Көктем жаршысы: Қаратау табиғи қорығында бәйшешек гүлдеді (фото)
Опубликовано:
Қаратау мемлекеттік табиғи қорығында көктем жаршысы – бәйшешек гүлдеді, деп хабарлайды қорықтың әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Біресік сайында гүлдеп тұрған бәйшешекті 4 ақпанда суретке табиғи кешендер мен объектілерді күзету бөлімінің инспекторлары түсіріп алған.
"Қысқы тыныштықтан кейін Қаратау өңірінде ең алғаш көзге түсетін көктемнің нәзік те әсем хабаршысы. Қар ерісімен-ақ бой көтерген бұл гүлдер табиғаттың оянғанын білдіреді.
Алатау бәйшешегі – көктемнің алғашқы лебі, тазалық пен үміттің белгісі. Ол қаһарлы қыстан кейін де өмірге деген құштарлық пен сұлулықтың бар екенін еске салады.
Қаратаудың баурайында гүлдеген әрбір бәйшешек – жаңа өмірдің бастауындай. Табиғатты аялаңыз, көктемнің сұлулығын бірге сақтайық", - деп жазады қорық әкімшілігі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2339859-koktem-zharshysy-qaratau-tabigi-qorygynda-baisheshek-guldedi-foto/