jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Қызылорда облысында азаматтар қазақтың үш ханы бейнесінде дауыс берді

Қазақтың "үш қаны"
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Қызылорда қаласындағы №375 сайлау учаскесінде референдум аясында ерекше әрі мазмұнды акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды Қызылорда облысының әкімдігі.

Қазақ хандары Қасым хан, Есім хан және Тәуке хан бейнесіндегі азаматтар бір мезетте дауыс берді.

Қазақтың "үш қаны"
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Тарихтан белгілі, Қасым ханның "Қасқа жолы", Есім ханның "Ескі жолы", Тәуке ханның "Жеті жарғысы" қазақ халқын бірлікке ұйыстырып, мемлекеттіліктің берік негізін қалаған заңдар жүйесі болды. Бүгінгі Ата заң да сол бабалар салған сара жолды жалғап, Қазақстанның болашағын айқындайтын маңызды құжат екені сөзсіз.

Қазақтың "үш қаны"
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Шараның мақсаты азаматтардың саяси белсенділігін арттыру және ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауда әрбір тұрғынның дауыс беруінің маңызын көрсету.

Айта кетейік, Қызылорда қаласындағы сайлау учаскелерінде референдум талаптарына сәйкес дауыс беру процесі ашық, заң талаптарына сай әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Қала тұрғындары өз таңдауларын жасап, ел болашағына қатысты маңызды саяси науқанға белсенді қатысуда.

Қызылорда облысында азаматтар қазақтың үш ханы бейнесінде дауыс берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.