын ұмытпаңыз!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2222238-algashqy-ret-ustagan-orazangyz-auyrga-tuspeui-ushin-ne-isteu-kerek/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif