Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бала тәрбиесіндегі ата-ананың қателіктері

Опубликовано:

балалар
Бала тәрбиесіндегі ата-ананың қателіктері: pixabay.com

Ағылшындардың "балаларды тәрбиелеу қажет емес, есейгенде олар бәрібір өзіңізге тартады" деген мақалы бар. Осы нақыл сөзде бала тәрбиесіне қатысты бар шындық жатыр. Бүгінгі материалда балаларды тәрбиелеудегі қателіктер және оған жол бермеудің тәсілдері туралы жазатын боламыз.

Бала тәрбиесінде орын алатын ата-ананың қателіктерін "Намыс" порталы тізіп шықты.

Ата-ананың ұстанымы баланың мінез-құлқының қалыптасуына былайша ықпал жасайды екен.

Бірінші, билік айтқыш ата-аналардың балалары көбінесе мойынсұнғыш, сыпайы мінезді болып өседі.

Екінші, шектен тыс алаңдағыш ата-аналардың балалары көбіне аңқау, ырықсыз, қорқақ мінезді болып өседі.

Үшінші, қорғаштағыш ата-аналардың балалары қоғамдық қарым-қатынасқа шорқақ, ұстамды, орнықты болады.

Төртінші, баласын әлпештеп отыратын ата-аналардың балалары жүгенсіз, қарсылық көрсеткіш, ашушаң мінезді болып өседі.

Бесінші, ырқына көнгіш ата-аналардың балалары жауапкершіліксіз, тәртіпсіз, соқтыққыш, қырсық болып өседі.

Алтыншы, бала тәрбиесіне елеусіз қарайтын ата-аналардың баласы рақымсыз, тұрақсыз және жасампаздық қабілеті зор болады.

Жетінші, бәрінен қолын қаға беретін ата-аналардың балалары ашушаң, теріс азу, суық бауыр болады.

Сегізінші, қатігез ата-ананың ұрпағы қайырымсыз, еркін мінезді болып өседі.

Тоғызыншы, үнемі тәуелсіз көзқараспен жүріп-тұратын, өзіндік принциптері бар үлкендер тәрбиелеген бала еркін, ақкөңіл, қайырымды, ықыласты, қоғамдық байланысқа шебер болады.

Оныншы, бәрін өз дегенімен жасатқысы келіп, дара билеуді ойлайтын үлкендері бар үйде өскен бала иек сүйегіш, кербақпа, тұрақсыз, менмендігі күшті болып өседі.

Сондықтан, баланың тамаша мінезі мен ақаусыз санасын жетілдіру үшін ата-ана да өзін-өзі тәрбиелеп отыруы керек. Күнделікті отбасылық өмірде тамаша жүріс-тұрыс та, көңіл-күй де балаға әсер етеді.

Сонымен бірге назарларыңызға бала тәрбиесіне қатысты бес негізгі қателікті ұсынамыз.

Ата-аналардың көпшілігі бала тәрбиесінде көп қатеге бой алдырып қоятынын жоғарыда жазған едік. Алайда ол қателіктерге жол бермеудің де амалын қарастырған жөн. Осыған орай, келесі кеңестерге құлақ түріңіз:

Балаға манипуляция жасау

"Егер сен осы тоқсанды жақсы бағамен аяқтасаң, мен саған ойыншық сатып әперемін". Осы сынды уәдені кей ата-аналар балаларына үйіп-төгіп беріп жатады. Мұндай уәде арқылы олар баланың оқуға деген қызығушылығын арттырып, оны ынталандырамын деп ойлайды. Алайда бұл тәсіл көп жағдайда оң нәтиже бере бермейді.

Мәселен бір топ балаға ақ парақ пен фломастерлер таратты делік. Бірінші топқа олар сурет салып болуды аяқтаған соң, сыйлықтар береміз деп уәде берген. Ал екінші топ суретті салып бітірген соң, аяқ астынан сыйлық алған. Сол сияқты үшінші топ тіпті ешбір сыйлықсыз сурет салған.

Екі апта өткен соң, үшінші және екінші топ суретті бан ынтасымен салса, алғашқы топ сурет салуға қызығушылық танытпаған. Біз балаға манипуляция жасау арқылы, оны тек қаламайтын дүниесін жасауға итермелейтінімізді, оған шынайы эмоция сыйлай алмайтынымызды түсінуіміз абзал.

Физикалық тұрғыда жазалау

Көптеген психологтың пікірінше, қандай да бір физикалық жаза болмайды, тек физикалық тұрғыда күштінің әлсіздерге көрсететін зорлық-зомбылығы ғана болады Және оған ешқашан да жол беруге болмайды.

Мысалы сіздің балаңыз сізге ұнамайтын нәрсені жасаса, оған айғайлап, оның намысына тиюдің қажеті жоқ. Сол себепті телефон, планшет сынды гаджеттерді бермей қойыңыз, сонда ол екінші рет мұндай тәртіпсіздікке бармайтын болады.

Баланы бір нәрсе үшін жақсы көру

Бала көп жағдайда оның біздің өмірімізде бар болғаны үшін ғана жақсы көреді. Ал оның бойындағы сізге ұнамайтын қасиеттер мен мінезі – көбінесе өзіңіздің бойыңыздағы кемшіліктер болуы мүмкін. Сондықтан баланы кінәламастан бұрын, өзіңіздің жүріс-тұрысыңыз бен айтқан сөзіңізді сүзгіден өткізіп алыңыз.

Барлығына тек бір баланы кінәлау немесе үйдің тұңғышына бар жауапкершілікті үйіп-төгіп беру

Көбінесе ата-аналар тұңғыштарынан кейін іні-қарындастары дүниеге келген соң, үйдің үлкеніне бар жауапкершілікті үйіп-төгіп беріп, мойнына артып қояды. Сол себепті үйдің үлкені ата-анасы өзін бұрынғыдай жақсы көрмейді, үйдегі кіші балаларға көп көңіл бөледі деп ренжуі мүмкін.

Баланы үнемі бақылауда ұстау

Баланың әрбір қадамын бақылау, оның өзгелердің пікіріне жалтақтап қарай беруіне әкеп соқтыруы мүмкін. Неге дерсіз? Себебі балада өзінің пікірі, көзқарасы қалыптасып үлгермейді.

Қазіргі таңда балаларды тәрбиелеу - күрделі іске айналған. Себебі ересектер оларды барынша түсініп, оның деңгейіне түсіп, ішкі жан-дүниесін тереңінен түсіне алмай жатады. Сондықтан балаларды алдап-сулап ұстап, онымен ортақ шешімге келіп үйреніңіз. Нәтижесінде сіз балаңыз жіберген қателіктерге кешіріммен қарап, жалпы балаңызды тәрбиелеу процесін ретке келтіре аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/976385-bala-tarbiesindegi-ata-ananynh-qateli/

pixel