Аузындағы тіс санының көптігінен әлем бойынша рекорд орнатқан азамат туралы не білеміз
Опубликовано:
Малайзияда тұратын бір баланың әкесі Пратаб Мунианди аузындағы тіс санының көптігінен әлем бойынша рекорд орнатқан. Муниандидің өзге адамдармен салыстырғанда 10 артық тісі бар, деп хабарлайды guinnessworldrecords.com сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
42 тісі бар азаматты 2023 жылы екі стоматолог тексеріп, сол жылы ол әлемдік рекорд орнатады.
Мұнай-газ саласында инженер болып жұмыс істейтін 33 жастағы Пратаб артық тістері барын білген сәтті есіне алды.
"Тісімнің көптігін алғаш рет 2021 жылы отбасылық шай ішу кезінде байқап, отбасыма артық тістер өсіп жатқанын айттым. Біз тістерімді бірге санап шықтық, ол кезде менде 38 тіс болды. Кейінірек тіс рентгені әлі шығып үлгермеген тағы төрт тісім бар екенін көрсетті. 2023 жылдың басында менде барлығы 42 тіс бар екенін түсіндім. Бақытыма орай, тісім түзу және ешқандай асқынулар жоқ", - дейді ол.
Пратаб көпшілік оның артық тістері барын өзі көрсетпейінше байқамайтынын айтты.
"Адамдар көбіне таң болады және бастапқыда сене қоймайды, әсіресе менің әдетте 32 тісі бар адамдардан 10 тісім артық екенін білгенде, қатты таңырқайды", - дейді Пратаб.
Пратабтың сөзінше, артық тістері оған еш кедергі келтірмейді, ол күніне екі рет тісін жуып, үнемі жіппен тазалап, ауыз қуысының гигиенасын сақтауға тырысады.
Ал Калпана Балан (Үндістан) — аузындағы тістердің саны бойынша рекорд орнатқан әйел, оның барлығы 38 тісі бар.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2350689-auzyndagy-tis-sanynyng-koptiginen-alem-boiynsha-rekord-ornatqan-azamat-turaly-ne-bilemiz-foto/