Археологтар Иса пайғамбар өмір сүрген үйді тапты

Опубликовано:

Ұлыбританиялық археологтар Назарет қаласында жүргізген қазба жұмыстары барысында болжам бойынша Иисус Христос яғни Иса пайғамбар өмір сүрген үйді тапты, деп жазады Росбалт.

Иосиф пен Мария ананың өмір сүрген мекен-жайын қай жерден іздеу керектігі 19-ғасырдың соңында анықталған. Бірақ, ғалымдар оған бел шешіп, кірісе қоймаған.

Ғалымдар қазба орнынның суреттерін жариялады. Фотодан ескі тас қабырғаның қалдығын көруге болады.

Үй шамамен 1-ғасырда салынған деп болжанып отыр. Аңыз бойынша, Иса пайғамбар Назареттен кеткен соң оның үйінің орнына шіркеу соғылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/358026-arheologtar-isa-pajgambar-omir-syrgen-yjdi-tapty/

jitsu gif