jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

"Жарығы күшейіп келеді": Алматыда ғалымдар жаңа 3I/ATLAS атты құйрықты жұлдызды зерттеп жатыр (видео)

Жұлдыздар
Жұлдыздар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Отандық астро-физиктер әлем ғалымдарымен бірге аспандағы бейтаныс құйрықты жұлдызды бақылап отыр. 3I/ATLAS кометасы бірнеше ай бұрын анықталған. Күн жүйесіне жақын ұшқан жұлдыздың шығу тегі, бағыты анықталып, құрылымы зерттеліп жатыр, деп хабарлайды 24.kz.

Құйрықты жұлдыз әлем ғалымдарының жіті бақылауында. Себебі 3I/ATLAS басқаларға қарағанда өзгеше. Нақтырақ айтсақ, өте жарық, жылдам қозғалады және түсі де бірнеше рет өзгерген.

"Бұл аспан денесі бізге бөтен жұлдыздық жүйеден келді. Сондықтан ғалымдардың назарын аударып отыр. Оның табиғаты да ерекше және ғалымдарға өзге жұлдыздық жүйелердің ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндік береді. Өйткені ол біздің күн жүйемізде қалыптаспаған", - дейді Фесенков атындағы астрофизика институтының кіші ғылыми қызметкері Надежда Вайдман.

Ғалымдарымыздың айтуынша, құйрықты жұлдыздың көмірқышқыл газы нормадан сегіз есе жоғары. Кометаның қазіргі қозғалысы Солтүстік Тянь-Шань тауындағы АЗТ-20 телескобымен бақыланып отыр.

"Кометаны бақылау наурызға дейін немесе одан да ұзап кетуі мүмкін. Ең бастысы, жарығының өзгеруіне қараймыз. Себебі оның жарығы күшейіп келеді. Біз осы комета арқылы өзге ғаламшар жүйесінің қалыптасуын зерттей аламыз", - дейді Фесенков атындағы астрофизика институтының аға ғылыми қызметкері Максим Кругов.

Құйрықты жұлдыз күн жүйесін көлденең кесіп өтіп барады. Бірнеше айдан кейін біздің ғаламшар жүйесінен шығып кетеді екен. Ғалымдар осы уақытты тиімді пайдаланып, өзге ғарыш денесін зерттеп жатыр.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Айдос Қалиев

"Жарығы күшейіп келеді": Алматыда ғалымдар жаңа 3I/ATLAS атты құйрықты жұлдызды зерттеп жатыр (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.