Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүктілік кезіндегі секпілден қалай құтылуға болады?

Опубликовано:

Көптеген әйелдерді ауыраяқ кезінде пайда болып, босанғаннан кейін де теріде қалып қоятын пигментті дақтардан – секпілден құтылудың жолдары ойландырады. Секпіл, әсіресе, көктем кезінде қарақоюланып, көзге бірден түсіп тұрады. Жүктілік кезіндегі секпілден құтылудың жолдарын anabol.kz сайты тізбектейді.

Секпіл бетке, мойынға, арқа мен қолға шығады. Жүкті әйелдерде ағзадағы жалпы гормональді өзгерістер салдарынан пайда болған пигментті дақтар, әдетте, босанғаннан кейін бірнеше ай кетпей жүреді.

Жүктілік кезінде бетке мұндай дақтардан арылуға арналған арнайы кремдер жағып, маскалар жасаудың жөні бөлек. Десе де, крем жаққанда оның құрамына аса мән беру керек. Өйткені кремдердің көбінің құрамдарында жатырдағы ұрық пен омырау сүтіне кері әсерін тигізетін қауіпті қоспалар болады. Сондықтан да қандай да бір кремді жақпастан бұрын дәрігер кеңесіне құлақ түріңіз.

Секпілден қалай арылуға болады?

1. «Скинорен» кремі пигментті дақтардан құтылуға көп көмек бола алады. Беттің терісін тегістеп, секпілденген аумаққа ашық рең береді.

Лимон немесе грейпфрут, сондай-ақ қияр, қызылқат шырынымен секпілді сүрткен жөн.

2. Егер теріңіз құрғақ болса, лимон шырынын қолданбай-ақ қойғаныңыз абзал. Ол теріні одан ары құрғатып жібереді.

3. Жүктілік кезінде фолий қышқылын (фолацин) тағам құрамында немесе дәрумен түрінде пайдаланған абзал.

4. Қышқыл сүт те теріні жақсы ағартады. Сондай-ақ омырау сүтімен де пигментті дақтарды сүртуге болады.

5. Жүктілік кезінде анар жемісін де дақтарға қарсы пайдаланған жақсы.

6. Аскөк қайнатпасының да секпілден арылуға септігі көп. Ол үшін туралған ас қасық аскөкті стакандағы қайнаған ыстық суға салып, - сағатқа қоямыз. Салқындаған тұнбаны мұз қатырғыш формаларға құйып, тоңазытқышқа қою керек. Содан кейін дайын болған мұз түйіршіктерімен беттегі пигментті дақтарды сүрту керек.

7. Қияр шырынының да бетті ағартатынын айттық. Ол сонымен қатар теріні тазартып, сергектік сыйлайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1064647-zhuktilik-kezindegi-sekpilden-qalay-q/

pixel