"Хабар" телеарнасы көрерменге "Шырмалған тағдыр" атты жаңа телехикаяны ұсынады
Опубликовано:
Бір кездесу адам өмірін түбегейлі өзгертуі мүмкін бе? Өмір – күрес болса, жеңіске апаратын жол қайда? Сол жолда өзіңді жоғалтып алмау үшін не істеу керек. Сан сауал, үміт пен күдік, сезім мен сана арпалысы... "Хабар" арнасы адам жанын нәзік иірімдерге тартатын психологиялық драма "Шырмалған тағдыр" сериалын көрерменге ұсынады, деп хабарлайды телеарнаның баспасөз қызметі.
Түрік кино әлемінің жұлдызды жұбы Кадир Догулу мен Неслихан Атагюль басты рөлдерді сомдайтын телехикаяда жас қыздың алып шаһардағы күреске толы тағдыры суреттеледі. Анкарадан Ыстамбұлға көшіп, арманыма жетемін деген Маджиде дәулетті әулеттің құпияларымен танысады, сезім сергелдеңіне түсіп, махаббат машақатымен алысады.
Сериалда сондай-ақ Сарп Левендоглу, Зухал Олжай, Туба Үнсал, Өзге Өздер, Бестемсу Өздемір, Каан Ташанер ойнайды. Олар өз кейіпкерлерінің образын ашып, алғашқы эпизодтан-ақ көрерменді баурап алады.
"Шырмалған тағдыр" – жай ғана телехикая емес, бұл – жүрек қылын қозғайтын драмалық оқиға.
Бұл – адамдардың таңдауы мен қасиетті құндылықтар арасындағы нәзік шекараны, мүдде мен махаббаттың қақтығысын көрсететін әсерлі мелодрама.
"Шырмалған тағдыр" телехикаясы 19 қаңтардан бастап, жұмыс күндері сағат 19:30-да "Хабар" арнасында көрсетіледі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2330934-habar-telearnasy-korermenge-shyrmalgan-tagdyr-atty-zhanga-telehikaiany-usynady/