Айдағы зауыт: Илон Маск тағы бір мега жоба ұсынды
Опубликовано:
Илон Маск болашаққа жаңа бағдар жасады. Келесі үш жылда орбитадағы жасанды интеллект ең арзан есептеу құралына айналуы мүмкін, ал жақын болашақта спутниктерді Ай бетінде құрастыру жоспарда бар, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Миллиардердің айтуынша, шамамен үш жылдың ішінде орбитада жұмыс істейтін ІІ жүйелері жердегі кез келген дербес орталықтардан арзан әрі тиімді болмақ. Тағы бір жыл өткеннен кейін мұндай технологиялар ең жылдам кеңейтілетін индустрия деңгейіне жетуі ықтимал. Космостық инфрақұрылым Жер жағдайында қайталау мүмкін емес қарқынмен қуат өсіруге жол ашады.
Ұзақмерзімді бағыт ретінде Маск спутниктерге қажетті техниканы тікелей Айда өндіру идеясын да айтып өтті. Бұл қадам есептеу қуатын бірнеше есе арттырып, өндірісті жердегі шектеулерден толықтай тәуелсіз етуге мүмкіндік береді. Мұндай жоспар адамзатты Кардашев шкаласындағы II деңгейге, бүкіл Күн жүйесінің энергиясын пайдалана алатын өркениетке жақындатады.
Жасанды интеллектті ғарышқа орналастыру жердегі инфрақұрылымға тәуелділікті азайтып, қызып кету, ресурс тапшылығы немесе жергілікті техникалық ақаулар сияқты қауіптерді едәуір төмендетеді.
Бұған дейін Маск өркениеттің болашағы мен энергия көздеріне қатысты ойларын бөліскен еді. Оның пікірінше, адамзат үшін басты және салыстыруға келмейтін энергия көзі – Күн.
Сонымен қатар ол Марс пен Айға алғашқы экспедицияларға аттанатындар Жерде қалатындармен салыстырғанда әлдеқайда қиын жағдайларды бастан өткеретінін ашық айтты. Алғашқы қадамдарда орта тар, ауыр әрі жайлылықтан алыс болатынын ескертті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2319068-aidagy-zauyt-ilon-mask-tagy-bir-mega-zhoba-usyndy/