jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қазақстанның көрікті жерлері туралы жаңа видео Instagram желісінде миллиондаған қаралым жинады

видеодан кадр
Видеодан кадр: instagram.com/bydastann

Қазақстандық блогер, видеограф Дастан Мұхамедрахым Қазақстанның табиғаты туралы жаңа видео жариялады. Бейнеролик Instagram желісінде хитке айналып, миллиондаған қаралым жинады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дастан Мұхамедрахым Instagram желісіндегі парақшасында Қазақстанның көрікті жерлері туралы жаңа бейнеролик жариялады. Видео Жапония, Арктика, Боливия, Канада және тіпті Марсқа ұқсас көрікті жерлер түсірілген. Бірақ олардың бәрі Қазақстанда орналасқан.

Блогер видео сипаттамасына: "Бұл Қазақстан", - деп жазған.

Видео Instagram желісінде бірден хитке айналды. Жарияланғаннан кейін екі күн ішінде ол 12,4 млн-нан астам қаралым жинаған. Сондай-ақ желі қолданушылары видеоға 5000-нан астам пікір қалдырды, оның ішінде шетелдік желі қолданушылары да бар.

"Қалжың емес, мен шынында да менің 77-елім Қазақстан болғанын қалаймын", "25 елге барған мен әрқашан бір ережені ұстандым: ешқашан бір елге екінші рет оралмаймын, бірақ Қазақстан мұны өзгертті", "Туризмге қандай үлес қосқаныңызды білесіз бе? Мен таң қалдым", "Өте керемет көрініс", "Барып көрсем деп армандаймын, асыға күтемін", - деп пікір қалдырды шетелдіктер.

Еске сала кетейік, былтыр қарашада 696 млн оқырманы бар Instagram-ның ресми аккаунтында қазақстандық видеограф Дастан Мұхаммедрахымның Қазақстан пейзажы туралы видеосы жарияланған еді.

Қазақстанның көрікті жерлері туралы жаңа видео Instagram желісінде миллиондаған қаралым жинады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.