Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар адамзатты болашақта не күтіп тұрғанын хабарлады

Опубликовано:

Ақырзаман енді 70 жылдан кейін орнамақ. Бұл қаншалықты шындық? Тағы сәуегейлердің кезекті сандырағы емес пе екен?

Сонда, күрмеуге келмейтін қысқа уақыт ішінде адамзаттың өміріне нүкте қойылмақ па? "Иә" дейді ресейлік физик-математик ғалым Александр Коновалов.

"Ақырзаман адамдардың қолымен жасалмайды. Оған нүкте қоятын күннің шектен тыс қызып кетуі болмақ. Мұның ақыры Күн жүйесіндегі баз бір ғаламшарлардың өртке орануына әкелмек. Соның бірі "Жер" дейді. Осылай деген ғалым мына­дай дәлел-дәйектерді алға тартады. "Ғалымдар Күннің сөнуі­не әлі жеті жарым миллиард жыл бар деп болжам жасауда. Егерде осы уақыт ішінде адамзаттың пиғылы бұзылып, ядролық қару қолданып, жойылып кетпесе, Күн жүйесін аттап өтіп, өзге ғаламға қоныс аудару да мүмкін. Бірақ менің болжамым бойынша, ол заманға біз жете алмаймыз. Өйткені соңғы жиырма жылда күннің қызуы жыл санап артып келеді. Мұны ғарышты бағып отырған астрономдар да жоққа шығармауда. Күннің бетіндегі дақтар да үлкейе түсуде. Бұл жақсылық емес" дейді ол.

Жалпы, күннің бетіндегі дақтар пайда болғанын біздің дәуірімізге дейінгі 4-ғасырда өмір сүрген қытай аст­рономы Гань Дэ өз жазбаларына алғаш түсірген бо­латын. Содан бері ғалымдар күннен көзін "алмауда". Қа­зіргі ғалымдардың айтуынша, күн бетіндегі қара дақ­тар әртүрлі көлемде, әрі ол уақыт өткен сайын үлкейіп ба­ра жатқан көрінеді.

Бұған дейін осы мәселемен айналысқан орыс ғалымдары Александр Чижевский мен Лев Гумилев "Күннің бетіндегі дақтың жер бетіне әсері өте зор" деген тұжырым жасаған. Себебі дақтардың кесірінен магниттік дауыл пайда болып, ол жер бетіне жеткен кезде түрлі оғаш оқиғаларға бастау болады-мыс.

Адамдардың жаппай бас ауруы, қан қысымының көтерілуі, я болмаса төмендеуі сондай-ақ түрлі агрессиялық әрекеттер бәрі магнитттік дауылдың зардабы екен.

Бұл – ақиқат. Мұнымен медици­на ғылымы да келіседі. Жалпы, магниттік дауылға байла­нысты Александр Чижевский көп зерттеулер жасаған. Оның есебі бойынша магниттік дауыл кезінде жер бетінде ірі соғыс, қақтығыс бел алады екен. Мәселен, бірінші Дүниежүзілік соғыс, Азамат соғысы, Екінші дүниежүзілік соғыс баста­лар алдында жер беті қатты магниттік дауыл­дың шыр­мауында қалған көрінеді.

Жалпы, Күн бе­тіндегі дақтардың көбеюі жер бетінде қанды жанжал­дардың санының артуына жол ашады екен. Соңғы жиырма жыл­да дақтардың ұлғаюы, адамзатты үлкен әбігерге салуда. Жер бетінде "ыстық нүктелер" артты. Мәселен, Югос­лавия, Ауғанстан, Шешенстан, Ирак, Сирия, Ливия, Мысыр, т.б. Бұл атал­ған жерлердің бәрінде қанды қа­саптар орын алды. Жағ­дай ушықты.

Ғалым Александр Коноваловтың пікірінше, мұның бәрі әзірге "ойыншық" көрінеді. Нағыз тозақ алда-мыс. Дұрысы 70 жылдан кейін болмақ. Күн қыза келе 2080 жылы жарылып кету қаупі бар. Әрине, оған дейін күн бетінде көтерілген магниттік дауылдардың кесірінен адамдар арасында түрлі аурулар ұлғайып, өшпенділік өрши түсетін көрінеді.

Адам санасы дағда­рысқа ұшырап, қаскөйлік әрекеттерге жиі бой алдыра береді екен. Соның бір мысалы ретінде, норве­гиялық Андрес Брейвиктің лагерьде жасаған қанды қасабы, АҚШ-тағы мектептегі атыс, т.б. Ал мұндай қанды қыр­ғындар алдағы уақытта көбейе бермекші. Өйткені адам­дар өзіне есеп беруді қояды.

Сөнуге айналған күн адам­дар­ды осындай өшпенділікке итермелейді-мыс. Сон­­­­­­­дай-ақ магниттік дауылдар адамдармен қатар жердегі ауа райына, техникаға да қатты әсері болмақ. Зауыт-фаб­рикаларда апаттың жиі орын алуы, судың тасуы, қуаң­шылық, өрт, қардың мол түсуі, эпидемиялардың өршуі -  бәрі-бәрі күн қызуының кесірі.

Коноваловтың пікірінше, жыл өткен сайын бұл жағдайлар асқына бер­мек. Ал мұ­ның арты 2080 жылы Күндегі ірі жарылыстың ке­сірінен Жер шары тұтас отқа оранбақ. Мұның арты бел­гілі... Жалпы, одан аман қалудың жолы бар ма? Белгісіз...

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/247928-galymdar-adamzatty-bolashakta-ne-kytip-tyrganyn-habarlady/

pixel