jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қазақ тағамдары әлемнің үздік асханаларының қатарына енді

ет
Қазақша ет. Фото: NUR.KZ

TasteAtlas гастрогиді әлемдегі ең үздік 100 асхананың рейтингін жасау үшін әлем елдерінің 19 000-ға жуық тағамын сарапқа салды. Қазақ тағамдары әлемнің үздік 100 тағамының қатарына енді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлемдегі ең үздік 100 асхананың тізімінде Италия көш бастады. Гастрономия сарапшылары италиялық асхананың ерекше тағамдарының (пицца, паста, прошутто) сапасын, сондай-ақ ең үздік тамақ өндірушілері мен ең танымал мейрамханаларын жоғары бағалады.

Грекия және Перу тағамдары екінші және үшінші орындарға ие болды.

Португал, испан, жапон, түрік, қытай, француз және индонезиялық тағамдар да әлемдегі ең үздік ондыққа кірді.

Қазақ тағамдары 98-ші орынға ие болды. Міндетті түрде жеп көру керек тағамдар тізіміне қазақ еті, қазы, кеспе, шелпек, самса және басқа тағамдар енді.

Қазақ тағамдары әлемнің үздік асханаларының қатарына енді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.