Қазақстан шайды ең көп ішетін елдердің ондығына енді
Жарияланған күні:
Қазақстан шайды ең көп ішетін елдердің ондығына енді, деп хабарлады bigpicture.ru. Аталған тізімге шайдың түр-түрін өндіретін Қытай мен Үндістан да ілікпеді.
Үндістанда мұндай жағдайдың болуы тұрғындардың басым бөлігінің тұрмыс жағдайының төмен болуынан, ал Қытайда шайды демдеудің дәстүрлі әдістерін пайдаланады. Бұл шайды үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар қытайлықтар көк шайды ұнатады. Оны бірнеше рет қайнатуға болады, сондықтан мұнда пайдаланған шайды әр тұрғынға шаққанда үлкен көрсеткіш шықпайды.
Ал Қазақстанда әр тұрғынға шаққанда шайды тұтынудың орташа көлемі - 1,54 келіден келеді. Орыс ғалымы М.Я.Киттары ХIХ ғасыр ортасында қазақтар шайды "уақытты пен орынды таңдамай" ішетінін жазған. Шынында да, Қазақстанда тамақтанғанға дейін де, одан кейін де, тіпті тамақтанып жатқан кезде де шай ішеді. Қонақтар келсе, тағы да барлығы дастархан басына шай ішуге жиналады.
Бүгінде Қазақстан тұрғындарының 99% күн сайын шай ішеді. Бұл адамдардың жартысы күніне бұл сусынның 4 кеседен астамын тұтынатынын білдіреді. Шай ішу қазақтың ұлттық дәстүріне айналды. Бір шыны шай ішуді ұсынған кезде одан бас тарту тәрбиесіздік ретінде саналады. Қазақстанда шай әзірлеудің сан алуан әдістері бар. Олардың кейбіреуі өзгелерге жат көрінуі мүмкін (мәселен, қаймақпен, тұзбен, талқанмен шай ішу).
Қазақстаннан басқа бұл тізімге Катар, Кувейт, Біріккен Араб Әмірлігі, Ұлыбритания және тағы басқа елдер енді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/345758-kazakstan-shajdy-en-kop-ishetin-elderdin-ondygyna-endi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.