Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемнің әр бұрышындағы ең сұлу арабтар мен берберлер

Жарияланған күні:

Арабтар - әлемдегі ең көп тараған халықтардың бірі. Олардың саны 350-450 миллион адамға дейін барады. Америкалық зерттеуші Майкл Харт Мұхаммед пайғамбарды адамзат тарихындағы ең ықпалды тұлға деп атаған. Араб халқы ықпалдылығымен ғана емес, аруларының сұлулығымен де әлемге танылған.

NUR.KZ порталы top-antropos.com-ға сілтеме жасап әлемнің ең сұлу арабтары мен Солтүстік Африкада арабтарға жолығып, ислам дінін қабылдаған берберлердің фотоларын назарға салады.

Ең сұлу Сауд Арабия аруы - құқық қорғаушы, модельер әрі теле жүргізуші Муна Абу Сулейман / Muna AbuSulayman.

1973 жылы 16 мамырда АҚШ-та дүниеге келген.

Ең сұлу Ирак арабы - әнші Рахма Рияд / Rahma Riyad.

1987 жылы 19 қаңтарда Иракта дүниеге келген.

Ең сұлу кувейттік араб - тележүргізуші Хесса Аль Лоугани / Hessa Al Loughani.

1982 жылы 10 ақпанда дүниеге келген.

Ең сұлу ливандық араб - әнші Мириам Фарес / Myriam Fares

1983 жылдың 3 мамырында Ливанда дүниеге келген.

Ең сұлу палестиналық араб - Иордания патшайымы Рания Аль-Абдулла.

1970 жылы 31 тамызда Кувейтте дүниеге келген. Иорданиялық ханзада Абдуллаға тұрмысқа шығып, ханшайым, кейін патшайым атанады.

Ең сұлу израильдік араб - Ханин Зоаби / Haneen Zoabi.

1969 жылы 23 мамырда Израильде дүниеге келген. Саясаткер, кнессет (израильдік үкімет) депутаты.

Ең сұлу иорданиялық араб - әртіс Маис Хамдан / Mais Hamdan.

БАӘ-де дүниеге келген. Әкесі - иорданиялық, анасы - ливандық.

Ең сұлу сириялық араб - әртіс Сулаф Фавакерджи / Sulaf Fawakherji.

1977 жылы 22 шілдеде Сирияда дүниеге келген.

Ең сұлу мысырлық араб - әртіс әрі модель Арва Гоуда / Arwa Gouda.

1984 жылы 27 қыркүйекте Сауд Арабиясында дүниеге келген. "Жер аруы-2004" байқауында Мысырдың атынан шығып, жартылай финалға дейін жеткен. Сол жылы Best Model of the World 2004 байқауын жеңіп алады. Бойы - 174 см, салмағы - 51 келі. Дене бітімі - 86/66/89.

Ең сұлу ресейлік араб - Ширин Аль-Анси (4 маусым 1993 жыл, Қазан).

Әртіс, әнші әрі "Татар қызы-2011" байқауының жеңімпазы. Әкесі - араб, анасы - татар.

Ең сұлу алжирлік араб-бербер - модель Шаинез Зерруки / Chahinèze Zerrouki.

Бойы 177 см, Дене бітімі: 82/61/90.

Ең сұлу марокколық бербер - әнші Мона Амарша / Mona Amarsha.

1988 жылы 1 қаңтарда Касабланкада дүниеге келген. Әнші ретінде Mona альбомы үлкен танымалдыққа ие болған.

Ең сұлу тунистік араб-бербер - әртіс Дорра Зарроук / Dorra Zarrouk.

1980 жылы 13 қаңтарда Тунисте дүниеге келген.

Ең сұлу филиппиндік араб - Мария-Энн Умали / Marie-Ann Umali.

"Әлем аруы-2009" байқауында Филиппиннің атынан шыққан.

Ең сұлу америкалық араб - әртіс Шеннон Элизабет Фадаль / Shannon Elizabeth Fadal.

1973 жылы 7 қыркүйекте АҚШ-та дүниеге келген.

Ең сұлу колумбиялық араб - әнші Шакира (1977 жылы 2 ақпанда туылған, Колумбия).

Колумбияның ең үздік әншісі. Толық аты - Шакира Изабель Мебарак Риполл. Шакираның бойы - 157 см.

Ең сұлу мексикалық араб - әртіс Сальма Хайек / Salma Hayek (1966 жылы 2 қыркүйекте туылған, Коацакоалькос, Мексика).

Әкесі - ливандық. Анасы - испандық.

Ең сұлу британдық араб-бербер - әртіс Симон Лабиб / Simone Lahbib.

1965 жылы 6 ақпанда Шотландияда дүниеге келген.

Ең сұлу финляндиялық бербер - Сара Шафак / Sara Chafak (1990 жылы 25 қазанда туылған, Хельсинки, Финляндия).

"Финляндия аруы-2012" байқауының жеңімпазы. Елдің атынан "Ғаламшар аруы-2012" байқауына қатысқан.

Ең сұлу француз бербер - әртіс Изабель Аджани/ Isabelle Adjani.

1955 жылы 27 маусымда Парижде дүниеге келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/996563-alemninh-ar-buryshyndaghy-enh-sulu-arabta/