Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балаға күнделікті қойылатын маңызды сұрақтар қандай?

Опубликовано:

Жазушы психолог Джейми Харрингтон балаға күнделікті қойылатын маңызды сұрақтардың жауабын тапты. Ол төмендегі төрт сұрақ деп жазады anabol.kz.

1. Сенің бүгінгі күнің қалай өтті?

Егерде балаңызға қойылған сұрақ ұнамаса немесе жауап бергісі келмесе қинамаңыз келесі күні айтса да өз еркі. Өзіңіз бүгінгі менің күнім осылай өтті деп айтсаңыз, ұялшақ тұйық балаларың өзі жан дүниесіндегісін сізге айтатын болады.

2. Сенің достарыңның жағдайы қалай?

Сіз балаңыздан өзінің дос тұтып жүрген досының жағдайы қалай деп сұраңыз, немесе жалпы достарын сұраңыз. Достарыңның ішінен саған қай досың ұнайды? Қай досыңмен мақтансың? Қай досың саған қуаныш сыйлады? Бұл сұрақтарды әр жағдайларда қолданып көріңіз.

3. Бүгінгі күніміз саған ұнадыма немесе қалай өтті?

Сіз күніңізді балаңызбен өткізссеңіз, жоспарсыз киноға немесе басқада жерлерге баратын болсаңыз, бұл - балаңызды қуантуы мүмкін, қиял ерекшелігіне де пайдалы. Бұл жағдайлар балаңыздың ауыр көңіл-күйінен шығыуына да пайдалы.

4. Менің саған көмегім қажет пе?

Балалар ұсақ-түйек жағдайлардың өзінде сізден көмек күтеді. Балаңызбен бірге сабақ орындауға, өз бөлмесін жинауға көмектесіңіз. Балаңызға әр жағдайда болмасын көмектесуге дайын болыңыз. Сіздің көмегіңізді түсінсін. Ұсақ-түйек жағдайларға шу шығармаңыз. Қысқаша айтқанда балаңызбен бірге қадам жасаңыздар.

Кеңес: Көңіл-күйіңіз жоқ уақытта балаңыз сізге қандайда бір жағдайды айтқысы келсе немесе сізден бір нәрсені сұрағысы келсе, онда кейін сөйлесеміз деп түсіндіріңіз. Балаңызды құшақтаңыз немесе қолыңызға алыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1061954-balagha-kundelikti-qoyylatyn-manhyzdy/

pixel