jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Үндістанда мүгедек күйеуін арқалаған әйел 150 шақырым жер жаяу жүрді (видео)

Үндістандық әйел отбасымен бірге
Фото: Times Now

Үндістан тұрғыны мүгедек күйеуі мен екі баласын ертіп, 150 шақырымды жаяу жүріп өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға Шиваға табынушылар үшін Канвар Ятра деп аталатын жыл сайынғы діни рәсім кезінде болған. Аша есімді әйел қасиетті Ганга өзенінен су әкелу үшін күйеуін арқалап шыққан. Күйеуі Сачин былтыр омыртқасына жасалған отадан кейін жүре алмай қалған. Бұған дейін ер адам бұл діни сапарға 13 жыл бойы өзі қатысып келген.

Әйелдің сөзінше, ол мұны күйеуінің тезірек жазылып кетуі үшін жасаған. Оның ерлігі көпшілікті тәнті етіп, әлеуметтік желіде талқыға түсті. Желі қолданушылары әйелдің әрекетін нағыз махаббаттың үлгісі деп отыр.

1980 жылдардың соңына дейін Канвар Ятра шағын рәсім болған. Кейін кең көлемде атап өтіліп, Үндістандағы ең ірі діни мерекелердің біріне айналды. 2023-2024 жылдар аралығында діни рәсімде шамамен 30 миллион адам зиярат етті.

Үндістанда мүгедек күйеуін арқалаған әйел 150 шақырым жер жаяу жүрді (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.