jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қазақстанда 1 тамыздан бастап ChatGPT қымбаттайды

ChatGPT
ChatGPT. Көрнекі фото: pexels.com

24 шілдеде ChatGPT-ге ақылы түрде жазылған пайдаланушыларға 1 тамыздан бастап жазылым бағасына ҚҚС қосылатыны туралы хат келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жазылушылардың электрондық пошталарына жіберілген хатта ChatGPT әзірлеушісі OpenAI 2025 жылғы 1 тамыздан бастап Қазақстандағы пайдаланушылар үшін жазылым бағасына қосылған құн салығын (ҚҚС) енгізетіні жазылған. Осылайша жазылым құны қымбаттай түспек.

ҚҚС мөлшері 12 пайыз болады, сондықтан жеке тұлғалар үшін ай сайынғы жазылу бағасы 20 доллардан 22 доллар 40 центке дейін өседі.

Бұл ретте Қазақстанда ҚҚС төлеуші ретінде тіркелген заңды тұлғалар салық төлеуден босатылуы мүмкін – ол үшін аккаунттың салық деректері бөлімінде 1 тамызға дейін БСН-ді енгізуі қажет.

Қазақстанда 1 тамыздан бастап ChatGPT қымбаттайды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.