jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Экстрим, демалыс және сән мен салтанат: Дубайдағы күзгі демалыстан қазақстандықтар қандай әсер ала алады

Дубай
Фото: Дубай Туризм Департаменті

Күз мезгілі десе көпшілік сарғайған жапырақтарды, жылы көрпеге оранып, шай ішуді елестетеді. Бірақ дәл осы мезгіл Дубайда ерекше көркем болатынын біреу білсе, біреу біле бермейді. Бұл кезеңде күн райы жанға жайлы, қолайлы, теңіз суы жылы, ал экскурсиялар мен серуен анағұрлым жайлы бола түседі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Күз – көңілсіз күндерді шуақты жағажайларға алмастырып, қыс алдында күш алып, Дубайдың сәнді де салтанатты әлеміне ену үшін таптырмас уақыт. Мұндай демалыс айрықша әсер сыйлап, қайта айналып келе бергің келетіндей көңіл күй берері анық.

Жағажайдағы демалыс

Қыркүйектен қарашаға дейін теңізде демалуға әбден болады. Бұл кезеңде теңіз суы жаздағыдай қатты ыстық болмайды, аптап ыстықтың да беті қайтады. Мәселен, Пальма Джумейрадағы Byron Bathers Club-та австралиялық курорт атмосферасына ене аласыз: балалар алаңқайда ойнап жүреді, ал ересектер алаңсыз музыка тыңдап, бас аспаз ұсынатын авторлық тағамдардан дәм татады.

Ал көпшілікпен уақыт өткізгенді ұнататындар үшін Vista Mare — таптырмас демалыс орны. Мұнда таяу шығыстан бастап, грек және испан халықтарына дейінгі түрлі елдің асханасы ұсынылған бірнеше мейрамхана бар. Кей мекемелер асты жағажайға дейін әкеліп береді. Осылайша аяғыңызды құмда қыздыра отырып ауқаттанып, Пальма Джумейраның шығыс жағалауларының фонында естелік болар суреттерге түсе аласыз.

Дубай
Фото: Дубай Туризм Департаменті

Демалыста ерекше фототүсірілім жасағысы келетіндер Atlantis, The Palm қонақүйінде орналасқан Casablanca жағадай клубына барса болады. Бұл жер француз-марокколық сән-салтанаты стилінде жасалған: екі ауқымды бассейн, толықтай рахаттана демалуға арналған ішінде шағын бассейні бар жабық кабиналар, ал жағажай бойында орналасқан ыңғайлы шезлонгтар мен жатақтар Пальма Джумейра көрінісі аясында ерекше әдемі көрінеді. Аумақта, сондай-ақ авторлық мәзірі бар мейрамхана жұмыс істейді. Онда ерекше тағамдар мен тіскебасарлар ұсынылған.

Белсенді туристер болса, Jumeirah ауданындағы J1 Beach-ке барса болады. Онда құмды жағажайда демалып не басссейнге шомылып, артынша сондағы көп мейрамханалардың біріне барып, тамақтануына болады.

Су маңындағы белсенді демалыс

Дубайдағы жағажайларсыз және клубтарсыз демалыс туралы айтар болсақ, шопинг, көңіл көтеру мен су маңындағы белсенділікті қамтитын Dubai Festival City туралы ұмытпау керек. Мұнда жағажай маңында қайыққа мініп, қала көріністерін суда тамашалауға болады. Құрлықта спортпен айналысқысы келетіндер үшін шығанаққа дейін ыңғайлы бағыттар қарастырылған. Кешке қонақтарды IMAGINE шоу күтеді. Лазерлермен, музыкамен және арнайы отты әсерлермен сүйемелденетін су-жарық шоуы бірнеше мәрте Гиннес рекордтар кітабына да енген. Шоу дәл суға жақын маңда ұйымдастырылады және оны көруге әлемнің түкпір-түкпірінен туристер жиналады.

Шөл дала мен аспандағы қызықтар

Дубай
Фото: Дубай Туризм Департаменті

Ерекше әсер іздейтіндер Эмираттарда белсенді демалуға күз мезгілінде келуі керек. Пальма Джумейраның үстінен парашютпен секіру аспанмен ұштасқан зәулім ғимараттар мен теңізді биіктен тамашалауға мүмкіндік беріп, ұмытылмас сәт сыйлайды.

Шөл далада сафариге джиптермен серуендеп, құм төбелермен жүйткуге болады, парапланда ұшу да қолжетімді. Реактивті толқындардың көмегімен су үстінде сырғанау - флайбординг те туристер арасында танымал.

Биіктікті жаны сүйетіндер Dubai Marina ауданындағы әлемдегі ең ұзын зиплайнда бағын сынай алады. Ұшу кезінде яхталар мен зәулім ғимараттарды биіктен көріп, тамсана аласыз. Бірақ ұшу жылдамдығы 80 км/сағатқа жететіндіктен, бұл сәт көзді ашып жұмғанша өтіп кетуі мүмкін.

Табиғат және таудағы демалыс

Дубай
Фото: Дубай Туризм Департаменті

Мегаполис шуынан жырақта демалуға болатын басқа да орындарға тоқтала кетсек. Бұл үшін сізге ерекше әсер сыйлайтын Хаттаға барсаңыз болады. Бұл Дубайдан бір жарым сағат жерде орналасқан таулы аймақ. Хатта демалыс пен белсенді экотуризмді үйлестіргісі келетіндер үшін жақсы орын.

Онда сіз табиғаты керемет жерде қайық теуіп, Хаджар тауларындағы бағыттар бойынша серуендеп, шатқал үстінде зиплайнда ұшып, айрықша әсерге бөлене аласыз. Сондай-ақ мұнда тау велосипедтерін теуіп, табиғатта пикник жасауға да болады. Осы маңда бірнеше күн аялдағысы келетіндер JA Hatta Fort Hotel қонақүйіне бара алады. Шале стиліндегі ыңғайлы нөмірлерде ашық бассейндер бар және онда белсенді демалуға болады. Бұл күш жинап, демалуға арналған мінсіз қонақүй.

Яхталар мен дәстүрлі қайықтар

Жағажай маңында әдемі яхталармен серуендеп, әйгілі Marina мұнараларын тамашалауға болады. Аутентиканы жаны сүйетіндер үшін абра деп аталатын дәстүрлі қайықтар да бар. Олар ескі қала атмосферасы сақталған Dubai Creek бағыты бойынша жүреді.

Сонымен бірге Lady Nara бортында дәмді тамақтанып алып, ары қарай рахаттана серуендеу қарастырылған. Онда эмираттық асханаға ден қойылған жерорта теңізі асханасы мен алкогольсіз сусындар ұсынылады.

Көше базарлары мен "мишлен" мейрамханалары

Дубай
Фото: Дубай Туризм Департаменті

Дубай гурмандар үшін нағыз жұмақтың өзі. Мишлен жұлдызы бар мейрамханаға өміріңізде бас сұқпаған болсаңыз немесе гастрономиялық тәжірибеңізді арттыра түскіңіз келсе, бұл мегаполистен асып түсер қала таппасыңыз анық. Себебі мұнда сан алуан астың түрі ұсынылған жүздеген «мишлен», сондай-ақ Bib Gourmand санатындағы көптеген мейрамхана бар. Онда бағасы сапасына сай керемет тағам түрлерінен дәм тата аласыз. Мәселен, Al Khayma Heritage Restaurant аутентикалық атмосферада дәстүрді эмират асханасын ұсынса, 21 Grams-тан заманауи асханаға бейімделіп әзірленген балқан тағамдарын жеп көресіз. Одан бөлек теңіз өнімдері мен Азия елдерінің асханасына бейімделген мәзірі бар 3Fils те ерекше танымал. Ал Bait Maryam мейрамханасы болса, левантиялық астан дәм ұсынып, жанға ләззат сыйлай алады. Көше тағамдарын жақсы көріп жейтіндер де құр алақан қалмайды, оларға арналған Global Village мейрамханасы бар. Мұнда 90-нан астам елдің асы назарға ұсынылады. Осылайша бұл жер бір кеште-ақ әлемнің түкпір-түкпіріндегі елдердің асынан дәм татқызады.

Жан мен тәннің демалысы

Дубай
Фото: Дубай Туризм Департаменті

Дубай дәстүрлі массажбен қоса өзге де масссаж түрлерін ұсынатын спа-кешендерімен танымал. Мәселен, Awaken Spa кешенінде Парсы шығанағынан әкелінген тұздар мен вулкан тастарының көмегімен жасалатын процедуралар ұсынылады. Бұл процедуралар клиенттердің алаңсыз демалып, күшін қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Дубай салондарында ароматерапия, раушан, жасмин және сандал өсімдіктерінің майымен спа-процедуралар жасалады. Осылайша олар адам тәніне ғана емес, мәрмәр залдары мен шығыс дәстүрлерін үйлестіре жасаған интерьері арқылы жанға да ләззат сыйлауға қауқарлы. Мұндай демалыс орындарына барған әр адам өзін сәні мен салтанаты жарасқан сұлтан сарайында жүргендей сезінеді.

Мінсіз демалысқа арналған кезең

Демалыс тамыз айының соңында бітіп қалмайтынына көзіңізді жеткізе алдық деп сенеміз. Далада күн бұлттанып, жауын жауып тұрса да, демалысты жақсы өткізуге болады. Бұл үшін әлемдегі ең әсем мегаполистердің біріне билет алып, естен кетпес әсер сыйлай аласыз.

Экстрим, демалыс және сән мен салтанат: Дубайдағы күзгі демалыстан қазақстандықтар қандай әсер ала алады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.