Туристер ең аз баратын әлемнің 10 мемлекеті (фото)
Жарияланған күні:
Жыл сайын Дүниежүзілік туристік ұйым әлемдегі туристерге бай елдердің рейтінгісін шығарады. Аталмыш ұйымның мәліметтерін сараптай келе, bigpicture.ru сайты туристер ең аз кездесетін әлемнің 10 мемлекетінің тізімін жариялады.
10. Палау. (Фото: Mark Kenworthy / flikr.com)
Палау мемлекеті 328 мың аралдан құралады. Бұл Тынық мұхитындағы Каролин архипелагына кіретін аралдардың батыс бөлігі. Тұрғындарының саны бар-жоғы 20,9 мың адам. 2013 жылы Палауға 105 мың турист барған.
9. Молдова республикасы. (Фото: Dave Proffer / flikr.com)
2013 жылы Молдоваға 96 мың саяхатшы жол тартқан. Фотода: Оргеев немесе Орхей — Молдованың астанасы Кишиневтен 40 километр қашықтықта орналасқан қала.
8. Шығыс Тимор. (Фото: Frank Starmer / flikr.com)
Шығыс Тимор демократиялық республикасы. Малай архипелагындағы Тимор аралының батыс бөлігін алып жатыр. Мемлекет Австралиядан солтүстікке қарай 450 шақырым жерде орналасқан. Бұл әлемдегі ең кедей ел. 2013 жылы мемлекетке 78 мың турист келген.
7. Доминика. (Фото: Ken Bosma / flikr.com)
Бұл Кариб теңізі мен Атлант мұхиты аралығында орналасқан Пуэрто-Рикоға жақын аралдардың бірі. Аралды бай флорасы мен фаунасына қарап, көпшілік "Табиғат аралы" атап кеткен. 2013 жылы Доминикаға 78 мың саяхатшы жол тартқан.
6. Сент-Винсент және Гренадин. (Фото: Tom Erickson / flikr.com)
Кариб теңізінде орналасқан. Мемлекет Сент-Винсет және Гренадин тобындағы өзге 32 кішігірм аралдардан құралады. 2013 жылы 72 мың турист келген.
5. Ангилья. (Фото: jeremy_h/flikr.com)
Ангилья аралы өзге кішігірім аралдар тобымен бірге өзін-өзі басқаратын британдық аймақ деп есептелінеді. Аралдағы тұрғындардың саны - 13 мыңнан астам. 2013 жылы Ангильяға 69 мың саяхатшы келген.
4. Лихтенштейн. (Фото: paul bica / flikr.com)
Әлемнің ең бай мемлекеттерінің бірі. Төмен салықтар мен банк несиелеріне қатысты либералды саясат мемлекетті Еуропада ауқатты қылды. Өткен жылда Лихтенштейнге 60 мың турист келген.
3. Ниуэ. (Фото: Pia Waugh / flikr.com)
Ниуэ — әлемдегі ең ірі маржан аралдарының бірі, әрі өзін-өзі басқаратын мемлекет. 2013 жылы аралға 7000 турист келген.
2. Монтсеррат.
Жиі дауылдар, жер сілкіністері мен жанартаудың атқылауы салдарынан Кариб теңізіндегі бұл аралды көптеген тұрғындар тастап кеткен. Бұрындары ағылшындық, америкалық, канадалық туристердің сүйікті мекені болған аралға өткен жылы 7 мың саяхатшы ғана келген.
1. Кирибати. (Фото: Department of Foreign Affairs and Trade / flikr.com)
Кирибати республикасы - 33 маржан атоллдарынан құралған Тынық мұхитының аралдар тобы. 1979 жылы Ұлыбританиядан тәуелсіз мемлекет атанды. Кирибати — Мальдива, Тувалу сынды су астына кету қаупінде тұрған мемлекет. Өткен жыл ішінде Кирибатиге 6000 турист келген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/365003-turister-en-az-baratyn-elemnin-10-memleketi-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.